"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 165 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3.2-жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Атырау облысының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 34.3-жол алып тасталсын;

      "Түркістан облысының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 179-1.48-жол алып тасталсын;

      "Алматы қаласының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 373-2.15-жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 122.1-жол алып тасталсын;

      "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 149-1.5-жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері тізіміне енгізудің өлшемшарттарында (қағидаттарында):

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Квазимемлекеттік сектор субъектісіне қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның оны мемлекеттің экономикалық мүдделерін ескеріп іске асырудың негізділігіне оң бағасының болуы шартымен мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуі оны жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері тізіміне енгізуге бастама жасау үшін негіз болып табылады:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады