"Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 874 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірлері 52, 53 және 54-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

52

Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жаза тағайындау тетіктерін жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы наурыз

Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

53

Қылмыстық заңды Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, оның ішінде іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігіне мөлшерлес қылмыстық заң санкцияларын өзектілендіруді, қылмыстық жазаларды тағайындау және орындау тәртібін ұтымды етуді, қылмыстық процеске қатысушылардың мәртебесі мен өкілеттіктер шеңберін қайта қарауды, төрешілдік пен сөзбұйдаға салуды төмендету үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жаңғыртуды көздеп оңтайландыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы наурыз

Әділетмині, БП (келісу бойынша), ІІМ, ЖС (келісу бойынша), Әділетмині, СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша)

54

Жазалардың қосымша түрлерін трансформациялап, жасалғаны үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде қосымша жаза түрін міндетті түрде тағайындау көзделетін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары ретінде қолдану мүмкіндігін белгілеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы наурыз

Әділетмині, БП (келісу бойынша), ІІМ, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

      ";

      реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67

Қоғамдық жұмыстарға байланысты жазаны орындауға, оның ішінде сотталғандар үшін арнайы айырым киімін киіп жүру міндетін енгізу арқылы жариялылық элементтерін беру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы наурыз

ІІМ, Әділетмині, БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), ЖАО

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады