"Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 192 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының 27 және 28-тармақтарының ережелері 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.";

      көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Бағалау деректерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы өтетін мемлекеттік органдарда бонустар төлеу осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда жергілікті атқарушы органдарда, тексеру комиссияларында және мәслихат аппараттарында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.

      Бонустар төлеу туралы өтініш 2023 жылғы 1 қарашаға дейін беріледі.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметші қайтыс болған жағдайда қызметті бағалау нәтижелері болған кезде мұрагерден өтемақы төлемдері болып табылатын бонустарды төлеу туралы оның (мұрагердің) банктік деректемелері көрсетілген өтініш қабылданады. Аударылған бонустарды мұрагерлер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ала алады.

      19-2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2023 жылғы 1 қаңтардан басталатын жұмыс кезеңі үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      Бонустар төлеу туралы өтініш есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасына дейін беріледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бонустарды төлеу осы Қағидалардың 19-1 және 19-2-тармақтарында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін қорытынды бағалау аяқталған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын түзету нәтижесінде айқындалады.

      Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бонустарының мөлшерін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:

      Мб = ЛА × 2 × Тп × НЖУ, мұндағы:

      Мб – бонус мөлшері;

      ЛА – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы;

      Тп – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің есепті кезеңде түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша пайызбен қорытынды бағалау нәтижеcі;

      НЖУ – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты пайызбен.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша (Тп) пайызбен қорытынды бағалау нәтижесі мынадай формула бойынша айқындалады:



      T – түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша қорытынды (орташа қорытынды) бағалау.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты мына формула бойынша айқындалады:



      А – есепті кезеңде жұмыс істеген жұмыс күндерінің нақты саны;

      В – күнтізбелік жылдағы жұмыс күндерінің саны.

      Есепті кезеңде жұмыс істеген жұмыс күндерінің нақты саны:

      жыл сайынғы кезекті ақылы демалыста болған уақытын;

      қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарында болған кезеңді;

      іссапарда болған кезеңді;

      мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ күнтізбелік 20 күннен аспайтын уақытты қамтиды. Бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңде еңбекке алғашқы уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап жүзеге асырылады;

      жалақысы сақталмайтын демалыста болған, бірақ есепті кезеңде күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақытты қамтиды. Бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңде жалақысы сақталмайтын демалыстың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақытын есептеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (адам) жүзеге асырады.

      30. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге:

      1) мемлекеттік әкімшілік қызметшіде және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіде есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес бонустар төлеу басталғанға дейін мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төленбейді.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу оған қатысты қылмыстық іс бонустар төлеу басталғанға дейін қозғалған жағдайда және қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот актісі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;

      3) есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі қанағаттанарлықсыз бағаланған кезде бонустар төленбейді.";

      мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:

      "31. Ақтап үкім шығарылған немесе қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонус олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша төленеді. Бұл жағдайда нақты жұмыс істелген уақыт есепті кезеңдегі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап ақтау үкімі шығарылғанға немесе қылмыстық іс тоқтатылғанға дейінгі уақытты да қамтиды.".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының бесінші, алтыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады