"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 891 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Ұлттық почта желісі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген) почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес орналастырылатын, қызметтер көрсету үшін жабдықталған және пошта байланысының стационарлық бөлімшелері түрінде жұмыс істейтін Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері

      ";

      "Ғарыш саласының объектілері" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:

      "

12.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (Астана қаласы)

13.

Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (Астана қаласы)

14.

Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешені (Астана қаласы)

15.

ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан ақпарат қабылдауға, оны өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені (Астана қаласы)

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "

Ғарыш инфрақұрылымы

1.

"Боран" орбиталық кемесі:
1. Зауыттық нөмірі 2К1 11Ф35 бұйымы.
2. Зауыттық нөмірі МТ 11Ф35 бұйымының макеті.

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады