Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 264 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы 1-бөлім. Паспорт


Атауы
 

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Әзірлеуге негіздемелер
 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев энергетика және инженерлік инфрақұрылым мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша берген 2022 жылғы 2 наурыздағы № 22-01-7.4 тапсырма, "озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, энергия үнемдеу саясатын өзгерту және экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысты"
2.6-тармақ

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Іске асыру мерзімдері

2023 – 2029 жылдар


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      Қазіргі заманғы энергия үнемдеу жүйесі негізінің қалануы 2012 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатының негізгі бағыттарын көздейтін "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының салалық Заңының (бұдан әрі – Заң) қабылдануымен басталды.

      Энергия үнемдеу саясатын құру үшін мемлекеттің отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану деңгейінің көрсеткіші ретінде ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай 2008 жылғы деңгейдің 25 %-ына төмендету мақсаты негіз болды.

      Бірінші кезеңде үлестеріне бастапқы тұтыну құрылымында елдің тұтынылатын ресурстарының ең көп бөлігі (36,9 %) тиесілі болған өнеркәсіптік және энергетикалық секторларға басты назар аударылды.

      Энергия тиімділігі саласындағы қызметті реттейтін және энергия үнемдеуді ынталандыратын 30-дан астам нормативтік құқықтық акт бекітілді. Мемлекеттік энергетикалық тізілім пәрменді құралға айналды, оның шеңберінде 81 мыңнан астам өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының, көлік және бюджеттік секторлар ұйымдарының энергия тұтынуына мониторинг жүргізілді.

      100 ірі өнеркәсіп орны энергия менеджменті жүйесін енгізді. 2 000-нан астам ұйым энергия аудитін өткізіп, оның қорытындысы бойынша 354 млрд теңге сомасына 8500 энерготиімді іс-шара іске асырылды. Іс-шараларды іске асыру осы кәсіпорындарда энергия тұтынуды жылына 2,6 млн тонна шартты отынға азайтуға мүмкіндік берді, бұл 17 мың мектептің жылдық энергия тұтынуымен мөлшерлес.

      Энергия үнемдеу саласын дамытудың келесі кезеңі энергосервистік келісімшарттар механизмі болды. 2015 – 2020 жылдары 71 млрд теңге сомасына энергиясервистік шарттар қағидаты бойынша 92 келісімшарт іске асырылды. Шарттардың негізгі бөлігі көшені жарықтандыру мен бюджеттік ұйымдардың жылыту жүйесін (қазандықтар, жылу пункттері және т.б.) жаңғырту бойынша жасалды.

      Энергия үнемдеу саласын дамытуға және энергия тиімділігін арттыруға инвестициялар тарту үшін екінші деңгейдегі банктер ұсынатын кредиттерге (қарыз сомасының 90 %-ына дейін) кепілдік беру шарттарын жасауға бағытталған энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржылық қолдаудың түбегейлі жаңа механизмі енгізілді.

      Энергия тиімділігі саясатын белсенді ұстанудың арқасында 2021 жылы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден 38,5 %-ға төмендетуге қол жеткізілді (2015 жылғы бағамен 0,52 м.б.т./мың доллардың орнына 2015 жылғы бағамен 0,32 м.б.т./мың доллар).

      Алайда Халықаралық энергетикалық агенттіктің шолуына сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы әлемдегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге (әлемдегі орташа көрсеткіш – 2015 жылғы бағамен 1000 $ шаққанда 0,17 м.б.т.), ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда 3,2 есеге (0,11) жоғары. Бұл ретте осы көрсеткіш бойынша біз Ресейден (0,53) және Өзбекстаннан (0,42) озықпыз.

      ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету үшін 2022 жылы "Энергия үнемдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына бюджет секторында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын күшейтуге ("энерготиімді" мемлекеттік сатып алу, энергия тұтыну мониторингімен толық қамту, бюджеттік ұйымдарға ұсынымдар беру), энергия үнемдеу мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың рөлін кеңейтуге, қызметтер сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, энергия аудиті жүйесін реформалау масатында санаттарға қарамастан профилактикалық бақылауды бармай ендіру есебінен бақылау субъектілерінің жауапкершілік деңгейін арттыруға, өндірілетін өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша жеке тәсілді енгізуге бағытталған түзетулер қабылданды.

      2.1. Өнеркәсіп

      Өнеркәсіп секторының ірі тұтынушыларымен жұмыс энергия үнемдеу саясатының қалыптасу кезеңінде оң нәтижелер берді.

      Халықаралық энергетикалық агенттік форматындағы отын-энергетикалық теңгерімге сәйкес 2021 жылы өнеркәсіп секторының энергия ресурстарын тұтынуы (оның ішінде, көмірді, мұнайды және газ өндіру мен өңдеуді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының жалпы бастапқы энергия тұтынуынан энергияның 38,5 %-ын (68,7 млн м.б.т.-ден 26,4 млн м.б.т.) құрады.

      2019 – 2021 жылдар аралығында өнеркәсіп секторының энергия тұтынуы 4,4%-ға өсті (2019 жылы – 25,3 млн м.б.т., 2020 жылы – 25,4 млн м.б.т., 2021 жылы – 26,4 млн м.б.т.).

      2021 жылы өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 %-ға (2019 жылы – 0,4 м.б.т./мың АҚШ доллары, 2020 жылы – 0,391 м.б.т./мың АҚШ доллары, 2021 жылы – 0,391 м.б.т./мың АҚШ доллары) төмендеді.

      Энергия үнемдеу саясатының сәтті іске асырылуына қарамастан, өнеркәсіп секторы әлі де болса энергия ресурстарының негізгі тұтынушыларының бірі болып қалуда. Жалпы түпкі энергия тұтыну (бұдан әрі – ЖТЭТ) құрылымында өнеркәсіп секторына энергия ресурстарының 30,3 %-ы тиесілі (тұтыну үлесі бойынша тұрғын үй секторынан кейінгі 2-орында).

      Энергияны аса көп қажет ететін салалар өңдеу және өндіру өнеркәсібі болып табылады, оларға өнеркәсіптік сектор ЖТЭТ-ның 90 %-дан астамы тиесілі. Өңдеу өнеркәсібі салаларының арасында ең көп энергия тұтыну қара және түсті металлургияға тиесілі.

      Жүргізілген энергетикалық аудиттердің нәтижелеріне сәйкес өңдеу өнеркәсібінің энергия үнемдеу әлеуеті 7 %-ды, өндіруші өнеркәсіптің – 5-тен 20 %-ға дейін құрайды.

      Қазақстан Республикасы өнеркәсіп орындарының елеулі әлеуеті себептерінің бірі технологиялық процестің ескіруі және жабдықтың физикалық тозуы болып табылады, ол 45-60 %-ға жетеді, бұл өндірістік қуаттың толық пайдаланылмауына және өндірістік желілердің энергияны жоғары үлестік тұтынуына алып келеді.

      Өнеркәсіптік сектордың проблемалары:

      энергия тиімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін ескірген жабдықтың пайдаланылуы;

      энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды ендірудің қаржылық мүмкіндігінің, сондай-ақ энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға арналған ынталандыру шаралары мен жеңілдікті шарттардың болмауы;

      тар бейінді білікті мамандардың жетіспеушілігі, сондай-ақ жергілікті жерлерде энергия тиімділігі мәселелерінде түсінушілік деңгейінің төмендігі.

      2.2. Энергетика

      ХЭА форматындағы ОЭТ сәйкес 2021 жылы энергетика секторының (көмір, мұнай және газ өндіру мен қайта өңдеуді қоспағанда) энергия ресурстарын таза тұтыну Қазақстан Республикасының жалпы бастапқы энергия тұтынуынан энергияның 21,7 % (68,7 млн м.б.т.-дан 14,97 млн м.б.т.) құрады.

      2019 – 2021 жылдар аралығында Энергетика секторының энергетикалық ресурстарын таза тұтынудың өсуі 19,2 %-ды құрады (2019 жылы 12,56 млн м.б.т., 2020 жылы – 11,05 млн м.б.т., 2021 жылы – 14,97 млн м.б.т.).

      2021 жылы энергетиканың энергия сыйымдылығы 2019 жылмен салыстырғанда 12,8 %-ға өсті (2019 жылы – 3,68 м.б.т./мың АҚШ доллары, 2020 жылы – 3,24 м.б.т./мың АҚШ доллары, 2021 жылы – 4,15 м.б.т./мың АҚШ доллары).

      Энергетика секторы жылу және электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау жөніндегі қызметті қамтиды.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім шеңберінде 192 энергетикалық кәсіпорынның мониторингі жүзеге асырылады. Энергетикалық кәсіпорындардың энергия аудиттерінің қорытындыларын талдау 8 %-ға тең орташа энергия үнемдеу әлеуетін анықтады.

      Энергетика секторының энергия сыйымдылығының өсуі (өндіру, беру, жабдықтау) энергетикалық кәсіпорындардың негізгі және қосалқы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейімен, қайталама энергия ресурстарына сұраныстың артуымен, тарифтердің төмен бағасын ұстап тұрумен, инвестициялық тартымдылықтың болмауымен, сондай-ақ энергетика секторындағы мамандар еңбекақысының төмен болуымен байланысты.

      Электр энергетикасы

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіруді 204 электр станциясы іске асырылады, жалпы белгіленген қуаты 24523,7 Мегаватт және иелік қуаты 19024,3 Мегаватт. 2022 жылы Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру сағатына 112,9 млрд киловатты тұтыну кезінде сағатына 112,8 млрд киловатты құрады.

      Бүгінгі таңда электр станцияларының генерациялайтын жабдықтарының 55,5 %-ының қолданылу мерзімі 30 жылдан астам, 5,8 %-ы – 21 – 30 жыл, 13,1 %-ы – 11 – 20 жыл, 18,2 %-ы – 5 – 10 жыл, 7,4 %-ы – 5 жылға дейін. Жабдықтың жалпы физикалық тозуы 59 %-ды құрады, бұл станциялардың пайдалы әсер коэффицентін (бұдан әрі – ПӘК) 2 еседен астам төмендетеді.

      Нормативтер 6 – 7 % болғанымен Қазақстан Республикасында электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66 %-ды құрайды, бұл тасымалдау кезінде электр энергиясының 5 % ысырабына әкеп соғады. Өңірлік электр желілері ысырабының деңгейі орта есеппен 14 %-ды құрайды. Ысырап көптеген электр беру желілерінің 40 жылдан астам пайдаланылуымен және айтарлықтай ұзындығымен байланысты. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары құрылған.

      Энергетика секторының отын-энергетика ресурстарының тиімсіз пайдаланылуынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергия жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін де төмендетеді және, ең алдымен, елдің энергия қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді.

      Қазақстанның 2023 – 2029 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес экономиканың жедел өсуіне және электр энергиясына сұраныстың артуына байланысты электр энергиясы мен қуаттың айтарлықтай тапшылығы күтілуде.

      Жылу энергетикасы

      Жылумен жабдықтау секторы өндірістен жылу энергиясын тұтынуға дейін қазандықтар үшін орта есеппен 75 % және бүкіл жүйе үшін 58 % төмен ПӘК-мен, жылуды тасымалдау және тарату кезеңінде жылу ысырабының 18-ден 42 %-ға дейін жоғары болуымен сипатталады. Отын энергиясының тек 35 – 50 %-ы желіге жіберілетін электр және жылу энергиясына айналады, қалған бөлігі өндірістік процестерге жұмсалады.

      Қазақстан Республикасында жалпы белгіленген қуаты сағатына 43231 гигакалория болатын 37 жылу көзі жұмыс істейді, иелігіндегі қуаты сағатына 37566,7 гигакалорияны құрайды. Мемлекеттік меншікте 15 ЖЭО бар (Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Астана, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Алматы қалалары).

      2022 жылы жылу энергиясын өндіру 95,6 млн гигакалорияны құрады, оның 55,9 млн гигакалориясы жылу электр станцияларына және қазандықтарға 32,6 миллион гигакалориясы тиесілі.

      2022 жылғы авариялық тұрып қалу саны 2021 жылмен (1456) салыстырғанда 23 %-ға (1789) өсті. Мұндай өсім жабдықтар тозуының жоғары деңгейінен туындап отыр, ол 66 %-ды құрайды. Жылу электр орталықтарының орташа қолданылу мерзімі 61 жылды құрайды.

      Жылу энергетикасы саласы жалпы пайдаланымдағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау, жергілікті, орталық және жеке жылумен жабдықтау жүйелерін қамтиды. Процестің барлық сатысында (жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну) айтарлықтай техникалық және экономикалық проблемалар бар.

      Жылу желілерінің екі құбырлы есептеудегі жалпы ұзындығы республика бойынша шамамен 13,9 мың километрді құрайды. Бұл ретте 49,2 %-ы немесе 6,246 мың километр желіні ауыстыру талап етіледі. Жылу желілерінің орташа тозуы 57 %-ды құрайды.

      Энергетика проблемалары:

      негізгі және қосалқы жабдықтардың тозуы;

      инвестициялық тартымдылықтың болмауы;

      біржақты бейінді білікті мамандардың жетіспеушілігі, сондай-ақ еңбекақының төмен деңгейі.

      2.3. Бюджеттік сектор

      2021 жылы бюджеттік және коммерциялық сектордың энергия ресурстарын тұтынуы 2019 жылмен салыстырғанда 20 %-ға өсті (2019 ж. – 4,6 млн м.б.т., 2020 ж. – 3,9 млн м.б.т. және 2021 ж. – 5,5 млн м.б.т.).

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қатысатын заңды тұлғалардың тізілімі жергілікті немесе республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 27 378 ұйымды қамтиды.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің деректері бойынша (мониторинг ғимараттары мен құрылысжайлары бар бюджеттік ұйымдарға қатысты жүзеге асырылды) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға ЖТЭТ-ның 4,76 %-ы тиесілі.

      Мемлекеттік мекемелердің көпшілігінде энергия тиімділік сыныбы төмен (ғимараттардың 79 %-ы энергия тиімділігінің F және G сыныптарына, C және D сыныптарына – 11 % және В және А сыныптарына бар болғаны 6 және 4 % сәйкес келеді).

      Мемлекеттік сектор ғимараттарының негізгі үлесі орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылмаған және ПӘК 60 – 80 % болатын газ, көмір, дизель және электр қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.

      Осы сектордағы энергия ресурстарының барлық түрлері бойынша энергия үнемдеу әлеуеті шамамен 40 %-ды құрайды.

      Бюджеттік сектордың проблемалары

      бюджеттік секторда энергосервистік шарттар жасасу үшін шарттардың болмауы;

      тұтынуды барынша үнемдеу өлшемшарты бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу мүмкіндігінің болмауы.

      2.4. Тұрғын үй секторы

      Тұрғын үй-коммуналдық сектор Қазақстан Республикасы экономикасының энергияны неғұрлым көп қажет ететін салаларының қатарына жатады және ЖТЭТ-тағы көлемі бойынша бірінші орындағы тұтынушы болып табылады, оның үлесіне 34 % тиесілі.

      Тұрғын үй секторында энергия ресурстарын тұтыну 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 28,3 %-ға өсті (2019 ж. – 11,8 млн м.б.т., 2020 ж. – 13,5 млн м.б.т. және 2021 ж. – 14,7 млн м.б.т.).

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 405,2 млн шаршы метрді құрайды, оның 65 %-ға жуығы қалалық елді мекендерге және 35 %-ы ауылдық елді мекендерге тиесілі.

      Республика бойынша 54731 КТҮ бар, олардың үштен бірінің салынғанына 1970-ы жылдан асқан (50 жыл және одан да көп) және пайдалануға берілгені 25 жылдан асқан тұрғын үй қорының шамамен 65 %-ын құрайды.

      2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша тұрғын үй қоры орталық жылытумен 44%, орталық ыстық сумен жабдықтаумен 38 % жабдықталған, сондай-ақ жылу мен суды есепке алу аспаптарымен 76 %-ға қамтамасыз етілген.

      Тұрғын үй-коммуналдық сектор жылу және электр энергиясын ең ірі тұтынушылардың бірі болып табылады (өндірілген электр энергиясының 17 %-ын және жылу энергиясының 44 %-ына дейін). 2022 жылғы жағдай бойынша қалалық көпқабатты үйлердің 82,1 %-ы және ауылдық жерлердегі көпқабатты үйлердің 6,8 %-ы орталықтандырылған жылытуға қосылған.

      Қазақстан Республикасында тұрғын үй секторының жоғары энергия тұтынуының себептері қолданыстағы тұрғын үй қорының техникалық жай-күйі, тұрғын үйлерді жобалау және пайдалануға беру кезінде құрылыс нормалары мен қағидаларының төмен деңгейі, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және оларға қызмет көрсету жүйесі, халықтың хабардар болуының төмендігі болып табылады.

      Бүгінгі таңда Қазақстанда энергетикалық ресурстарды ұқыпты тұтыну бойынша халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған шаралар жоқ. Айталық, Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасы жүргізген сұрау салуға сәйкес респонденттердің үштен бірі ғана (сұрау салынған 2500-дің 35 %-ы) энергия үнемдейтін өмір салтының артықшылықтары туралы хабардар екені анықталды.

      Тұрғын үй секторының проблемалары:

      жаңадан салынған ғимараттарды жобалау және пайдалануға беру кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарға сәйкестіктің төмен деңгейі әрі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерінде халықтың хабар болуының төмендігі;

      ғимараттарды энерготиімді салуға және жаңғыртуға жәрдемдесу үшін ұйымдастырушылық-қаржылық құралдардың болмауы.

      2.5. Көлік секторы

      Көлік секторы Қазақстан Республикасы экономикасының энергияны неғұрлым көп қажет ететін салаларының қатарына жатады және ЖТЭТ-да (тұрғын үй секторы мен өнеркәсіптен кейін) көлемі бойынша үшінші ірі тұтынушы болып табылады, оның үлесіне түпкілікті энергия тұтынудың 18,6 %-ы тиесілі.

      Көлік секторының отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 36 %-ға ұлғайып, 8 млн м.б.т. құрады. Мұндай өсудің себептері халықтың табиғи өсуі, бензин бағасының салыстырмалы түрде төмен болуы, сондай-ақ халықтың төмен тығыздығы және қалалар мен елді мекендер арасындағы үлкен қашықтықтағы урбандалу болып табылады.

      Көлік түрлері бөлінісінде энергетикалық ресурстарды тұтыну құрылымы келесідей:

      89,9 % – автомобиль көлігі;

      6,7 % – теміржол көлігі;

      2,1 % – ішкі авиатасымалдар.

      Автомобиль көлігі

      2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4403,6 мың бірлікті құрады (87,9 % – жеңіл автомобильдер, 10 % – жүк және 2,1 % – автобустар), автомобиль көлігінің 94,5 %-ы халықтың жеке көлігіне тиесілі.

      2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда автомобильдер саны жалпы 3,7 %-ға өсті (жеңіл автомобильдер 2,9 %-ға, жүк көліктері 7,1 %-ға, автобустар 24,7 %-ға өсті).

      Жеңіл автокөліктің отынды тұтынуының типі бойынша барлық мөлшерінен 88 %-ы бензинге, 1,9 %-ы дизель отынына және 10,1 %-ы аралас отынға (газ-бензин, гибридтік және әртүрлі отын түрлері) тиесілі.

      Тіркелген жеңіл автомобильдердің ішінде шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік басым – 49,6 %, шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейін – 21,1 %, 7-тен 10 жылға дейін – 14,8 %, шығарылған жылы 3 жылдан аспайтыны – 8 %, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейін – 6,4 %.

      Электромобильдердің өсуі байқалады, толық емес үш жылда олардың саны 16 есе өсті.

      Теміржол көлігі

      Теміржол көлігі Қазақстан экономикасының маңызды базалық салаларының бірі болып табылады, оның ішкі және сыртқы көлік-экономикалық байланыстарын және халықтың тасымалдауға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

      Қазақстанның магистральдық теміржол желісінің аса ірі операторы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚТЖ" АҚ) болып табылады.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің деректері бойынша 2022 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ энергия тұтынуының жалпы көлемі 1235028,2 шартты отын тоннасын құрады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың соңында республикадағы локомотивтер паркі 1730 бірлікті құрайды, оның ішінде 583 электровоз және 1147 тепловоз. Жолдардың электрлендірілген үлесі 26,4 %-ды, электрлендірілмегені 73,6 %-ды құрайды.

      Кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі және "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді, соның есебінен пойыздарды тартуға электр энергиясының үлестік шығынын төмендету 10 % -ды құрады (2021 жылы сағатына 121 киловатт/10000 тонна километр брутто).

      Көлік секторының проблемалары:

      техникалық жағынан тозған автокөлікті пайдалану;

      көлік секторының отын тұтыну мониторингінің болмауы;

      қалалық шағын аудандарды жобалау қалалық қоғамдық көлікке қол жеткізуге қатысты оңтайландырылмаған.

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

3.1. Өнеркәсіп

      АҚШ Энергетика министрлігі энергияны көп қажет ететін өнеркәсіп орындарында энергия тиімділігін арттыру мақсатында серіктестер энергетикалық ресурстарды үнемдеу жолында пайдалана алатын көптеген компоненттерді қамтитын ерікті серіктестік және тәжірибе алмасу бойынша "Better Plants" ақпараттық платформасын құрды.

      Бүгінгі таңда "Better Plants"-қа 270-тен астам өнеркәсіп орындары қосылды, олар 9 млрд АҚШ долларынан астам және 47,9 млн м.б.т. үнемдеді.

      Сонымен қатар 2019 жылы энергия үнемдеу мәселелері бойынша консультацияны көздейтін "ENERGY STAR" халықаралық әріптестік бағдарламасы басталды, ол өнеркәсіп орындарына сағатына 35 млрд кВт электр энергиясын және 2 млрд АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.

      "ENERGY STAR" бағдарламасы аясында өнеркәсіп орындары үшін 5 жыл ішінде энергия сыйымдылығын 10 %-ға төмендету бойынша "Energy star challenge for Industry" жаһандық үндеуі қолданылады.

      2019 – 2022 жылдар аралығындағы кезеңде жаһандық үндеуді қабылдаған 60 кәсіпорын энергия сыйымдылығының төмендегенін растады және "ENERGY STAR" сертификатын алды, сондай-ақ белгіленген мақсаттарға қол жеткізген кәсіпорындардың тізіліміне енгізілді.

      Қытай өнеркәсіп орындарын энергия үнемдеуіне 300 миллиард доллардан астам мемлекеттік субсидия инвестициялады, олар жылына үнемделген көмір баламасының әрбір тоннасына 95 АҚШ долларын субсидиялар түрінде алады.

      Жоғарыда келтірілген халықаралық тәжірибені ескерсек, оны Қазақстан Республикасында үлестік шығысты азайту үшін физикалық тозған және техникалық жағынан ескірген жабдықты ауыстыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бөлігінде қолдануға болатынын атап өтуді жөн санаймыз.

      3.2. Энергетика

      Еуропа Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) экономикалық тұрақтылыққа және энергетика секторының инклюзивті өсуіне бағытталған жобаларды іске асыруда. Осындай жобалардың бірі – құны 88 млн АҚШ долларын құрайтын Тәжікстан Республикасының ірі энергия өндіруші объектісінің қауіпсіздігін арттыру, ол энергия ысырабын 27 %-дан 10 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

      Сонымен қатар ЕҚДБ Тәжікстан Республикасының қолдауымен энергия желілік есепке алу жүйелерінің жобаларын қаржыландыру және таратушы электр желісін жаңғырту үшін 49,4 млн АҚШ сомасына кредит желісін ашты.

      ЕО Еуропада энергия тиімділігін арттыру үшін орнатудың когенерация технологиясын ілгерілетуде, ол 90 %-ға дейін энергия тиімділігі деңгейіне жетуі мүмкін.

      ЕО елдері электр желілерін жаңарту үшін ынталандырушы тариф белгілеу (RAB-тарифтер) тетігін қолданды, оны Румынияда енгізу 7 жыл ішінде электр желілерінің үштен бірін жаңартуға мүмкіндік берді.

      Сондай-ақ ЕО жаңа энергетикалық инфрақұрылымды салуға инвестицияларды қолдауға, сондай-ақ қолданыстағы желілерді қалпына келтіруге және жаңғыртуға бағытталған бюджеті 5,84 млрд еуро мөлшерінде болатын саясатты іске асыру үшін 2021 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде Connecting Europe Facility (CEF) қаржыландыру бағдарламасын іске қосты.

      Корея Республикасы түпкілікті тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуына негізделген, энергияны ұтымды тұтынуға ықпал ететін баға белгілеу тетіктерін қамтитын қолдау шараларын пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының энергетикалық секторының ысыраптарын азайту және тиімділігін арттыру үшін ЕО елдері мен Корея Республикасының тәжірибесі неғұрлым қызығушылық тудырады.

      3.3. Бюджеттік сектор

      ЕО-ға мүше елдер энергия тұтынудың өзіне тиесілі үлесін ескере отырып, ғимараттар секторында энергетикалық тиімділікті арттыру саясатының басымдығы туралы ашық айтты. Ғимараттарды терможаңғырту кең таралған шара болып табылады. Айталық, Швеция мен Германияда энергия тиімді терезелерді орнату, қабырғалар мен шатырларды жылыту, жылу сорғылары мен жылу қайтаратын желдету жүйелерін орнату технологиялары кеңінен қолданылады, жылытуға жұмсалатын энергия тұтынуды 30 %-ға дейін төмендетеді.

      Францияда энергия тиімділігі деңгейі, сол сияқты кіріс деңгейі де (энергетикалық кедейлік) қаржылық қолдау көрсету өлшемшарттары ретінде қолданылады.

      Жапония тәжірибесі бойынша "Top Runner" бағдарламасы ғимарат иелерін тиімділік өлшемшартын арттыруға, стандарттар мен нормативтерді белгілеуге ынталандырады. Сонымен қатар стандарттың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізе алмайтын компанияларға ұсынымдар мен айыппұлдар түрінде шаралар қолданылуы мүмкін.

      Қазақстан үшін ЕО елдерінің қатал климаттық жағдайларға байланысты бюджеттік сектор ғимараттарын терможаңғырту бойынша тәжірибесін,
сондай-ақ бюджеттік сектордың энергия ресурстарын неғұрлым тиімді тұтынуына ынталандыратын ұсынымдар мен айыппұлдар жауапкершілігін қолдану бөлігінде Жапония тәжірибесін қолдануға болады.

      3.4. Тұрғын үй секторы және тұрғындар

      30-дан астам елде ғимараттардың энергия тиімділігі проблемасын шешу үшін жаңа және қолданыстағы ғимараттар үшін жаңа құрылыс нормалары мен ең төмен энергетикалық стандарттар белсенді түрде әзірленуде.

      Украинада көппәтерлі үйлерді энергиялық жаңғыртуға инвестициялар 2018 жылы негізі қаланған Энергия тиімділігі қорынан (бұдан әрі – Қор) даму үшін жаңа ынталандырулар алды. Қорды іске асыру кезеңінде 818 өтінім мақұлданды. Жобалардың жалпы құны шамамен 8,2 млрд гривенді құрайды, гранттар сомасы – 5,1 млрд гривен, оларды енгізгеннен кейін күтілетін энергия үнемдеу – жылына 437 млн киловатт сағаттан астам.

      Литваның тәжірибесі де назар аударарлық, мұнда көпқабатты үйлерді жаңғырту 2004 жылдың өзінде ел үкіметі Көпқабатты үйлерді жаңғырту бағдарламасын қабылдағаннан кейін басталды, онда жаңғырту мен қолдау механизмдері үшін жағдайлар бекітілген. Литва үкіметінің жаңғырту бағдарламасынан қолдау алған жоба ғимараттардың "С"-дан төмен емес энергия тиімділігі сыныбына қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарлама қолданыла бастағаннан бері 1800 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жүргізілді, олар жылыту шығындарын 50 %-ға үнемдеуге қол жеткізді.

      Румынияда панельдік тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты жыл сайынғы жылу энергиясын тұтыну көлемін жылына 100 киловатт сағат/м2-ден төмен деңгейге дейін қысқарту және ішкі үй-жайлардың сапасын жақсарту болып табылады. Бағдарлама 1950 – 1990 жылдар аралығында салынған көп қабатты көппәтерлі үйлерге бағытталған. Бағдарламаның қолданылуы кезеңінде 1518 тұрғын үйді жаңғырту жүргізілді, ол 55293 пәтерді қамтыды, бұл жыл сайынғы энергия тұтыну көлемін шаршы метрге шаққанда сағатына 225 киловатт төмен деңгейге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

      Тұрғын үйлерде энергияны үнемдеудің ұйымдастырушылық-қаржылық негіздерін әзірлеу кезінде ЕО елдерінде кең таралған револьверлік қорлар мен аукциондар да назар аударуға тұрарлық.

      Жоғарыда сипатталған халықаралық тәжірибені Қазақстанда қарыз алу және оның жекелеген элементтерін тиісінше бейімдеу арқылы қолдануға болады.

      Хабардар болуды арттыру энергия тиімділігін ілгерілетуде және барлық дерлік елдерде кеңінен қолданылатын технологияларды таратуда өте маңызды құрамдас болып табылады.

      Корея Республикасында бүкіл ел бойынша энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін ілгерілету үшін Корея экономикасы үшін жылына шамамен сағатына 70 гигаватт электр энергиясын үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік берген тұрғындарға арналған ақпараттық науқандар іске асырылды.

      Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік және жекеменшік институттары "Энергияны сақтау үшін" альянсымен (ASE) бірлесіп, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін, соның ішінде қоғамдық ақпараттық науқандар арқылы таратуға бағытталған "Energy Hog" науқанын бастады.

      ETSIT аустриялық білім беру энергетикалық бастамасы жас ұрпақтың энергетикалық сауаттылығын арттыру мақсатында ЕО-ның Энергия тиімділігі жөніндегі директивасы мен Аустрияның Энергия тиімділігі туралы заңына жауап ретінде құрылды. Нәтижелер ETSIT студенттердің когнитивтік, эмоционалды және мінез-құлықтық деңгейде энергетикалық сауаттылығын арттыратынын көрсетіп отыр.

      Айта кету керек, бүкіл әлемде ұйымдар мен жеке тұтынушылардың энергия тиімділігі туралы жеткілікті түрде хабардар болмауы энергия үнемдейтін жобаларды іске асыруға ең үлкен кедергі болып табылады.

      Жоғарыда келтірілген халықаралық тәжірибені ескере отырып, оны Қазақстан Республикасында энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға қатысты білім беру, техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және басқа да салаларда қолдануға болатынын атап өтуді жөн санаймыз.

      3.5. Көлік

      ЕО-да "Eco driving" бағдарламасы ұзақ мерзімді перспективада іске асырылуға тиіс шара ретінде ұлттық энергетикалық және климаттық стратегияға енгізілген. Бұл бағдарлама экологиялық жүргізуді белсенді түрде ілгерілетеді, оның шеңберінде отын шығынын 20 %-ға қысқартуға қол жеткізіледі.

      Жапония өзінің "Top Runner" бағдарламасы арқылы жеңіл автомобильдер, фургондар мен жүк көліктері үшін отын үнемдеу стандарттарын белгілейді және мезгіл-мезгіл жаңартып отырады. Соңғы екі онжылдықта жеңіл автомобильдердің отындық тиімділігі 96 %-ға өсті.

      Сондай-ақ Жапония "Top Runner" бағдарламасы шеңберінде стандарттарды жаңартты, олар 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай отынды пайдалану тиімділігін 32 %-ға арттыруға бағытталған.

      150 елде көліктің спутниктік мониторингі бар жедел жүйе қолданылады, ол нақты уақыт режимінде отын деңгейі мен шығыны және автомобильдің орналасқан жері туралы мәліметтер жиынтығын алуға мүмкіндік береді. Осы жүйені енгізу нәтижесінде пайдалану шығыстарының 20 %-ға, энергия ресурстарын тұтынудың шамамен 30 %-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

      Ұлыбритания үкіметі 2025 жылға қарай үкіметтік көлік құралдары паркінің 25 %-ын электромобильдерге ауыстыру жөніндегі нысаналы мақсат қойды.

      Испания үкіметі көп мөлшерде отын тұтынатын ескі көліктерді тұтыну деңгейі анағұрлым төмен үнемділігі жоғары модельдерге ауыстыру бағдарламасын енгізді.

      АҚШ Энергетика министрлігінің базасында "Energy Saver" интернет-ресурсы жұмыс істейді, ол автомобиль иелеріне энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту бойынша ақпарат береді.

      Финляндия көлік секторында энергия тиімділігін арттыру бойынша стратегиялық шаралардың кешенді пакетін қолданысқа енгізді, оның мақсаты қоғамдық көліктің, автомобиль орнына жаяу және велосипедпен жүрудің тартымдылығын арттыруға негізделеді.

      Қазақстан үшін ЕО елдерінің экожүргізу және отын шығынын мониторингтеуге мүмкіндік беретін көлік мониторингінің жедел жүйесі бойынша тәжірибесін қолдануға болады.

4-бөлім. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған пайымы

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясат ел экономикасының энергияны неғұрлым көп қажет ететін секторларының энергия үнемдеу әлеуетін іске асыруға бағытталатын болады, бұл қосылған құнды жасауға және ел экономикасындағы шығасыларды қысқартуға мүмкіндік береді.

      Өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 10 %-ға төмендейді. Бұл энергия үнемдеу жобалары бойынша кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың және өнеркәсіпті жаңа шешімдер мен технологиялық жаңғыртуды ескере отырып, энергия тиімділігін арттырудың, 800 өнеркәсіптік кәсіпорынға энергия менеджерлерін тағайындаудың және энергия аудитінің үшінші кезеңін өткізудің арқасында мүмкін болады.

      Тариф белгілеу жүйесі жетілдірілетін болады, бұл энергетикалық объектілер активтерінің техникалық жай-күйін 10 %-ға жаңартуға, энергетика саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді арттыруға және білікті мамандардың экономиканың сабақтас салаларына кетуін төмендетуге серпін береді.

      Энергосервистік келісімшарттар нарығын дамыту және энергиясервистік шарттар жасасу мақсатында энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.

      Нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімді нарығы енгізіледі.

      Мемлекеттік сатып алудағы энерготиімділік жөніндегі талаптарды бұзғаны және энергия тұтыну нормативтерінен асып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге көзделген бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тиімді және ұқыпты пайдалануға, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді энерготиімді мемлекеттік сатып алуға мүмкіндік береді, жабдықтар нарығын қайта құруға, оның ішінде жергілікті қамту үлесін арттыра отырып пәрменді әсер береді.

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі міндетті іс-шаралар, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, кондоминимум объектілерін басқару басшыларын оқыту энергия тиімділігі сыныбына "С"-дан төмен болмайтын ғимараттар санының ұлғаюына әкеледі.

      Жаңадан енгізілетін және салынып жатқан ғимараттардың энергия тиімділігінің мәлімделген сыныбына сәйкестігі тұрғысынан жобадан кейінгі мониторинг механизмі енгізілетін болады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан ғимараттар үшін энергия тиімділігі сыныбы бойынша міндетті талаптар бекітілетін болады.

      Халықтың табиғи өсімін және Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетінің дамуын ескере отырып, көлік секторында отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну мониторингін енгізу көлік секторының энергия ресурстарын тұтынуды толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Орнықты қалалық ұтқырлықты дамыту, қоғамдық автопаркті жаңарту және көлік құралдарын жаңғырту, жолаушылар және жүк тасымалдарын оңтайландыру, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын отандық көлік құралдарына көшу, тиісті инфрақұрылымды құру арқылы қалаларды жоспарлау және көлік инфрақұрылымы жүйесін жақсарту Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін орындауға ықпал ететін болады.

5-бөлім. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады:

      энергетикалық қауіпсіздікке назар аударатын саясат – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және энергетикалық кешендерінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      тариф белгілеу кезінде мемлекет пен жеке бизнес мүдделерінің теңгерімі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын іске асырудағы теңгерім, сондай-ақ мемлекеттің бизнеспен тұрақты кері байланысы арқылы тариф белгілеу;

      энергия тиімділігіне басымдық бере отырып жаңғырту – экономиканың барлық секторлары энергия тиімді технологиялар мен шешімдерге басымдық беруі керек;

      барлық жерде "энергия тиімді" мәдениетті қалыптастыру – халықтың барлық жас санаттарының назарын энергия үнемдеуге аударту.

      парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу – Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін орындау.

      Ағымдағы жағдайды талдауды, халықаралық тәжірибені, даму пайымын және негізгі қағидаттарды ескере отырып, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі тәсілдерді іске асыру болжанады.

      1-бағыт. Өнеркәсіп

      Шығарылатын өнім өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, энергия үнемдеуді дамыту және осы сектордың энергия тиімділігін арттыру мақсатында шетел мемлекеттерінің тәжірибесі бойынша өнім бірлігін өндіруге арналған энергия ресурстарының үлестік шығыстарын талдау нәтижелерін ескере отырып, энергия тұтыну нормативтері қайта қаралатын болады.

      Энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіпте технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңғыртуды жүргізу және өнеркәсіптің барлық саласында энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу үшін жағдайлар, оның ішінде қаржылық жағдайлар жасалатын болады, бұл қолданыстағы жабдықтардың физикалық тозуын кемінде 10 %-ға төмендетуге, ПЭК арттыруға, сондай-ақ шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

      Саланы тар бейінді мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру пәндерін енгізу көзделіп отыр.

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерінде құзыреттілік пен саналылықты арттыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде кәсіпорында энергия үнемдеуге жауапты тұлғаларды тағайындау бөлігінде жауапкершілік қайта қаралатын болады.

      Бұл тәсілдер энергетикалық ресурстарды үнемдеуді және өнеркәсіптің өңдеуші (7 %) және өндіруші (12 %) салаларында энергия үнемдеу әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығының жыл сайын 1,5 %-ға төмендеуіне алып келеді.

      2-бағыт. Энергетика

      Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуі, субъектілердің энергия өндіру-тұтыну ауытқуларын төмендету, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын жетілдіру, экспорттық әлеуетті дамыту мақсатында энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифіне қатысты тәсілдер қайта қаралатын болады. Бұл генерациялайтын қуаттардың тозуын 10 %-ға төмендетуге және энергия көздерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жылу және электр энергетикасы секторы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді арттыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

      Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде (қаржылық өзара есеп айырысулармен) енгізу жоспарлануда.

      Энергия өндіруші ұйымдарды жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды іріктеу жөніндегі қағидаларға бес жыл мерзімге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын үйлестіруге және іске асыруды қамтамасыз етуге, энергетикалық кәсіпорындардың нақты көрсеткіштерін нормативтерге келтіруге, энергетикалық кәсіпорындардың кәсіпорын өнімін шығаруға жұмсалатын үлестік шығыстарын төмендетуге, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Бұл да олардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарын сақтауына ықпал ететін болады.

      Бұдан басқа, жылу энергиясын беру кезінде тозу мен ысырапты азайту мақсатында коммуналдық жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және жөндеу процесінде оларды бақылауды қатаңдатудың заңнамалық мүмкіндіктері қаралатын болады.

      3-бағыт. Бюджеттік сектор

      Бюджеттік сектордың айтарлықтай энергия үнемдеу әлеуетін игеру мақсатында сатып алынатын энергия тиімді жабдықтың үлесін арттыру энергия тиімділігі талаптарының сақталуы тұрғысында тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Жергілікті атқарушы органдар энергосервистік шарттар механизмі арқылы жыл сайын кемінде 20 ғимараттың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыратын болады.

      Бюджеттік сектордың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларын іске асыру үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге көзделген бюджет қаражатын үнемдеу есебінен энергия сервистік шарттар тетігін жасау және қаржыландыру бөлігінде заңнамалық кедергілерді жою жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

      Дүниежүзілік банк іске асырған әлеуметтік сектор объектілерін жаңғырту жөніндегі жобаның практикалық тәжірибесі масштабталатын болады.

      4-бағыт. Тұрғын үй секторы

      Тұрғын үй секторының энергетикалық тұтынуының жоғары өсу қарқынын назарға ала отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту Қазақстанда одан әрі имплементациялау мақсатында құрылыстың энергия сыйымдылығы бойынша халықаралық тәжірибеге негізделетін болады.

      Тұрғын үй қорына күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айқындау энергияны көп қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлерді анықтау жолымен жүзеге асырылатын болады.

      Тұрғын үй секторының энергия сыйымдылығын төмендету энергия үнемдейтін құрылысты дамыту есебінен қамтамасыз етіледі, ол үшін құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың энергия тиімділігі бойынша талаптар қайта қаралады және энергия тиімділігінің сыныбы жоғары объектілердің құрылысын ынталандыру шаралары әзірленді.

      Көппәтерлі тұрғын үйлердің "С"-дан төмен емес энергия тиімділігі сыныбына қол жеткізуі үшін қаржыландыру тетіктерінің жаңа схемалары жасалады және қолданыстағылары жетілдіріледі, сондай-ақ жобаларда ерікті жасыл стандарттарды қолданатын құрылыс салушылар үшін қосымша ынталандырулар әзірленеді.

      "Энергия тиімділігі" қоғамды қалыптастыру энергетикалық ресурстарға ұқыпты қарау мәселелерінде хабардар болуды арттыру жөніндегі науқанды іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Педагогтер мен балалардың назары энергияны үнемдейтін әдеттерді сіңіруге аударылады, ал балалар арқылы олардың отбасы мүшелеріне әсер етеді.

      Тұрмыстық техниканың энергия тұтынуы туралы ақпарат кеңінен қолжетімді болады. Тұрғын мүлікті таңдау кезінде азаматтар ең аз энергия тұтынатын тұрғын үйді таңдауға тырысады. Кондоминимумдер объектілерін басқару органдары үшін тиісті әдістемелік ұсынымдарды тарата отырып, оқыту семинарлары өткізілетін болады, бұл тұрғын үй секторының энергия үнемдеу іс-шараларын іске асырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

      5-бағыт. Көлік

      Халықтың жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ автокөлік құралдары санының артуын ескере отырып, бұл сектордағы энергия тиімділігін арттыру Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан қалаларында қоғамдық автопаркті жаңарту және оның санын ұлғайту есебінен жүзеге асырылады, бұл қоғамдық көлікті пайдаланудың тартымдылығын арттыруға алып келеді.

      Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың мониторингі көлік секторының энергетикалық ресурстарды тұтынуына ауқымды талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл көліктің энергия тиімділігі бойынша қолданыстағы талаптарды өзектілендіруге негіз болады.

      Көлік секторында энергия үнемдеуді дамыту қоғамдық көлікке қол жеткізе отырып, қалалық шағын аудандардың техникалық талаптары мен бас жоспарларын қайта қарау, сондай-ақ қолданыстағы велосипед жолы инфрақұрылымын ұйымдастыру және жетілдіру арқылы да жүзеге асырылатын болады.

      6-бағыт. Жалпы (сектораралық) тәсілдер

      Энергия тұтыну жөніндегі деректердің анықтығын қамтамасыз ету үшін МЭТ ААЖ-ның Қазақстанның ақпараттық жүйелерімен интеграциясы жүргізіледі, сондай-ақ энергия жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлау үшін желі элементтерінің инфрақұрылымы мен жабдықтар үшін релевантты негізгі сипаттамалардың, желіге түсетін теңестіруге арналған мамандандырылған ақпараттың, тұтыну мен шикізат жөніндегі деректердің, сұраныс пен шығыстар динамикасының интеграциясы қосымша пысықталатын болады.

      Энергия тиімді технологиялар мен іс-шараларды енгізудің ең маңызды аспектісі қаржылық қамтамасыз етілу болып табылады, оған Энергия тиімділігі қорын құру арқылы қол жеткізіледі, оның капиталдандырылуы барлық кәсіпорындар тарапынан аударымдардың арнайы жүйелері арқылы немесе халықаралық қаржы институттарының кредиттік желілері ретінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қор қаражаты энергия тиімділігі жөніндегі жобаларды қолдау бағдарламаларына (субсидиялар, гранттар не кредиттер) бағытталатын болады. Бұл ретте орта және ұзақ мерзімді перспективада ұзақ мерзімді және ауқымды инвестициялық іс-шараларға қатысты "жасыл" облигациялар мен "жасыл" таксономия беретін мүмкіндіктер ескерілетін болады.

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы талаптарды сақтау үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінен асыру, мемлекеттік сатып алуда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бұзу, сондай-ақ энергия тиімділігі талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарды пайдалану, құрылыстар мен құрылысжайларды пайдалануға беру бөлігінде әкімшілік жауапкершілікті белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      Энергия үнемдеу саласындағы кадрлық әлеуетті өрістету және техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін энергия тиімділігін арттыру мақсатында жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім беру бағдарламаларына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру пәндері енгізілетін болады.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Нысаналы индикаторлар

      өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 10 %-ға төмендету;

      энергетика секторының энергия сыйымдылығын 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 5 %-ға төмендету;

      үй-жайлар алаңының бір бірлігіне шаққанда энергия тұтынуды 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 10 %-ға төмендету;

      жан басына шаққандағы энергия тұтынуды 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 5 %-ға төмендету.

      Күтілетін нәтижелер:

      ЖІӨ энергия сыйымдылығының 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 10 %-ға төмендеуі;

      электр және жылу желілері тозуының 5 %-ға төмендеуі;

      энергия өндіруші ұйымдардың негізгі және қосалқы жабдықтары тозуының 5 %-ға төмендеуі;

      энергия үнемдеу саласына 20 млн АҚШ доллары сомасына инвестицияларды тартылуы;

      халықтың энергия үнемдеу мәселелерінде хабардар болуының 50 %-дан астам қамтумен артуы.


  Қазақстан Республикасының
энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін
арттыру саласын
дамытудың 2023 – 2029
жылдарға арналған
тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с

Негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар


1

2

3

4

5

1-бағыт. Өнеркәсіп

1-нысаналы индикатор. Өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 10 %-ға төмендету (2023 – 1,43 %, 2024 – 2,86 %, 2025 – 4,29 %, 2026 – 5,71 %, 2027 – 7,14 %, 2028 – 8,57 %, 2029 – 10 %).

ИИДМ, ЭМ, ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, ЖАО,
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)
 

1.

Шет елдер мен Қазақстанның мұнай және газ өндіру, минералдық шикізатты өндіру және байыту, болат және түсті металдар өндірісі салаларында өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын энергия ресурстарының үлестік шығыстарына салыстырмалы талдау жүргізу

талдамалық есеп

2023 жылғы
тамыз

ИИДМ, ЭМ, "ЭЭДЭИ" АҚ (келісу бойынша)

2.

"Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 394 бұйрығына талдау нәтижелерінің негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

2023 жылғы
қараша

ИИДМ, ЭМ, ҰЭМ, Әділетмині, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

3.

Энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржылық қолдау шараларын іске асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту

келісім

2024 жылғы
қыркүйек

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ,
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

4.

Өнеркәсіп орындарының негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңғырту және реконструкциялау

пайдалануға беру
актілері

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, ЖАО,
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

5.

Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындау жөніндегі міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу

Заң жобасы
 
 
 
Заң

2023 жылғы қараша,
 
 
2024 жылғы наурыз

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЖАО,
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

2-бағыт. Энергетика

2-нысаналы индикатор. Энергия сыйымдылығын 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 5 %-ға төмендету (2023 – 0,714 %, 2024 – 1,428 %, 2025 – 2,143 %, 2026 – 2,857 %, 2027 – 3,571 %, 2028 – 4,285 %, 2029 – 5 %).

ИИДМ, ЭМ, ҰЭМ, Әділетмині, ЭТРМ, ЖАО,
"KEGOC" АҚ
(келісу бойынша),
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

6.

Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифін қалыптастыруға арналған тәсілдерді қайта қарау

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

2023 жылғы
шілде

ЭМ, ҰЭМ, ИИДМ, Әділетмині

7.

Электр энергиясының нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарығын енгізу (қаржылық өзара есеп айырысулармен)

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы
қыркүйек

ЭМ, ҰЭМ, "KEGOC" АҚ (келісу бойынша)

8.

Энергия өндіруші ұйымдарды жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды іріктеу жөніндегі қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

2023 жылғы
шілде

ЭМ, ИИДМ, ЭТРМ, Әділетмині

9.

Коммуналдық жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі бақылауды жетілдіру

Үкіметке есеп

2023 жылғы
шілде,
2023 жылғы
желтоқсан

ИИДМ, ЭМ, ҰЭМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

3-бағыт. Бюджеттік сектор

3-нысаналы индикатор. Үй-жайлар алаңына шаққанда энергия тұтынуды 2021 жылғы деңгейден 2029 жылға қарай 10 %-ға төмендету (2023 – 1,4 %, 2024 – 2,86 %, 2025 – 4,29 %, 2026 – 5,71 %, 2027 – 7,14 %, 2028 – 8,57 %, 2029 – 10 %).

ИИДМ, Қаржымині, ЖАО, ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

10.

Бюджеттік сектор ұйымдары сатып алатын энергия тиімді жабдықтардың үлесін ұлғайту

Үкіметке ақпарат

2023 – 2029 жылдардағы
маусым

ИИДМ, ЖАО, Қаржымині, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

11.

Әлеуметтік маңызы бар объектілерді жаңғырту бойынша ұсынымдар жинағын әзірлеу

әдістемелік құрал

2023 жылғы
тамыз

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ (келісу бойынша)

12.

Бюджеттік сектор ғимараттарының, құрылыстары мен құрылысжайларының ішкі жарықтандырылуын жаңғырту

пайдалануға беру
актілері

2024 – 2029
жылдардағы
ақпан

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

13.

Автоматтандырылған жылу пункттерін орната отырып, бюджеттік сектордың ғимараттарын, құрылыстары мен құрылысжайларын терможаңғыртуды жүргізу

пайдалануға беру
актілері

2024 – 2029
жылдардағы
ақпан

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

14.

Бюджеттік ұйымдардың энергосервистік келісімшарттар жасасуы бойынша заңнамалық кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы тамыз

ИИДМ, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

15.

Энергия ресурстарын барынша үнемдеу өлшемшарты бойынша энергосервистік шарттар жасасу

энергосервистік шарттар

2023 – 2029
жылдардағы
қыркүйек

ИИДМ, ЖАО, Қаржымині, "ЭЭДЭИ" АҚ (келісу бойынша)

4-бағыт. Тұрғын үй секторы және тұрғындар


4-нысаналы индикатор. Жан басына шаққандағы энергия тұтынуды 2021 жылғы деңгейден 5 %-ға төмендету (2023 – 0,714 %, 2024 – 1,428 %, 2025 – 2,143 %, 2026- 2, 857 %, 2027 – 3,571 %, 2028 – 4,285 %, 2029 – 5 %).

ИИДМ, ЖАО, ОМ,
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша), "ТКШ Қазорталық" АҚ (келісу бойынша), "ҚазҚСҒЗИ" АҚ (келісу бойынша)

16.

Қазақстанда одан әрі имплементациялау мақсатында құрылыстың энергия сыйымдылығы бойынша халықаралық құрылыс нормаларын, қағидалары мен стандарттарын зерделеу

Үкіметке есеп

2023 жылғы
тамыз

ИИДМ, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ
(келісу бойынша),
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша),
"ТКШ Қазорталық" АҚ (келісу бойынша)

17.

"Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

2023 жылғы желтоқсан

ИИДМ, ҰЭМ, Әділетмині, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

18.

Қолданыстағы ғимараттардың энергетикалық көрсеткіштерін диагностикалай отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу

Үкіметке есеп

2023 жылғы
маусым

ИИДМ, ЖАО,
"ТКШ Қазорталық" АҚ
(келісу бойынша)

19.

Кондоминимум объектілерін басқару органдарының басшылары мен мамандары үшін КТҮ ортақ мүлкін энергия тиімді ұстау және пайдалану бойынша оқыту жүргізу, тиісті әдістемелік ұсынымдарды тарату

Үкіметке есеп

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ"АҚ
(келісу бойынша),
"ТКШ Қазорталық" АҚ
(келісу бойынша)

20.

"С"-дан төмен емес энергия тиімділігі сыныбына қол жеткізуді қамтамасыз ететін энергия үнемдеу (терможаңғырту) жөніндегі міндетті іс-шаралары бар көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жобаларын іске асыру

пайдалануға беру
актілері

2024 – 2029 жылдардағы қазан
 

ИИДМ, ЖАО

21.

Өңірлерде КТҮ пилоттық энергия сервистік жобаларын іске асыру

пайдалануға беру
актілері

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ"АҚ
(келісу бойынша)

22.

Энергетикалық ресурстарға ұқыпты қарау мәселелерінде халықтың хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізу (ақпараттық-түсіндіру материалдары, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

Үкіметке есеп

2023 – 2029 жылдардағы шілде

ИИДМ, АҚДМ, "ЭЭДЭИ"АҚ
(келісу бойынша)

23.

Энергия ресурстарын ұқыпты пайдалану мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу

Үкіметке есеп

2023 – 2029 жылдардағы маусым

ОМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ"АҚ
(келісу бойынша)

24.

Жұртшылықтың хабардар болуын арттыру динамикасын айқындай отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерінде халық арасында хабардар болу туралы сұрау салу жүргізу

Үкіметке есеп

2023 – 2029 жылдардағы тамыз

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ"АҚ
(келісу бойынша)

25.

Тұрғын үй іздеудің ірі порталдарында және онлайн хабарландырулар сервистерінде ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы бойынша ақпаратты қосу

Үкіметке есеп

2023 жылғы желтоқсан

ИИДМ, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

5-бағыт. Көлік

26.

"Қыс мезгілінде автомобиль қозғалтқышының блогын іске қосу алдындағы электрмен жылыту технологиясы" пилоттық жобаларын енгізу

пилоттық жобалар

2023 жылғы қараша – 2024 жылғы наурыз

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ (келісу бойынша)

27.

Көлік секторының энергетикалық ресурстарды тұтынуына талдамалық зерттеу жүргізу

талдамалық зерттеу

2023 жылғы
қыркүйек

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

28.

"Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 389 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

2023 жылғы
қазан

ИИДМ, ҰЭМ, Әділетмині, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

29.

Жергілікті қоғамдық көлікті неғұрлым таза отынға (газ, электр, биоотын және тағы басқа) ауыстыру

Үкіметке есеп

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, ЖАО, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

30.

Велосипед көлігінің инфрақұрылымын дамыту (веложолдар жасау, велотұрақтар санын көбейту)

Үкіметке есеп

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, ЖАО

31.

Энергия тиімді қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру

Үкіметке ақпарат

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ,
(келісу бойынша)

32.

Пойыздардың электр тартымына жұмсалатын үлестік шығысты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Үкіметке ақпарат

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ,
(келісу бойынша)

33.

Автомобиль көлігінің энергия тиімділігі көрсеткіші бойынша ақпаратты көлікті іздеу порталдарында, сондай-ақ онлайн хабарландырулар сервистерінде енгізу

Үкіметке есеп

2023 жылғы тамыз

ИИДМ, ЦДИАӨМ, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

Сектораралық іс-шаралар

34.

Астана қаласының табиғи монополиялар субъектілерінен энергия тұтыну жөніндегі деректерді ала отырып, "Мемлекеттік энергетикалық тізілімді" қалыптастыру және жүргізу

энергия тұтыну жөніндегі деректерді қамтитын "Мемлекеттік энергетикалық тізілім"

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ИИДМ, Астана қ. әкімдігі, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

35.

"Мемлекеттік энергетикалық тізілім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін Қазақстанның ЗТ МДҚ, "Е-Статистика", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ, "Е-Шаңырақ", "Е-Кадастр" МДҚ және МКК АЖ сияқты ақпараттық жүйелерімен интеграциялау

"Мемлекеттік энергетикалық тізілім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін интеграциялау

2023 жылғы қазан, 2024 жылғы желтоқсан
 

ИИДМ, ЦДИАӨМ, Әділетмині, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша),
"ҰАТ" АҚ
(келісу бойынша),
"ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

36.

Жоғары оқу орындарындағы және техникалық-кәсіптік мекемелердегі білім беру бағдарламаларына энергия үнемдеу және техникалық мамандықтарда энергия тиімділігін арттыру пәндерін енгізу

Үкіметке ақпарат

2024 жылғы
қыркүйек

ҒЖБМ, "ЭЭДЭИ" АҚ
(келісу бойынша)

37.

Энергия тиімділігі қорын құру мәселесін пысықтау

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы тамыз, 2024 жылғы желтоқсан

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ,
БҚДА
(келісу бойынша)
 

38.

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінен асыруы, мемлекеттік сатып алуда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жауапты тұлғаларды тағайындау жөніндегі талаптарды бұзу, энергия тиімділігі талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды пайдалануға беру бөлігінде әкімшілік жауаптылықты белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы
 
Заң

2023 жылғы қараша,
 
2024 жылғы наурыз

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЖАО,
"ЭЭДЭИ" АҚ, (келісу бойынша)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      АЭК – аймақтық электр желілік компаниясы;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;

      БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы даму бағдарламасы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ЕҚДБ – Еуропа Қайта құру және Даму банкі;

      ЕО – Еуропалық Одақ;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖТЭТ – жалпы түпкілікті энергия тұтыну;

      "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры;

      ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім;

      ЗТ МДҚ – "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      "КТЖ" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      КТҮ – көппәтерлі тұрғын үй;

      "ҚазҚСҒЗИ" АҚ – "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      м.б.т. – мұнай баламасындағы тонна;

      МКК АКЖ – "Мемлекеттік кірістер комитеті" ақпараттық жүйесі;

      МЭТ ААЖ – "Мемлекеттік энергетикалық тізілімі, автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ОЭТ – отын-энергетикалық теңгерім;

      ПӘК – пайдалы әсер коэффициенті;

      СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі;

      "ТКШ Қазорталық" АҚ – "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы;

      "ҰАТ" АҚ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ХЭА – Халықаралық энергетикалық агенттік;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

      "ЭЭДЭИ" АҚ – "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады