Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 122 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын ("қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "3-1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады