"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 172 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару;";

      13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорлары қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыру;";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы мемлекеттік реттеу, сондай-ақ материалдық емес активтерді, этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді, мұнай өнімдері мен биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаржы активтерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жинақтау жөніндегі саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатын іске асыру;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес банкроттың (борышкердің) мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін және ұйымдастырушыны айқындау;";

      122) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "122) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 123-1), 123-2), 123-3), 123-4), 123-5), 123-6), 123-7) және 123-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "123-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы мәлімдемеу нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және банкрот деп тану туралы шешім нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысы қорытындысының нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-4) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-5) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-6) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-7) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      123-8) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 147-1) тармақшамен толықтырылсын:

      147-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялау;

      мынадай мазмұндағы 646-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "646-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғалардың қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалары бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 647-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "647-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғалар жіберген қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар, осындай хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;";

      649) және 650) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "649) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп, сондай-ақ қаржы басқарушысын тағайындау;

      650) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімін интернет-ресурста орналастыру;";

      654) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "654) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына сыйақы төлеу туралы өтінішхат беру;";

      мынадай мазмұндағы 656-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "656-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредитордың арызы бойынша борышкердің әдейі банкроттығын анықтау тұрғысынан тексеру жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 658-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "658-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      661), 662) және 663) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "661) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша, банкроттықты және қаржы басқарушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;

      662) Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкерлер туралы ақпарат сұрауды жүзеге асыру және алу;

      663) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 663-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "663-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпарат ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 667-1) және 667-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "667-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:

      оларға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

      оларға қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;

      төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқалы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;

      667-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталында:

      оларға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

      оларға қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;

      соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы хабарландыруды;

      соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыруды орналастыру;";

      мынадай мазмұндағы 668-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "668-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкерге және кредиторға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен қаржы басқарушысының алып тасталғаны және осындай тізілімнен хабарлама алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа қаржы басқарушысының тағайындалғаны туралы ақпарат жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 669-1), 669-2), 669-3) және 669-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "669-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу;

      669-2) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату туралы сотқа өтінішхат жіберу;

      669-3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімі кезінде, сондай-ақ борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл ішінде борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;

      669-4) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттың мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің нәтижелерін жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 731-1) және 731-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      731-1) Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру;

      731-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы бекітуге ұсыну;

      мынадай мазмұндағы 758-12) және 758-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы тәртібін айқындау;

      758-13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сыртқы қарыздарының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын келісу;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 731-1) және 731-2) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады