Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспардың 16 және 17-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.03.2023 № 173; 24.05.2023 № 398; 26.05.2023 № 410; 10.08.2023 № 662; 27.09.2023 № 839; 05.10.2023 № 869; 14.12.2023 № 1119 қаулыларымен.

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты адам

Әділет-мині

Үкімет

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.05.2023 № 398 қаулысымен.

2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.05.2023 № 398 қаулысымен.

3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

Б.Б. Омарбеков

4.

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

Б.Б. Омарбеков

4-1.  

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2023 № 410 қаулысымен.

4-2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2023 № 410 қаулысымен.

5.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

қаңтар

ақпан

наурыз

А.Қ. Мұқанова

6.

Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы

ІІМ

қаңтар

ақпан

сәуір

Е.С. Сәденов

7.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

қаңтар

ақпан

сәуір

Е.С. Сәденов

8.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

қаңтар

ақпан

сәуір

Е.С. Сәденов

8-1.

Масс-медиа туралы

АҚДМ

ақпан

мамыр

мамыр

Қ.Ж. Ысқақов

8-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

ақпан

мамыр

мамыр

Қ.Ж. Ысқақов

9.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

СИМ

ақпан

сәуір

маусым

А.А. Шакқалиев

10.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СИМ

ақпан

сәуір

маусым

А.А. Шакқалиев

11.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

ақпан

сәуір

маусым

А.Қ. Мұқанова

12.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

ақпан

сәуір

маусым

А.Қ. Мұқанова

13.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

наурыз

сәуір

маусым

Д.Р. Қадыров

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы
кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИИДМ

наурыз

сәуір

маусым

А.С. Ыдырысов

15.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ОМ

наурыз

мамыр

шілде

Ш.Т. Каринова

16.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

шілде

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

17.

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

Т.М. Савельева

17-1.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
 

ҰЭМ

шілде

шілде

қыркүйек

А.К. Әмрин
 
 

17-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы

ҰЭМ

шілде

шілде

қыркүйек

А.К. Әмрин
 
 

18.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТЖМ

шілде

тамыз

қазан

И.Д. Күлшімбаев

19.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СҚА

тамыз

қыркүйек

қараша

Ұ.С. Сарқұлов

20.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СҚА

тамыз

қыркүйек

қараша

Ұ.С. Сарқұлов

21.

Акваөсіру туралы

ЭТРМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Н.Қ. Шәрбиев

22.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭТРМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Н.Қ. Шәрбиев

23.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Д.Р. Қадыров

24.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТСМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

С.М. Жарасбаев

25.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 662 қаулысымен.

26.

Қазақстан Республикасының Су кодексі

ЭТРМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ғ.А. Азидуллин

27.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭТРМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ғ.А. Азидуллин

28.

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

ӨҚМ

қазан

қараша

желтоқсан

Т.Д. Қарағойшин

29.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ӨҚМ

қазан

қараша

желтоқсан

Т.Д. Қарағойшин

31

Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы

Қорғанысмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

М.Р Құсайынов

32

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

М.Р Құсайынов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады