Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";
156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"156) басқа мемлекеттік органдардың рұқсаттар және хабарламалар саласындағы қызметін үйлестіру;";
158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"158) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іске асыру, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту;";
165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"165) кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;";
171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"171) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;";
174) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"174) кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімдерін жүргізу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |