"2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 832 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы

      2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 17-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – дербес деректер субъектісінің атына тіркелген жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша, дербес деректер субъектісінде бар мүліктік сипаттағы міндеттемелер бойынша;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – азаматтықтың, тұрақты (уақытша) келуге (тұруға) құқық беретін құжаттардың болуы (болмауы), азаматтарды, үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды көші-қон есебіне қою немесе тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу, келуге құқық беретін визалар, жеке басын куәландыратын құжаттар беру мәселелері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – дербес деректер субъектісін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартумен байланысты мәселелер бойынша.

      2. Қазақстан Республикасының Сырты істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады