"Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 161 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы

      Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырсын.

      2. Уәкілдің негізгі мақсаттары халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады