"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықтағы 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлiгiмен толықтырылсын:

      "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы" Қазақстан Республикасының театр, цирк, музыка өнері мен кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" (Заслуженный артист Казахстана) және (немесе) "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана) құрметті атағына ие болған адамдарға берiледi.";

      жоғарыда аталған өкімге 3-қосымшада:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы төсбелгісінің сипаттамасынан кейін "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ" құрметті атағы төсбелгісінің мынадай сипаттамасымен толықтырылсын:

      "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ" төсбелгісі диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында ұлттық ою-өрнегі бар арфаның суреті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңбері бойымен "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ" деген жазу орналасқан.

      Төменгі бөліктің артқы жағында лазерлік нақыштау арқылы нөмірді жазуға арналған орын бар.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған ені 20 мм тағанмен жалғанған.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы. Төсбелгінің шеттері ернеумен жиектелген.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады