Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 133 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде::

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеу функциялары салаларындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";

      13-тармақтың 25) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақтың 270) және 271) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия және картография, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректер және оларды қорғау, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша басшылықты, сондай-ақ жобалық басқару саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 245-2) және 245-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "245-2) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      245-3) мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту;".

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады