Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1047 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 5-1-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 11-тармағына, 80-бабының 4-1-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1047 қаулысымен
бекітілген

Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабынын 5-1-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 11-тармағына, 80-бабының 4-1-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2-тарау. Ақшалай төлемді жүзеге асыру тәртібі

      2. Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге жүргізіледі.

      Ақшалай төлемді тағайындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияның осы мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу) салдарынан қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы мертігудің (жарақаттанудың, жараланудың, контузия алудың) қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқарумен себептік байланысы көрсетілген қорытындысы (қаулысы) негіз болып табылады.

      3. Алушыға ақшалай төлемді құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар (мекеме), азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жүзеге асырады.

      4. Ақшалай төлемді алу үшін оны алуға құқығы бар адамдар мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі баянат (өтініш);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) теңгедегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді;

      4) егер ақшалай төлем алуға құқығы бар адамның мүддесін заңды өкіл білдіретін болса, заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты ресімдейді және уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.

      Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда баянат (өтініш) ол берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.

      5. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы бөлімшесінің құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы ақшалай төлем алуға құқық беретін анықтамасы;

      2) қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) фактісін растайтын қызметтік тергеп-тексеру материалдары;

      3) әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) осы мертігуге (жарақаттануға, жаралануға, контузия алуға) байланысты немесе оның салдарынан қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы мертігудің (жарақаттанудың, жараланудың, контузия алудың) қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқарумен себептік байланысы көрсетілген қорытындысы (қаулысы);

      4) әскери қызметтен, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді қамтылуға тиіс жеке істі қалыптастырады.

      Жеке істі қалыптастыру үшін құжаттарды уәкілетті органның өзге құрылымдық бөлімшелері жауапты құрылымдық бөлімшенің сұратуы бойынша береді.

      Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның өзге құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.

      6. Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысын (қаулысын) алғаннан кейін баянат (өтініш) берген адамды бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      7. Егер:

      1) қызметкер не әскери қызметші "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемнің тағайындалуына құқылы болса;

      2) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде болғаны анықталса;

      3) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес пайдалану салдарынан болғаны анықталса;

      4) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне-өзі қандай да бір дене жарақатын салу (мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны белгіленсе, ақшалай төлемдер жүргізілмейді.

      8. Ақшалай төлем уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде тағайындалады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болған кезде жүргізіледі.

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаған кезде ақшалай төлем міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

      9. Ақшалай төлемді тағайындау баянат (өтініш) берілген сәттен бастап, бірақ ерте дегенде құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтен шығарылуына не жеке құрам (әскери бөлім, мекеме) тізімінен шығарылуына байланысты ақшалай үлес тоқтатылған күні жүргізіледі.

      10. Ақшалай төлем ағымдағы айда өткен ай үшін 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Желтоқсанда ағымдағы ай үшін ақшалай төлем 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      11. Ақшалай төлем:

      1) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;

      2) ақшалай төлем алушыға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған;

      3) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      4) ақшалай төлем алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

      Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген жағдайлардың туындауы тұрғысынан ақшалай төлем алушыларды мониторингтеуді жүзеге асырады.

      12. Ақшалай төлемді тоқтату уәкілетті органның шешімімен (бұйрығымен) төлемді тоқтатуға әкелген мән-жай туындаған айдан кейінгі айдан бастап ресімделеді.

      13. Банктік деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), банк шотының нөмірі) өзгерген, осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген оқиғалар туындаған жағдайда ақшалай төлем алушы он жұмыс күні ішінде ақшалай төлем алатын жердегі тиісті уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.

3-тарау. Ақшалай төлемді жүзеге асыру мөлшері

      14. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкеріне, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіге ақшалай төлем соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражат мөлшері өзгерген кезде тиісті уәкілетті орган ақшалай төлем алушыны хабардар етіп, ақшалай төлемді қайта есептейді.

      Ақшалай төлемді қайта есептеу уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде жүргізіледі.

      15. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісіне, кадетке, курсантқа, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттіге ақшалай төлем тиісті қаржы жылына белгіленген бір күндік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Ақшалай төлемдерден туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  Қызметтік міндеттерін (әскери
қызмет міндеттерін) атқару
кезінде мертігуі (жарақаттануы,
жаралануы, контузия алуы)
салдарынан денсаулық жағдайы
бойынша қызметтен
шығарылған құқық қорғау
органдарының, азаматтық
қорғау органдарының,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметтің қызметкерлеріне,
арнаулы мемлекеттік
органдардың курсанттарына,
тыңдаушыларына,
қызметкерлеріне, әскери
қызметшілерге ақшалай төлемді
жүзеге асыру қағидалары мен
мөлшеріне
1-қосымша
  Кімге: __________________
  (ақшалай төлемді жүзеге
асыратын уәкілетті органның
басшысына)
  Кімнен: ________________
  (өтініш иесінің Т.А.Ә.
(бар болса) мекенжайы ____________________
  тел: _________________

Баянат (өтініш)

      Сізден ____________________________________ қызметтік міндеттерімді Т.А.Ә. (бар болса)

      (әскери қызметтік міндеттерімді) атқару кезінде мертігуіме (жарақаттануыма, жаралануыма, контузия алуыма) байланысты ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. ____________________________

      2. ____________________________

      3. ____________________________

      Тегім, атым, әкемнің аты (бар болса), банктік шот нөмірі, азаматтығым, тұрақты тұратын жерім өзгерген жағдайда бұл факт туралы тиісті уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етемін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді алуға келісім беремін.

      Арыз иесінің қолы _____________.

      Күні: ______ жылғы "___" _________.

  Қызметтік міндеттерін (әскери
қызмет міндеттерін) атқару
кезінде мертігуі (жарақаттануы,
жаралануы, контузия алуы)
салдарынан денсаулық жағдайы
бойынша қызметтен
шығарылған құқық қорғау
органдарының, азаматтық
қорғау органдарының,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметтің қызметкерлеріне,
арнаулы мемлекеттік
органдардың курсанттарына,
тыңдаушыларына,
қызметкерлеріне, әскери
қызметшілерге ақшалай төлемді
жүзеге асыру қағидалары мен
мөлшеріне
2-қосымша

Ақшалай төлем мөлшері туралы анықтама ___________________________________________________________________________ (оқиға болған күнгі лауазымының атауы мен сыныптық шені, арнаулы, әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)

      20____ ж. "_____" __________ ақшалай қаражат ___________________________,

      (ақшалай төлем алуға құқық беретін оқиға күні) (сомасы жазумен)

      оның ішінде лауазымдық айлықақы __________, сыныптық шені, арнаулы, әскери атағы бойынша айлықақы _____________ құрады.

      Анықтама қызметтік міндеттерді (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге ақшалай төлем тағайындау үшін берілді.

      М.О.

      Қаржы қызметінің бастығы (бухгалтер) _____________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады