Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына есім беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 938 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін № 40 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зейнолла Қабдоловтың есімі;

      2) "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "№ 41 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбіш Кекілбайұлының есімі;

      3) "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "№ 42 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады