"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы", "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мен "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы", "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бақылау кеңестерінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |