"Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 100 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде көрсетілген қаулымен бекітілген жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 59) тармақшамен толықтырылсын:

      "59) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 1.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құрылысы жоспарланған немесе құрылыс процесіндегі су шаруашылығы құрылыстары*:

      1) Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр станциялары каскады бар су құбыры;

      2) Ақсай өзенінің бассейніндегі сел ұстайтын бөгет;

      3) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 2;

      4) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 3.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады