Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында:
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген жобасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.
Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджет нақтыланған және (немесе) түзетілген жағдайда жүргізіледі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |