Ұлытау облысында объектілерді салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1063 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ұлытау облысында объектілерді салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1063 қаулысына
қосымша

Ұлытау облысында объектілерді салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар


Р/с

Объектінің атауы

Көрсетілетін қызметтің/жұмыстың атауы

Жеткізушінің атауы

БСН

1.

Жезқазған қаласында көп қабатты 6 тұрғын үй салу

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Самға" ЖШС

070440005824

2.

Жезқазған қаласында көп қабатты 5 тұрғын үй салу

құрылыс-монтаждау жұмыстары
 

"Астана Премиум Строй" ЖШС
 

180240000983
 

3.

Жезқазған қаласында әкімшілік ғимарат салу

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Қаршыға-97" ЖШС

070540012474

4.

Жезқазған қаласындағы Абай атындағы дарынды балалардың мамандандырылған мектеп-интернатына 200 орындық жатақхана салу

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Қаршыға-97" ЖШС

070540012474


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады