Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 0,8704 гектар жер учаскесі орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің электр беру желілерін салу үшін "Алтыналмас" АК" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – акционерлік қоғам) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Акционерлік қоғам (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің балансына бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 51 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
|
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орманмен |
орманмен көмкермеген | жайылым | өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,8704 | 0,2414 | 0,0442 | 0,4879 | 0,0969 |
Барлығы: | 0,8704 | 0,2414 | 0,0442 | 0,4879 | 0,0969 |