Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бурабай" республикалық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 913 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бурабай" республикалық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады