Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық жемісті қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:
"Эстрада" номинациясы бойынша | ||
Құснадин | - | Астана қаласы әкімдігінің "Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі; |
Омаров | - | "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі; |
"Классикалық музыка" номинациясы бойынша | ||
Расылхан | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының опера солисі; |
Алтынбек | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі; |
"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша | ||
Сәденов | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы; |
Қамажан | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі; |
"Әдебиет" номинациясы бойынша | ||
Талапов | - | "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері; |
Төлтай | - | "Jana Bastau" газетінің бас редакторы; |
"Театр және кино" номинациясы бойынша | ||
Серікболова | - | Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы; |
Әбіл | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Көркем әдебиет және ғылыми қор" бөлімінің басшысы; |
"Спорт" номинациясы бойынша | ||
Асаубаева | - | шахматтан Қазақстан Республикасы әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі; |
Әбдімәлік | - | шахматтан Қазақстан Республикасы әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі; |
"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша | ||
Төлеп | - | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ассистенті; |
Жабағин | - | Алматы қаласы білім басқармасының "№ 199 мамандандырылған гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі; |
"Журналистика" номинациясы бойынша | ||
Әбделиев | - | "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының жүргізуші-редакторы; |
"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша | ||
Набиева | - | "Қазақша сөйлейік" клубының жетекшісі; |
Жұмырбаев | - | "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы; |
"Ғылым" номинациясы бойынша | ||
Егізбек | - | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының магистранты; |
Машуров | - | "Сулейман Демирель атындағы университет" мекемесінің аға оқытушысы. |
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2022 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600000 (алты жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |