Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген 2-бөлімде:
"Өсімдік шаруашылығы" деген 2.1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында дақылдар топтары бойынша тұқымның жыл сайынғы қажеттілігі: дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақты – 2,0 млн тонна, майлы дақылдар – 87 мың тонна, жемшөп дақылдары – 23 мың тонна, картоп – 289 мың тонна. Жүгері, жеміс-жидек, жаңғақ, күздік қара бидай, көкөніс, бақша, картоп тұқымы және қант қызылшасы сияқты қалған дақылдар бойынша отандық селекцияның тұқымымен қамтамасыз етілу 10 %-дан аз.
Қазақстандағы тұқым шаруашылықтарын жарамды техникамен материалдық-техникалық жарақтандыру 36 %-ды құрайды, тұқым шаруашылықтары техникасының 60 %-дан астамының қызмет ету мерзімі 10 жылдан асады және жаңартуды қажет етеді.";
"Ауыл шаруашылығы кооперациясы және агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы" деген 2.6-кіші бөлім мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысында АӨК саласындағы жобаларды іске асыру үшін ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін жеңілдетілген Кредиттеу жөніндегі тетік іске қосылды. ӘКК арқылы кредиттеу тетігі әлеуетті инвестордың кредиттік өтінімін неғұрлым жедел қарауды, кепілмен қамтамасыз етудің икемді шарттарын (сатып алынатын жабдық пен малды кепілге алу), сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту жолымен ірі астық компанияларының экономикасын әртараптандыруды көздейді, бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осы тетіктің арқасында 2 жыл ішінде Солтүстік Қазақстанда 21 сүт-тауар фермасы салынды. Нәтижесінде шамамен 648 мың тонна сүт немесе ел бойынша барлық сүттің 10,3 % Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді.";
"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту пайымы" деген 4-бөлімде:
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту мақсатында саланы цифрландыру жөнінде шаралар қабылданып, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін қадағалап отыру жүйесі енгізілетін болады.";
"Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу" деген 4.3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
"Импортты алмастыру және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерімен толықтыру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК-тегі инвестициялық жобаларды (құс еті, сүт, қант қызылшасынан жасалған қант өндірісі, көкөніс өндірісі үшін суару) қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі кеңінен таратылатын болады. Бұл шара отандық өндіріс есебінен құс еті, сүт, қант және көкөністер бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешеннің құны 5 млрд теңгеден астам ірі зәкірлік импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларын "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы арқылы қаржыландыру жоспарлануда, ол жыл сайын түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 7 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылдан аспайтын мерзімге кәсіпорынның өзінің жоба сомасының кемінде 20 %-ымен қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көзі 85/15 пропорциясымен бюджет қаражаты және нарықтық қорландыру болып табылады.";
"Мемлекеттік қолдау" деген 4.10-кіші бөлімде жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"басым дақылдарды өсіруді ынталандыру, астықтың резервтік қорын, жем қорын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және қолдау үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жыл сайын 100 млрд теңгеге дейінгі сомаға қаржыландыру жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
жыл сайын 140 млрд теңгеге дейінгі қысқа мерзімді және орта мерзімді бюджеттік кредит шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыруды жалғастыру;";
"Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген 5-бөлімде:
"Өсімдік шаруашылығы" деген 5.1-кіші бөлімде мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің ауданы 2,5 млн га дейін жеткізіледі, сондай-ақ су үнемдеуші суару технологияларын кеңінен енгізу жолымен су ресурстарын үнемдеу қамтамасыз етіледі, суармалы жерлерге мониторинг жүргізу кезінде материалдық-техникалық базаны жақсарту және олардың қызмет аймағын кеңейту жолымен гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтің жұмысы жетілдіріледі.";
он алтыншы абзац алып тасталсын;
"Ауыл шаруашылығы кооперациясы, агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы" деген 5.6-кіші бөлімде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 7 жыл ішінде 1 трлн теңге жұмсалып, 1 млн астам ауыл тұрғындары қамтылады, кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысы тартылады және 350 мыңнан астам жұмыс орындары құралатын болады. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға өткізу нарықтарына қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте өңірдің мамандануына қарай ӘКК жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, әрбір ауылдық округ үшін үлгілік бизнес-жоспарлар әзірленетін болады";
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
"Мемлекеттік қолдау" деген 5.10-кіші бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қолданыстағы салық преференциялары сақталады. Жеңілдікті кредит беруді кеңейту бойынша, оның ішінде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған құны 5 млрд теңгеге дейінгі инвестициялық жобаларды іске асыруға АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жарғылық капиталын 2024 – 2025 жылдарға жыл сайын 30 млрд теңгеге дейін және "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жарғылық капиталын 2023 жылы 20 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде, кейіннен лизингке беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, жемшөп дайындау техникасын және мобильді суару жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін 2024 – 2025 жылдарға 30 млрд теңгеге дейін кейінен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-на инвестициялық жобаларға 40 млрд теңгеге дейінгі ұзақ мерзімді бюджеттік кредит бөлу және кредиттік серіктестіктер желісін дамыту жолымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның даму институттары арқылы, лизингтік бағдарламалардың және қазақстандық өндірістің әрқилы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру және (немесе) кейіннен лизингке беру үшін құрастыру үшін 2023 – 2025 жылдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жыл сайын 30 млрд теңгеге дейінгі мөлшердегі ұзақ мерзімді бюджеттік кредитінің жаңа бағыттарын әзірлеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.";
"Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген 6-бөлімде:
нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру;
2) 2030 жылы бидай түсімі – 20 ц/га;
3) 2030 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі – 7 %;
4) 2030 жыл отандық тұқыммен қамтамасыз ету деңгейі – 80 %-ға дейін;
5) 2030 жылы минералды тыңайтқыштарды деңгейі ғылыми қажеттіліктің 40 %-ына дейін енгізу;
6) азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі кемінде 90 %;
7) 2030 жылы меншікті өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету: алма – 100 %, шұжық өнімдері – 100 %, ірімшік пен сүзбе – 100 %, қант – 83 %, құс еті – 100 %;
8) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайту;
9) 2030 жылы АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімдердің үлесі – 70 %;
10) ауыл шаруашылығына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемін 4,2 есеге ұлғайту;
11) тамақ өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемін 3,4 есеге өсіру;
12) ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі – ЖІӨ-нің 0,5 %-ы;
13) ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы эрозияға ұшыраған жерлердің алаңы 2030 жылы жердің жалпы алаңына пайыздық қатынаста – 28,4 млн га;
14) 2030 жылы іске асырылған инвестициялық жобалар 1525 саны;
15) АӨК-тегі инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру;
16) ауыл халқының табысын арттыру тәжірибесін кеңінен тарату шеңберінде жұмыс орындарын құру;
17) 2023 жылы АӨК-тегі енгізілген аяқталған ғылыми әзірлемелердің үлесі – 40 % ;
18) 2030 жылы су үнемдеу технологиялары (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару) қолданылатын жерлер алаңы – 750 мың га;
19) 2030 жылы тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басының үлесі – 43 %.".
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымшада:
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 268 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша |
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Р/с |
Реформалардың/ | Аяқталу нысаны | Аяқтау мерзімі | Жауапты орындаушылар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||
1-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру: |
АШМ, ҰЭМ, ЭГТРМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, облыстардың, | ||||||
2-нысаналы индикатор. Бидай түсімділігі: |
АШМ, ҰЭМ, ЭГТРМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, облыстардың, | ||||||
3-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығы техникасы жаңарту деңгейі, %: | АШМ, ИИДМ облыстардың, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ( келісу бойынша), "КазАгроФинанс" АҚ (келісу бойынша), Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | ||||||
4-нысаналы индикатор. Отандық тұқыммен қамтамасыз ету деңгейі 80%-ға дейін: | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісім бойынша) | ||||||
5-нысаналы индикатор. Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми талаптың 40%-ына дейін | АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалалардың әкімдіктері және облыстар | ||||||
1. |
- өсімдік шаруашылығын; | бөлінген субсидиялардың көлемі туралы мәліметтер | жыл сайын | АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | |||
2. | Жоғары рентабельді (майлы дақылдар, көкөніс, бақша дақылдары, жемшөп дақылдары) дақылдар алқаптарын ұлғайтуды және суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын (күріш, мақта) қысқартуды көздейтін өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізу | майлы, көкөніс, бақша, жемшөп дақылдары алқаптарын ұлғайту және күріш пен мақта алқаптарын азайту | 2022–2027 жылдар |
АШМ, облыстардың, | |||
3. | Кейіннен лизингке беру үшін техника, жем- дайындайтын техника және мобильді жүйелер сатып алуды қаржыландыру мақсатында кейіннен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын 2023 жылы 20 млрд теңгеге дейін, 2024-2025 жылдарға жылсайын 30 млрд теңгеге ұлғайту | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп | жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ( келісу бойынша), "КазАгроФинанс" АҚ (келісу бойынша) | |||
4. | 2023-2025 жылдары қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды және/немесе кейіннен лизингке беру үшін құрастыруды қаржыландыру үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға жыл сайын 30 млрд. теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік кредит бөлу | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп | жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ( келісу бойынша), "КазАгроФинанс" АҚ (келісу бойынша) | |||
5. | Инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының шекті құнының лимиттерін қайта қарау | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2026 және 2029 жылдар |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, СЖРА (келісу бойынша), облыстардың, | |||
6. | Тұқымдарды қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу | пайдалануға беру актісі | 2024 жылғы наурыз |
АШМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, | |||
7. | Сорт сынау желісін жаңғырту | пайдалануға беру актісі | 2025 жылғы желтоқсан |
АШМ, облыстардың, | |||
8. | Қазақстанның өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа қосылуын регламенттейтін заңнамалық шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы шілде |
АШМ, ҰЭМ, облыстардың, | |||
9. | Қазақстан Республикасында ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізудің рұқсат беру (шектеу) сипатына қайтуды регламенттеудің орындылығын қарау |
Үкіметке ақпарат | 2024 жылғы шілде | АШМ, ҰЭМ | |||
10. | Отандық тұқым шаруашылығын және аграрлық ғылымды дамыту | Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары | 2024-2028 жылдар |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, | |||
11. |
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізу: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2025 жылғы желтоқсан |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, облыстардың, | |||
12. | Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту және олардың ассортиментін кеңейту | Өндіріс көлемі туралы есеп |
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін | ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
13. |
Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметін жетілдіру |
"Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы |
2024 жылғы желтоқсан | АШМ, Қаржымині | |||
6-нысаналы индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі кемінде 90 %. | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ||||||
7-нысаналы индикатор. Отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз етілуі: |
АШМ, облыстардың, | ||||||
14. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-на 2023-2024 жылдарға 40 млрд теңге ұзақ мерзімді бюджеттік кредит бөлу | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп |
2023-2024 жылдар, | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісім бойынша) | |||
15. |
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп |
2024-2025 жылдар, | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісім бойынша) | |||
16. | Ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау |
Қазақстан Республика | 2022 жыл |
АШМ, облыстардың, | |||
17. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін орта мерзімді негізде қолдау үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жыл сайын 140 млрд. | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп |
2024-2030 жылдары, | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісім бойынша) | |||
18. | Белгіленген индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді енгізе отырып, субсидия алушыларды түпкілікті нәтиже алуға ынталандыру жөніндегі тетіктерді әзірлеу | АШМ бұйрықтары | 2022 жылғы желтоқсан | АШМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), ИИДМ, ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
19. | "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ жарғылық капиталын 800 мың тонна көлемінде форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша АӨК субъектілерінен кепілді астық сатып алуды қамтамасыз ету үшін 100 млрд теңгеге ұлғайту. | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп | 2024 жылы |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, | |||
20. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жүзеге асыру үшін "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ-на 800 мың тонна сомасында 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлу | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп | 2024-2030 жылдары |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, | |||
8-нысаналы индикатор. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайту: | АШМ, СИМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ||||||
9-нысаналы индикатор. АӨК өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімдердің үлесі, %-бен: | АШМ, мудделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | ||||||
21. | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша кемінде 7 ірі экожүйе қалыптастыру | ҚР Президенті Әкімшілігіне ақпарат | жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 мамырға дейін | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
22. |
Мәселелерді заңнамалық реттеу: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы шілде | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
23. | Шегіртке тектестер мен басқа да зиянкестерді, аурулар мен арамшөптерді зерттеп-қарау, мониторингтеу жөніндегі деректерді, фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау мен қадағалау нәтижелерін жинау жүйесін автоматтандыруды және цифрландыруды енгізу | пайдалануға беру актісі | 2024 жылғы желтоқсан | АШМ, ЦДИАӨМ | |||
24. | Қайталануды болдырмау үшін жүктелген функцияларды ескере отырып, АӨК МИК ведомстволық бағынысты ұйымдарын біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу | Үкіметке ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | АШМ, Қаржымині, МҚІА (келісу бойынша) | |||
25. | Фитосанитариялық тәуекелді басқару мен фитосанитариялық қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін енгізу | пайдалануға беру актісі | 2024 жылғы наурыз | АШМ, ЦДИАӨМ | |||
26. | Барлық аумақтық инспекциялар мен фитосанитариялық бақылау бекеттерінің интернетке шығуын қамтамасыз ету | интернетпен 100 % қамту | 2022 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, АШМ | |||
27. | "Сұр" пестицидтердің айналымын болдырмау үшін өсімдіктерді қорғау құралдарының айналымын бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізу | ақпараттық жүйе құру | 2024 жылғы тамыз | АШМ, ЦДИАӨМ | |||
28. |
Ветеринария жүйесін: | Үкіметке ақпарат | 2022 – 2026 жылдар |
АШМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҒЖБМ, Еңбекмині, облыстардың, | |||
|
- Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметінің халықаралық сарапшыларымен аудит жүргізу; | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін | АШМ, СИМ, СІМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
| Ветеринариялық, фитосанитариялық және карантиндік қызметті жаңғырту | Ветеринариялық және фитосанитариялық қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру | жыл сайын |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, | |||
31. | Ветеринария саласындағы цифрландыру | Ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу, жетілдіру, қамтамасыз ету, сүйемелдеу, BI аналитика, интеграциялау | жыл сайын | АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | |||
32. | Ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіру | Үкімет аппаратқа ақпарат | жыл сайын | АШМ | |||
33. | Ветеринариялық препараттардың айналымын бақылауды күшейту | Ветеринариялық препараттардың айналымын фармакологиялық қадағалау | жыл сайын | АШМ | |||
34. | Ветеринариялық мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру | Ветеринариялық санитариялық инспекторларды, ветеринария саласындағы мамандарды оқыту. | жыл сайын |
АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | |||
35. | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрық | 2022 жылғы наурыз |
АШМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
10-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 4,2 есеге ұлғайту: |
АШМ, | ||||||
36. | Кредиттік серіктестіктер жүйесін институционалдық дамыту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы желтоқсан | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
11-нысаналы индикатор. Тамақ өнімдерін өндіруде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің 3,4 есеге өсуі: |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, | ||||||
37. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен трансұлттық компания арасындағы инвестициялар туралы келісімге қол қою | келісім | 2022 жылғы желтоқсан |
АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, | |||
12-нысаналы индикатор. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі – ЖІӨ-нің 0,5 %-ы: | АШМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ||||||
38. | Мемлекеттік субсидиялау жүйесін әзірлеу және енгізу | пайдалануға беру актісі | 2022 – 2023 жылдар | АШМ | |||
39. | Жаңа цифрлық аграрлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу | білім беру бағдарламаларының тізілімі | 2030 жылға дейін | АШМ, ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), аграрлық ЖОО-лар (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
40. | АӨК-ті талдаумен болжауға арналған АШМ ахуалдық орталығын құру және оның жұмыс істеуі | АӨК ахуалдық орталығы | 2022 – 2030 жылдар | АШМ, Қаржымині, СИМ, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
41. | АӨК-те қадағалап отыру жүйесін енгізу | пайдалануға беру актісі | 2022 – 2023 жылдар | АШМ | |||
42. | Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру | ақпараттық жүйе | 2022 – 2023 жылдар | АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | |||
13-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы эрозияға ұшыраған жерлердің жалпы жер алаңы: |
АШМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, | ||||||
43. | АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің әкімшілендіруімен жер ресурстарын басқарудың тік орнықты жүйесін құру |
Қазақстан Республика | 2022 жыл |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ (келісу бойынша), облыстардың, | |||
14-нысаналы индикатор. Іске асырылған инвестициялық жобалар саны: |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, қала әкімдіктері | ||||||
15-нысаналы индикатор. Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру: |
АШМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, қала әкімдіктері | ||||||
44. | АӨК-де инвестициялық жобаларды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының сүт, құс етін өндіру, суару жүйелерін, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тәжірибесін кеңінен тарату шеңберінде іске асыру | үкіметке ақпарат | жыл сайын |
АШМ,ҰЭМ, Қаржымині, қалалардың әкімдіктері | |||
45. | "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-қа агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 7%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік кредит беру | тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп |
Жыл сайын | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ", АҚ "Қазақстанның даму банкі" | |||
16-нысаналы индикатор. Ауыл халқының табысын арттыру тәжірибесін кеңейту шеңберінде жұмыс орындарын құру: |
АШМ, Еңбекмині, облыстар, | ||||||
46. | 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бағыттау және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту және микрокредит берудің және сату нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етудің есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру | ҚР Президенті Әкімшілігіне ақпарат | 2023-2029 жылы |
АШМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, облыстар, | |||
47. |
Қазақстанда органикалық өндірістің жүйелі және жедел проблемаларын шешудегі кешенді тәсілді іске асыру мақсатында ҰКП базасында Органикалық өндірісті қолдау жөніндегі ғылыми-технологиялық және практикалық орталық ("ORGANIC" жобалық офисі) құру: |
"ORGANIC" жобалық офисі | 2022 жылғы наурыз | АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
48. | Халықаралық және өңірлік құжаттар мен стандарттардың ережелерімен және нормаларымен үндестірілген "Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы желтоқсан |
АШМ, СИМ, ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
49. | Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрығы | 2022 жылғы сәуір |
АШМ, СИМ, ДСМ, ЭГТРМ, СІМ, АҚДМ, облыстардың, | |||
17-нысаналы индикатор. Агроөнеркәсіптік кешендегі енгізілген аяқталған ғылыми әзірлемелердің үлесі, %: | АШМ, ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша) | ||||||
50. | ЖОО-лар, ҒЗИ, тәжірибе шаруашылықтары, колледждер және агроқұрылымдар базасында жұмыс істеп тұрған білім тарату орталықтарының желісін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша шетелдік консультанттардың оқыту семинарларын өткізу практикасын кеңейту | АШТӨ-ні оқыту туралы есеп | жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 20 маусым | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЖАО, білім беру ұйымдары | |||
51. | Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру арқылы АӨК-ті ғылыми қамтамасыз ету | ғылыми-техникалық бағдарламалар | жыл сайын | АШМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша) | |||
52. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған салалық гранттарды енгізу | коммерцияландыру жөніндегі жобалар | жыл сайын | АШМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
53. | Аграрлық жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту | жаңартылған білім беру бағдарламалары | жыл сайын | АШМ, ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
54. | Мемлекеттік тапсырма арқылы АӨК-те білім тарату орталықтарын дамыту | АШТӨ-ні оқыту туралы есеп | жыл сайын | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҒЖБМ, БҚДА (келісу бойынша), "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЖАО, білім беру ұйымдары | |||
55. | Трансфертті цифрландыруды және агротехнологияларды коммерцияландыруды дамыту | есеп | жыл сайын | АШМ, ЦДИАӨМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
56. | Ауыл шаруашылығы саласында ақпараттық технологияларды енгізу және цифрландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру ("AgriTech" технологиялық платформасы) | "AgriTech" технологиялық платформасы | 2022 – 2030 жылдар | АШМ, ЦДИАӨМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | |||
18-нысаналы индикатор. Су үнемдеу технологиялары (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару) қолданылатын жерлер алаңы: | АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | ||||||
57. | Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметтің қызмет аясының кеңеюіне байланысты олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту |
суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар | жыл сайын | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ | |||
58. | АӨК субъектілерінің суару жүйелерін сатып алуы үшін облыс әкімдіктеріне және уәкілетті қаржы институттарына бюджеттік кредит беру және оларды орнатуға дайындық жұмыстарын қаржыландыру | сатып алынған спринклерлердің саны | жыл сайын | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | |||
19-нысаналы индикатор. Тұқымдық конверсиямен қамтылған асыл тұқымды малдың үлесі: |
АШМ, облыстардың, | ||||||
59. | 200 мың тонна көлемінде жем-шөп қорын құру | жем-шөп қоры | 2022 жылғы қантар |
АШМ, облыстардың, | |||
60. | Құс шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы желтоқсан |
АШМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
61. | Сүтті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы желтоқсан |
АШМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
62. | Қой шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы желтоқсан |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
63. | Етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | МО бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы желтоқсан |
АШМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, облыстардың, | |||
64. | "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" КеАҚ жанындағы Инновациялық ғылыми-өндірістік зертханасын құру мақсатында "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" КеАҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ жарғылық капиталын ұлғайту | АШМ бұйрықтары | 2023-2025 жылдар |
АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, |