"Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 246 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.".

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 246 қаулысымен
бекітілген
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 218 қаулысымен
бекітілген

"Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспары

      Бүгінгі күні кедейшілік пен жұмыссыздықтың нақты деңгейінің мәселелері бойынша мынадай жағдай байқалуда.

      1. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 5,3% құрады.

      Бұл ретте 13 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.) 2019 жылдан бастап күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық үлесінің өсуі байқалады.

      Осылай, 9 өңірде (Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы қ. және Шымкент қ.) көрсеткіш орташа республикалық деңгейден жоғары (5,2% және одан жоғары).

      2. ЖІӨ құрылымында басқа елдермен (Ресейде 39,8%; АҚШ-та 53%; ЕО-да 47,0%) салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте жұмысшылар еңбекақысының төмен үлесі байқалуда – 30,1%.

      Бұл еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктерге, жасырын жұмыссыздықтың болуына және соның салдарынан жұмыс істейтін кедейлер санының өсуіне байланысты (Қазақстан – 32,7%, Әзірбайжан – 39,7%, Ресей – 30,7%, Греция – 13,4%) байланысты проблемалардың болуына негізделген.

      3. Халық табысының ағымдағы жай-күйінің келеңсіз үрдісі байқалуда. Номиналды табыстың 2010 жылғы 39,2 мың теңгеден 2022 жылғы 3-тоқсандағы 152,5 мың. теңгеге дейінгі оң серпініне қарамастан, халықтың нақты табысының өсу қарқыны төмендеп барады (2019 жылы 6,4%, 2020 жылы 4,3%, 2021 жылы 4,1%, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,5%). Бұл экономикалық өсудің баяулауына (2020 жылы – -2,5%, 2021 жылы 4,3%, 2022 жылдың 11 айында 2,7%) және 2023 жылы сақталатын жоғары инфляциялық қысымға (2020 жылы 7,5%, 2021 жылы 8,4%, 2022 жылдың желтоқсанында 20,3%) байланысты. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсандағы азық-түлік инфляциясы 25,3%-ды құрағанын және халықтың төлем қабілеттілігіне айтарлықтай әсер ететінін ерекше атап өткен жөн.

      4. Өңірлер арасында ЖӨӨ бойынша алшақтық сақталып отыр. Мысалы, егер ЖӨӨ деңгейі бойынша 2010 жылы Алматы қаласы Солтүстік Қазақстан облысынан 8,7 есе көп болса, 2022 жылы алшақтық 10 есе мөлшерде болды.

      Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңірлік теңсіздіктегі алшақтық одан да жоғары. Мысалға, айталық, Атырау облысында бұл көрсеткіш 2022 жылы Түркістан облысы бойынша көрсеткіштен 17 есеге көп болды.

      5. Нақты табыстың тұрақты оң серпініне қарамастан (2015-2016 жж.қоспағанда), тоғыз өңірде (Түркістан, Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстары және Шымкент қ.) еңбек табысының төмен болу проблемасы байқалады, соның салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтудың үлесі жоғары.

      Бұған қоса, еңбек табысы салыстырмалы түрде жоғары екеніне қарамастан, төрт өңірде (Атырау, Маңғыстау, Астана қ., Алматы қ.) нақты табыстың өсуінің тұрақсыздығы проблемасы байқалады. Қалған төрт өңірде (Қарағанды, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қызылорда) нақты табыстың тұрақты өспеуі, еңбек табысының төмен болуы, өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғары болуы және халықтың кетуіпроблемасы байқалады.

      Қала мен ауыл тұрғындарының табыс құрылымындағы басты айырмашылық – еңбек қызметінің сипатында. Қала халқының табысы 65,6% жалдау жұмысынан түскен табыстардан және 7,4% жалдамалы емес жұмыстан (яғни, өз бетінше жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан) түскен табыстардан құралады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі 60,8% жалдамалы жұмыстан түсетін табыстан және 13,7% жалдамалы емес жұмыстан түскен табыстан тұрады (2022 жылғы 3 тоқсан бойынша деректер). Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс үлесі салмағының неғұрлым жоғары болуы қала тұрғындарына қарағанда, ауылдық жерлерге тән.

      Сондай-ақ, кедейшілік мәселесі мынадай мәселелермен күрделене түседі:

      Теңсіздіктің өсуі. Теңсіздіктің өсуі мен орташа және медиандық жалақы арасындағы алшақтықтың артуы байқалады, ол 1,5 есені құрап оытр (ЭЫДҰ елдерінде алшақтық 1,13-ті құрайды).

      Халық табысының тең бөлінбеу үрдісі бар. Үй қожалықтарының нақты табысының төмендеуі табыс деңгейі ең төмен топтарға әсерін тигізіп, табысы жоғары топтарға мүлдем әсер етпеген. Табысты квинтилдік топтар бойынша бөлу 5-ші кірістер тобының (табысы жоғары халық) жалпы табыс жиынтығы үлесінің ұлғаюы есебінен 2-ші, 3-ші квинтилдік топ табысының үлесі азайғанын көрсетеді, бұл халықтың кірістер топтары арасындағы табысты бөлуде салыстырмалы мәнде теңсіздіктің бар екенін білдіреді. 2022 жылғы 3-тоқсанда табысы ең жоғары 20% халықта (3,8 млн адам бай адам) 39,0%-ға дейінгі табыс (2010 жылы – 37,94%), табысы ең төмен 20% халықта (3,8 млн. халықтың кедей тобы) табыстың 9,91%-ы (2010 жылы – 9,43%) шоғырланған. Халықтың қалған 60%-на жалпы табыстың 51,1% келеді. Жұмыс істейтін кедейлердің өсуі (жалдамалы жұмысшылар арасындағы кедейшілік). Халық табысының құрылымын талдау соңғы 10 жылда халықтың еңбек табысының үлесі 7,3 пайыздық тармаққа төмендегенін көрсетіп отыр (2010 жылғы 71,3%-дан 2022 жылғы үшінші тоқсанда 64%-ға дейін), ал әлеуметтік трансферттердің үлесі 7,2 пайыздық тармаққа өскен. 2015 жылдан бастап әлеуметтік трансферттердің өсуі (5,9 пайыздық тармаққа 22,5% дейін) мемлекет бюджетіне жүктемені күшейтетінін, бұл барлық қажеттіліктерді жабу әлеуетіне қауіп төндіретінін атап өткен жөн.

      Өнімсіз жұмыспен қамтудың жоғары үлесі. Бүгінде жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі (4,9 млн. адам) өнімділігі төмен еңбекпен айналысады және табысы төмен. Бұл ретте 3 млн жалдамалы жұмыскер жалақысы аз, өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді. Бұл экономикада жоғары деңгейдегі дағдыларды талап етпейтін жұмыс орындарының құрылуымен түсіндіріледі, мұның өзі өнімділік пен еңбекақы төлеуге әсерін тигізеді. Оның себебі табыстың өсуінде айтарлықтай әлеуеті бар өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе жоғары технологиялық кәсіпорындардың (жоғары өнімдерді шығаратын) нашар дамуында болып отыр. Осыған байланысты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, оның ішінде өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс күші дағдыларын арттыру талап етіледі.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы кедейшілік. Азаматтардың басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтудан жеткілікті табыс ала алмай отыр. 2022 жылғы 3-тоқсанда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,1 млн-нан астам адамы бар, олардың 49,5%-ы айына 100 мың теңгеден аз табыс табады, 3,4%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Экономиканың өнімділігі төмен салаларында жұмыспен қамтудың басым болуы. Қазақстанның жұмыспен қамту құрылымын қарастыра келе, 2022 жылғы үшінші тоқсанда 5,6 млн. адам немесе жұмыс істейтін халықтың 64,1%-ы өнімділігі төмен еңбекпен айналысқанынатап өткен жөн. Бұл ретте 3,9 млн. жалдамалы жұмыскер жалақысы аз, өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді.

      Тұтастай алғанда, нақты табыстың тұрақты өспеуі, еңбек табысының салыстырмалы түрде төмен болуы, өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғары болуы және халықтың кетуі болашақта нақты табыстың өсуі жөніндегі мақсаттарға қол жеткізбеу тәуекелдері болмақ.

      Бұл бағдарлама қазақстандық азаматқа, оның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

      Негізгі мақсат ретінде азаматтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыру қойылуда.

      Бағдарлама бюджет пен кәсіпорындар есебінен жалақыны тікелей арттыруға ғана емес, сонымен қатар адами капиталды дамытуға, кәсіби дағдыларды арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алатын орта және ірі кәсіпорындардың жалақыны арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

      Тиімділік пен атаулылықты арттыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың проактивті форматының тетігі енгізілуде.

      Әзірленген шаралар әрбір өңірде және әрбір азамат үшін әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыруға, сондай-ақ мониторингті жақсартуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

      Жоғарыда келтірілген талдауды ескере отырып, "Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді.

      Кешенді жоспарды іске асыру мынадай 5 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

      1) өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру;

      2) "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру;

      3) табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары;

      4) бюджеттен төленетін жалақыны арттыру жөніндегі міндеттемелер;

      5) халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

      Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам адам, оның ішінде 2,3 млн. жастар жұмысқа орнатылады, ЖІӨ-дегі еңбекақы төлеу үлесі 41,1%-ға дейін ұлғаяды (30,1%-дан), кедейшілік деңгейі 5%-ға дейін (5,3%-дан), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға (4,9%-дан) дейін төмендейді.


Р/с №

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

I. ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ

Күтілетін нәтиже:
947,7 мың адамды жұмысқа орналастыру, оның ішінде:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберіндегі іс-шараларды орындау арқылы – 107 мың; электрондық еңбек биржасы шеңберінде бос жұмыс орындары арқылы – 320,4 мың; қалалық және аудандық деңгейге дейінгі жеке бастамалар шеңберінде жұмыс орындарын құру арқылы – 341,8 мың; субсидияланатын жұмыс орындары арқылы – 152 мың;
2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қамтамасыз ету арқылы: халықтың әлеуметтік осал топтарын 9 мың грантпен қамтамасыз ету; жастар үшін жылдық 2,5%-бен 5,8 мың жеңілдікті микрокредитпен қамтамасыз ету; "Ауыл Аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде 11,7 мың кредитпен қамтамасыз ету

1

Халықты:
- ұлттық жобалар (оның ішінде "Жайлы мектеп", "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту");
- электрондық еңбек биржасы шеңберінде бос жұмыс орындары;
- қалалық және аудандық деңгейге дейінгі жеке бастамалар шеңберінде жұмыс орындарын құру;
- субсидияланатын жұмыс орындары шеңберінде жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
 

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 

2023 жылғы желтоқсан
 
 

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, АШМ, МСМ, ОМ, ҒЖБМ, ЭМ, СИМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, ДСМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 
 

ұлттық жобаларда көзделген қаражат шеңберінде

ұлттық жобалар шеңберінде

2

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қамтамасыз ету (халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар; жастар үшін жылдық 2,5%-бен жеңілдіктер; "Ауыл Аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде кредиттер)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жылғы желтоқсан
 

Еңбекмині, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

ұлттық жобаларда көзделген қаражат шеңберінде

ұлттық жобалар шеңберінде

II. "АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Күтілетін нәтиже:
1) ауылдық жерлерде халықтың әл-ауқатын жақсарту

3

"Ауыл аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде еңбек табысын арттыру. Іске асыру кезеңдері:
1) кезекті қаржы жылында кредит беру үшін ауылдық округтерді іріктеу және олардың скринингі;
2) ауылдық округтердің ЖҚШ микрокредит беру;
3) ауылдық округтерде кредит берілген ЖҚШ үшін сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру;
4) ауылдық округтерде құрылған кооперативтерді лизингке техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету;
5) кооперативтер мен ЖҚШ үшін үлгілік технологиялық карталар мен ұсынымдарды қалыптастыру;
6) кредит берілген ЖҚШ мен кооперативтерді басқарушыларды агро құзыреттерге оқыту;
7) кәсіпкерлерді агро құзыреттерге оқыту
8) ЭЦҚ көмегімен кредиттік өтінімдерді қабылдау және қарау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны әзірлеу;
9) жобаны іске асырудағы кедергілерді жою мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу (Бюджет кодексі, Жер кодексі, "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңы, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 ҚРҮҚ)
10) республикалық жобалық офис және өңірлік жобалық офистер басшыларын тиісті өңірдің Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейде бекіте отырып, өңірлік жобалық офистер құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
микрокредит беру туралы шарт
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат техника мен жабдықты лизингке беру туралы шарт
 
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 
 
 
 
 
 
оқытуға арналған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт
 
 
 
оқытуға арналған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт
цифрлық платформаны пайдалануға енгізу актісі
нормативтік құқықтық актілер
 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023-2029 жылдардағы желтоқсан
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
 
 
 
 
2023 жылғы желтоқсан
 
 
 
 
 
 
 
2023-2029 жылдарғы желтоқсан
 
 
 
 
 
 
 
2023 жылғы желтоқсан
 
2023 жылғы желтоқсан
 
2023 жылғы желтоқсан
 
2023 жылғы сәуір
 

1) облыстардың әкімдіктері, АШМ, "AMANAT" партиясы (келісу бойынша)
2) облыстардың әкімдіктері, АШМ, Қаржымині
3) облыстардың әкімдіктері
 
 
 
 
4) облыстардың әкімдіктері, АШМ, Қаржымині
 
 
 
 
5) АШМ, "ҰАҒБО" КЕАҚ (келісу бойынша), "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), облыстардың әкімдіктері
 
6) АШМ, "ҰАҒБО" КЕАҚ (келісу бойынша), "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), облыстардың әкімдіктері
7) ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), облыстардың әкімдіктері
8) ЦДИАӨМ, АШМ
 
9) АШМ, ҰЭМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҚДА, Әділетмині, облыстардың әкімдіктері
 
10) "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), АШМ, Еңбекмині облыстардың әкімдіктері

РБ, ЖБ көзделген қаражат шеңберінде
 
 
 
 
 
 
137 млн теңге

ағымдағы қаражат шеңберінде
 
 
 
 
 
 
 
РБ көзделген қаражат шеңберінде

III. ТАБЫС ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

Күтілетін нәтиже:
1) мемлекет алдындағы қарсы міндеттемелерін орындау арқылы мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алған кәсіпорындарда жалақыны орташа салалық деңгейден төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз ету
2) шамамен 2 млн адамды әлеуетті қамти отырып, ең төменгі жалақыны ұлғайту тәртібін айқындау;
3) Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу әдістемесін ұлғайту жағына қарай қайта қарау арқылы зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер алатын адамдар тобы табысының өсуі және халықтың сатып алу қабілетінің жоғарылауы
4) экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қаржылық қолдау арқылы 23 мың жұмыс орнын құру;
5) жыл сайын кемінде 7 кәсіпорынның өндірістік қуатын жаңғырту; есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысын ҚР ҰЭМ ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бір жұмыскердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес арттыру; өнеркәсіп грантын алған кәсіпорындардың экспорт көлемін 10 % - ға ұлғайту;
6) өңдеу өнеркәсібінде кемінде 100 жобаны пайдалануға беру арқылы 800 млрд теңге инвестиция тарту және 7 мыңнан астам жұмыс орнын құру;
7) ірі мұнай-газ компаниялары ТШО, ҚПО, НКОК әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыру;
8) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру арқылы ШОБ субъектілерінің шамамен 12 мың жаңа жұмыс орнын құруы (жыл сайын);
9) креативті индустрияларды дамытуды қолдау арқылы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, ШОК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ШОКС дамытуда өңірлердің дербестігін арттыру

4

Халықтың және жалдамалы жұмыскерлердің табысын арттыру және бизнестің мемлекет алдындағы қарсы міндеттемелерін орындау арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету:
1) еңбекақы төлеу қорының үлесін ұлғайту
2) жаңа жұмыс орындарын құру және ағымдағы жұмыс орындарын сақтау

мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шарт

2023-2029 жылғы
желтоқсан
 
 

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, СИМ, МСМ, ЦДИАӨМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

5

Ең төменгі жалақы деңгейін айқындау жөніндегі әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу

нормативтік құқықтық актінің жобасы

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді

талап етілмейді

6

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу әдістемесін ұлғайту жағына қарай қайта қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

нормативтік құқықтық актінің жобасы

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ

талап етілмейді

талап етілмейді

7

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында:
1) экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қаржылық қолдау
2) мыналар:
а) өнеркәсіптік гранттар ұсыну;
б) өңдеу өнеркәсібінде кемінде 100 жобаны пайдалануға беру
арқылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуды ынталандыру есебінен табысы анағұрлым жоғары өнімділігі жоғары жұмыс орындарын дамыту
3) ірі мұнай-газ компаниялары ТШО, ҚПО, НКОК әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыруы арқылы жұмыс орындарын құру

қаржылық қолдау көрсету туралы шарт
 
өнеркәсіптік гранттар беру туралы шарт
пайдалануға қабылдау актісі
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023-2029 жылғы желтоқсан
 
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
 
жыл сайын
 
 
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
 

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша), "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (келісу бойынша)
ИИДМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)
ИИДМ, АШМ, ЭМ
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша),
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ, сала кәсіпорындары

2023 жылы – 155 млрд. теңге;
 
2023 жылы – 1,6 млрд. теңге;
талап етілмейді;
 
 
жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық бағдарламалары шеңберінде айқындалған
 
 
 
 
 
 

РБ көзделген қаражат шеңберінде;
 
РБ көзделген қаражат шеңберінде;
талап етілмейді;
 
 
жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен

8

Мыналар:
1) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету;
2) креативті индустрияларды дамытуды мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу арқылы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру:
 

мемлекеттік қолдау көрсету туралы шарт
 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023-2024 жылдардағы
желтоқсан
 
2023-2025 жылдардағы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
МСМ, ҰЭМ, "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

талап етілмейді;
 
 
ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

талап етілмейді;
 
 
ЖБ қаражаты есебінен

IV. БЮДЖЕТТЕН ЖАЛАҚЫНЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Күтілетін нәтиже:
1) дәрігерлердің, орта медициналық персоналдың, спорт төрешілерінің, ғалымдардың, дінтанушылардың, исламтанушылардың, психологтардың, теологтардың, АҚДМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өндірістік персоналының (мемлекеттік БАҚ жұмыскерлеріне: "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Қазақ газеттері" ЖШС, "QAZCONTENT" АҚ), "Қазселденқорғау" ММ негізгі персоналының және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушыларының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, Апаттар медицинасы орталығы жұмыскерлерінің орташа жалақысын арттыру;
2) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларында ескерілетін өндірістік персоналдың жалақы қорын ұлғайту есебінен коммуналдық саладағы кадрлық әлеуетті дамыту, осы субъектілердің жалақысын электр энергетикасы, жылу энергетикасы, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау салалары жұмыскерлерінің орташа салалық жалақысының деңгейіне келтіру;

9

Тиісті салаларды дамытудың стратегиялық құжаттарына сәйкес азаматтық қызметшілердің орташа жалақысын арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023-2029 жылдардағы
желтоқсан
 

Еңбекмині, ДСМ, МСМ, ҒЖБМ, АҚДМ, ТЖМ, Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

599,1 млрд. теңге, оның ішінде:
2023 жылы – 199,7 млрд. теңге;
2024 жылы – 199,7 млрд. теңге;
2025 жылы – 199,7 млрд. теңге
326,7 млрд. теңге, оның ішінде:
2023 жылы – 108,9 млрд. теңге;
2024 жылы – 108,9 млрд. теңге;
2025 жылы – 108,9 млрд. Теңге
551,4 млрд. теңге, оның ішінде:
2023 жылы – 183,8 млрд. теңге;
2024 жылы – 183,8 млрд. теңге;
2025 жылы – 183,8 млрд. теңге
347,4 млрд. теңге:
2023 жылы – 115,8 млрд. теңге;
2024 жылы – 115,8 млрд. теңге;
2025 жылы – 115,8 млрд. Теңге
2023 жылы – 1,9 млрд. теңге;
2024 жылы – 2,9 млрд. теңге;
2023 жылы – 2,5 млрд теңге;
2024 жылы – 2,5 млрд теңге;
1 389 781 мың теңге:
2023 жылы – 319 769 мың теңге;
2024 жылы – 452 528 мың теңге;
2025 жылы – 617 484 мың теңге;
10,7 млрд теңге:
2023 жылы – 2,1 млрд теңге;
2024 жылы – 3,6 млрд теңге;
2025 жылы – 5 млрд теңге;
7 392 211 мың теңге, оның ішінде:
2023 жылы – 2 047 874 мың теңге;
2024 жылы – 2 438 543 мың теңге;
2025 жылы – 2 905 794 мың теңге;

РБ қаражаты шеңберінде ДСМ дәрігерлердің орташа жалақысын арттыруға;
МӘМС қаражаты есебінен;
РБ қаражаты шеңберінде ДСМ орта медициналық персоналдың орташа жалақысын арттыруға;
МӘМС қаражаты есебінен;
РБ қаражаты шеңберінде МСМ спорт төрешілерінің орташа жалақысын арттыруға;
РБ қаражаты шеңберінде ҒЖБМ ғалымдардың жалақысын арттыруға;
ЖБ қаражаты шеңберінде АҚДМ дінтанушылардың, исламтанушылардың, психологтардың, теологтардың орташа жалақысын арттыруға;
РБ қаражаты шеңберінде АҚДМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өндірістік персоналының (мемлекеттік БАҚ жұмыскерлері: "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Қазақ газеттері" ЖШС, "QAZCONTENT" АҚ) жалақысын арттыруға;
РБ қаражаты шеңберінде ТЖМ азаматтық қызметшілердің (құтқарушылардың) жалақысын арттыруға;
 
 

10

Коммуналдық саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жылғы желтоқсан
 

ҰЭМ, ЭМ, ИИДМ, ЭТРМ, Еңбекмині
 

талап етілмейді

талап етілмейді

V. ХАЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Күтілетін нәтиже:
1) интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау үшін жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын, оның ішінде интернет-платформалар негізінде жүзеге асырылатын нысандарын реттеу тетігін әзірлеу;
2) әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылмаған отбасылардың үлесін төмендетужәне отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейін арттыру үшін әлеуметтік қолдау құралдарын проактивті қолдану;
3) азаматтарға әлеуметтік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын тиімді және ашық ұсыну, отбасылардың табысын арттыру ("әлеуметтік әмиян" арқылы ӘМАТ - қа жеңілдіктер мен әлеуметтік бонустар беру есебінен-10-15% - ға дейін) үшін "әлеуметтік әмиян" біріздендірілген сервис арқылы халыққа әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің және ұсынудың белсенді форматын енгізу;
4) қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау үшін еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шараларын іске асыру;
5) әлеуметтік әріптестер айқындаған кәсіптер бойынша салалық сертификаттау пилотын іске қосу арқылы 100-ге жуық адамды тәуелсіз сертификаттау және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру;
6) 10 мыңға дейін ТжКБ оқушысын нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес даярлаумен қамту (кәсіпорындармен шарт);
7) жыл сайын шетелдік зауыттар мен ұйымдарда 500-ге дейінгі маманды тағылымдамадан өткізу және инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

11

Жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын, оның ішінде интернет-платформалар негізінде жүзеге асырылатын нысандарын (әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, салық салу мәселелерін қоса алғанда) реттеу тетігін әзірлеу

нормативтік құқықтық актінің жобасы

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, ИИДМ

талап етілмейді

талап етілмейді

12

Табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға қатысты әлеуметтік қолдау құралдарын проактивті қолдану

әлеуметтік көмек алуға үміткерлерге SMS-хабарламалар

2023-2029 жылғы
желтоқсан
 

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ
 

РБ, ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

РБ, ЖБ қаражаты есебінен
 

13

"Әлеуметтік әмиянға" есептеу жолымен халыққа әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің және ұсынудың белсенді форматын енгізу

электрондық үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді іске қосу

2023 – 2024 жылдардағы желтоқсан

ЦДИАӨМ, СИМ, ОМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

талап етілмейді

талап етілмейді

14

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау, сондай-ақ:
- саладағы ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақылар);
- разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
- ауыр жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін орындау бөлігінде салалық және өңірлік келісімдер шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шараларын іске асыру

салалық және өңірлік келісімдер

жыл сайын

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша), жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

15

Мыналар:
1) Әлеуметтік әріптестер айқындаған кәсіптер бойынша салалық сертификаттау пилотын іске қосу
2) ТжКБ ұйымдарында кадрларды нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес даярлау: кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлау
3) өңдеу өнеркәсібі орындарының отандық инженерлік-техникалық персоналының шетелдік зауыттар мен ұйымдарда тағылымдамадан өтуі арқылы кәсіптік дағдыларды дамыту жолымен өндірістік персоналдың табысын арттыру

өзара ынтымақтастық туралы келісім
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 
 
"Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым-дық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2023 жылғы шілде
2024 жылдан бастап масштабтау
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
 
 
2023-2029 жылдардағы желтоқсан
 

Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, Атырау облысы
Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Кәсіптік біліктілікті тану орталықтары
ОМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 
 
ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҒЖБМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді;
 
 
 
ЖБ көзделген қаражат шеңберінде;
 
 
 
Жыл сайын 4,2 млрд теңге, оның ішінде:
РБ – 2,1 млрд теңге (50%);
кәсіпорандардың өз қаражаты – 2,1 млрд теңге (50%);
бұл ретте әр маманға – 18000 АҚШ долл. (2000 АҚШ долл. – ұшуға, 16000 АҚШ долл. – 6 ай тұруға)

талап етілмейді
 
 
 
ЖБ қаражаты есебінен;
 
жеке инвестициялар;
 
РБ қаражаты шеңберінде және кәсіпорындардың өз қаражаты шеңберінде;

"ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ" КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

Күтілетін нәтиже:
1) "Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы" кешенді жоспарын сапалы іске асыру

16

"Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы" кешенді жоспары бойынша KPI жетістігіне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

жыл сайын есептіден кейінгі жылғы мамырдың соңына дейін
 

ҰЭМ, Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АШМ, ДСМ, ОМ, ҒЖБМ, СИМ, ЦДИАӨМ, МСМ, АҚДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

      Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру мынадай нысаналы индикаторларға жоспарлы түрде қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:



Мәні

Жауапты

факт

бағалау

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

2021

2022

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Халықтың табысын арттыру жөніндегі KPI

ЖІӨ-дегі еңбекақы төлеу үлесі, %

33,1

30,1

32,6

34,5

36,4

38,5

39,3

40,0

40,6

41,1

ҚР Үкіметі

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

22,6

23,3

24,7

26,1

27,6

29,2

29,8

30,3

30,8

31,2

АШМ, ЭТРМ

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

21,8

17

19,7

20,9

22

23,3

23,8

24,2

24,6

24,9

ИИДМ, ЭМ, ЦДИАӨМ

Өңдеу өнеркәсібі

27

27,3

27,7

29,3

30,9

32,7

33,4

34,0

34,5

34,9

ИИДМ, АШМ, ЭМ

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау

43,1

38,4

45,1

47,8

50,4

53,3

54,4

55,3

56,2

56,9

ЭМ

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет

55,7

52,9

56,9

60,2

63,5

67,2

68,5

69,8

70,9

71,7

ИИДМ

Құрылыс

42,5

39,1

46,1

48,8

51,5

54,5

55,6

56,6

57,5

58,2

ИИДМ

Бөлшек және көтерме сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

34,5

31,9

35,2

37,3

39,3

41,6

42,4

43,2

43,9

44,4

СИМ

Көлік және қоймалау

27,8

39,8

29,1

30,8

32,5

34,4

35,1

35,7

36,3

36,7

ИИДМ

Тұру және тамақтану жөнінде қызметтер көрсету

36,9

42,2

40,3

42,7

45

47,6

48,6

49,4

50,2

50,8

МСМ

Ақпарат және байланыс

39,3

47,8

40,4

42,7

45,1

47,7

48,7

49,5

50,3

50,9

АҚДМ, ЦДИАӨМ

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

7

8,8

7,5

7,9

8,3

8,8

9,0

9,1

9,3

9,4

ИИДМ

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

38,8

48,9

47,7

50,4

53,2

56,3

57,4

58,5

59,4

60,1

ИИДМ, ОМ, ҒЖБМ, ОМО

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

50,8

55,1

57,6

61

64,3

68,1

69,5

70,7

71,8

72,7

ҰЭМ, ОМО

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

77,5

77,8

77,2

81,7

86,2

91,1

92,9

94,6

96,1

97,3

МҚІА

Білім беру

73

81,7

77,3

78

79,2

81,1

82,7

84,2

85,6

86,6

ОМ, ҒЖБМ

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

58

63,8

63,3

67

70,7

74,8

76,3

77,7

78,9

79,9

ДСМ, Еңбекмині

Өнер, ойын-сауық және демалыс

52,9

55,8

61,8

65,4

69

73

74,5

75,8

77,0

77,9

МСМ

Өзге де қызмет түрлерін көрсету

27,2

22,5

35,4

37,5

39,5

41,8

42,6

43,4

44,1

44,6

ҰЭМ, Еңбекмині

Үй шаруасындағы адамдарды жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі; жеке тұтыну үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі

51,7

51,2

57,0

60,3

63,7

67,3

68,6

69,9

71,0

71,9

Еңбекмині

Еңбек қызметінен түсетін табыстың жалпы табыстағы үлесі, %

70,1

73,5

73,1

76,2

79,1

82,0

83,6

85,0

86,0

86,7

ҚР Үкіметі

Абай облысы

-

65,2

-

65,7

69,7

70,9

72,3

73,5

74,4

75,0

Абай облысының әкімдігі

Ақмола облысы

67,9

69,7

69,4

75

76,8

80,2

81,8

83,1

84,1

84,8

Ақмола облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

75,4

78,3

73,65

78

80,25

85,2

86,9

88,3

89,4

90,1

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысы

67,9

75,3

72,3

77,1

78,5

81,1

82,7

84,0

85,1

85,7

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысы

75,8

79

80,3

84,4

85,7

85,7

87,4

88,8

89,9

90,6

Атырау облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы

70,8

75,4

73,3

76,5

80,8

81,9

83,5

84,9

85,9

86,6

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

70,7

75,3

73,2

74,9

79,8

81,5

83,1

84,5

85,5

86,2

Жамбыл облысының әкімдігі

Жетісу облысы

-

70,6

-

72,3

73,6

76,0

77,5

78,8

79,7

80,3

Жетісу облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

71

73

67,9

75

77,2

82,5

84,2

85,5

86,5

87,2

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысы

69,4

71,6

70,4

75

77,3

82,4

84,0

85,4

86,4

87,1

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

69,3

70,9

71,4

73,9

77,2

80,6

82,2

83,5

84,5

85,2

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

80,8

81,7

79,5

81,6

85,2

87,7

89,5

90,9

92,0

92,7

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысы

74,8

77

71,9

78,5

83,5

85,3

87,0

88,4

89,5

90,2

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы

57,4

66,1

61

58,5

64,5

70,7

72,1

73,3

74,1

74,7

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Түркістан облысы

69,7

75,1

77,4

75,5

81,2

83,9

85,6

86,9

88,0

88,7

Түркістан облысының әкімдігі

Ұлытау облысы

-

76,7

-

78,8

81,1

86,7

88,4

89,8

90,9

91,7

Ұлытау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы

60,7

66,3

64,4

66,8

70,9

72,1

73,5

74,7

75,6

76,2

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Астана қаласы

74,3

77,4

78

80,4

83,9

85,3

87,0

88,4

89,5

90,2

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

68

70,6

74,2

75,3

77,5

78,8

80,4

81,7

82,6

83,3

Алматы қаласының әкімдігі

Шымкент қаласы

73,7

73,8

76,9

81,1

81,4

83,7

85,4

86,7

87,8

88,5

Шымкент қаласының әкімдігі

Жұмысқа орналастыру жөніндегі KPI

Жұмысқа орналасқандар саны, мың


968,8

981,5

-

450

450

480

480

480

480

480

ҚР Үкіметі

оның ішінде жастар, мың

-

-

-

200

240

280

325

415

420

420

ҚР Үкіметі

Кедейшілікті төмендету бойынша KPI

Табысы ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен халықтың үлесі, %

5,2

5,3

5,4

5,5

5,4

5,3

5,2

5,0

5,0

5,0

ҚР Үкіметі

Абай облысы

-

6,2

-

7,0

7,0

7,0

6,9

6,9

6,8

6,7

Абай облысының әкімдігі

Ақмола облысы

6,4

6,7

5,6

6,0

5,9

5,8

5,7

5,5

5,4

5,4

Ақмола облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

3,7

4,5

3,8

4,1

4,0

3,9

3,8

3,6

3,6

3,5

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысы

4,2

3,8

3,7

4,4

4,3

4,2

4,1

4,0

3,9

3,9

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысы

3,3

3,5

5,4

3,6

3,5

3,4

3,3

3,1

3,1

3,1

Атырау облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы

4,4

4,1

5,2

4,5

4,4

4,3

4,2

4,1

4,0

4,0

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

5,3

5,1

6,4

5,7

5,6

5,5

5,4

5,3

5,3

5,3

Жамбыл облысының әкімдігі

Жетісу облысы

-

5,3

-

7,0

7,0

7,0

6,9

6,9

6,8

6,7

Жетісу облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

3,2

3,5

2,3

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,4

2,4

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысы

3,4

5,1

6,0

4,2

4,1

4,0

3,9

3,7

3,6

3,6

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

5,5

4,9

5,4

5,5

5,4

5,3

5,2

4,8

4,7

4,7

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

8,6

8,8

5,7

8,8

8,7

8,6

8,5

8,4

8,3

8,1

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысы

3,9

4,1

3,7

4,2

4,1

4,0

3,9

3,7

3,6

3,6

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы

5,5

5,9

6

5,6

5,5

5,4

5,3

5,1

5,0

4,9

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Түркістан облысы

9,8

9,1

12,4

10,7

10,6

10,5

10,4

10,2

10,2

10,1

Түркістан облысының әкімдігі

Ұлытау облысы

-

2,0

-

2,0

2,0

2,0

1,9

1,9

1,8

1,7

Ұлытау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы

5,5

5,1

5,3

3,5

3,5

3,5

3,4

3,4

3,3

3,3

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Астана қаласы

2,2

2,2

1,9

2,5

2,4

2,3

2,2

2,0

2,0

2,0

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

5,2

4,5

4,8

5,1

5,0

4,9

4,8

4,6

4,6

4,6

Алматы қаласының әкімдігі

Шымкент қаласы

5,5

7,2

2,8

6,5

6,4

6,3

6,2

6,0

5,9

5,9

Шымкент қаласының әкімдігі

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,9

4,9

5,0

4,9

4,8

4,7

4,7

4,7

4,6

4,6

ҚР Үкіметі

Абай облысы

-

4,9

-

4,8

4,8

4,7

4,7

4,7

4,6

4,6

Абай облысының әкімдігі

Ақмола облысы

4,9

4,8

4,9

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

Ақмола облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысы

4,8

4,7

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

4,7

4,6

4,6

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысы

4,9

4,8

5,0

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Атырау облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы

4,9

5

5,0

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Жамбыл облысының әкімдігі

Жетісу облысы

-

4,7

-

4,7

4,6

4,5

4,5

4,5

4,4

4,4

Жетісу облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

4,5

4,3

4,6

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысы

4,8

4,8

5,0

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

4,9

5

4,9

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

4,9

5,3

5,1

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысы

4,8

4,7

4,9

4,8

4,8

4,8

4,8

4,8

4,7

4,7

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы

4,9

4,8

5,0

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Түркістан облысы

5,1

5,3

5,2

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Түркістан облысының әкімдігі

Ұлытау облысы

-

4,1

-

4,1

4

3,9

3,9

3,9

3,8

3,8

Ұлытау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы

4,8

4,8

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Астана қаласы

4,6

4,5

4,7

4,8

4,8

4,6

4,6

4,6

4,5

4,5

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

5,2

5

5,3

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Алматы қаласының әкімдігі

Шымкент қаласы

5

5

5,2

4,9

4,9

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

Шымкент қаласының әкімдігі


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


АҚДМ


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

АШМ


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Атамекен" ҰКП


"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ӘМАТ


әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Әділетмині           


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҚДА


Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ


"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БҚО


Батыс Қазақстан облысы

ҒЖБМ


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ


"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ДСМ


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖБ


жергілікті бюджет

ЖҚШ


жеке қосалқы шаруашылық

ЖІӨ


жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ


жалпы өңірлік өнім

ҚР


Қазақстан Республикасы

Қаржымині


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚПО


"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." филиалы

ҚРҮҚ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

"ҚДБ" АҚ


"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

мың


мың

млн


миллион

млрд


миллиард

МСМ


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

НКОК


"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы

ОМ


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

"Отбасы банк" АҚ


"Отбасы банк" акционерлік қоғамы

п.т.


пайыздық тармақ

РБ


республикалық бюджет

СИМ


Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

ТжКБ


техникалық және кәсіптік білім беру

ТЖМ
ТШО


Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
"Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҰЭМ


Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

"ҰАҒБО" КЕАҚ


"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы


ХҚКО


Халыққа қызмет көрсету орталығы

ЦДИАӨМ


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ШОКС


шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

ШОК


шағын және орта кәсіпорындар

ЭТРМ


Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭЦҚ


электрондық цифрлық қолтаңба

ЭЫДҰ


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

KPI


key performance indicators

"QazaqGaz" ҰК" АҚ


"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"QazIndustry" ҚИЭО" АҚ


"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады