Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 19 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 4-қосымша |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі | – | Директорлар кеңесінің төрағасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары | – | Директорлар кеңесінің мүшесі |
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы | – | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жалғыз акционерінің өкілі, Директорлар кеңесінің мүшесі |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы | – | Директорлар кеңесінің мүшесі |
Жәмішев | – | тәуелсіз директор |
Лука Сутера | – | тәуелсіз директор |
Джон Дудас | – | тәуелсіз директор |