ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 32 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 55 қаулысы..
3. "Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 769 қаулысы.