"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1007 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыйлық мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан арнайы құрылған "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.

      Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және он бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.

      Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      Егер Комиссия мүшесінің сыйлық алуға өтінімдерді қарау кезінде тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) болса, Комиссия мүшесі сыйлық алуға өтінімдерді қарауға қатыспайды.

      Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Комиссияға еркін жазбаша нысанда хабарлайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады