Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
ЖОБА |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 53-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің жұмысын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.";
2) 54-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
бірінші абзацы "қауіпсіздік" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің қызметін қамтамасыз ету және ұстау;";
3) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
бірінші абзацы "қауіпсіздік" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің қызметін қамтамасыз ету және ұстау;".
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 2-баптың екінші бөлігіндегі "негіздері" деген сөз "негізі" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
2) тармақ "мөлшер –" деген сөзден кейін "197 – мүліктің айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын құны;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақ "орындауды бұзуды;" деген сөздерден кейін "әскери немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақ "әуе немесе теңіз" деген сөздерден кейін "әскери немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 24-бапта:
тақырыптағы "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және бесінші бөліктердегі "қылмыс" және "қылмысқа" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылық" және "қылмыстық құқық бұзушылыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
4) 41-баптың жетінші бөлігіндегі "аяқталмаған қылмыс" деген сөздер "қылмысқа дайындалғаны немесе қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 42- баптың алтыншы бөлігіндегі "аяқталмаған қылмыс үшін жаза" деген сөздер "қылмысқа дайындалғаны немесе қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталғаны үшін жаза" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 43-бапта:
2-2-бөліктегі "аяқталмаған қылмыс үшін жаза" деген сөздер "қылмысқа дайындалғаны немесе қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталғаны үшін жаза" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.";
7) 44-бапта:
бірінші бөлікте:
"жас балалары бар әйелдер" деген сөздер "жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер" деген сөздер "жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік "ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды;" деген сөздерден кейін "алкогольді, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес мақсатта қолданбау; тұрақты жұмыс немесе оқу болмаған кезде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелу, " деген сөздермен толықтырылсын;
8) 45-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның ауыстырылып берген жазаның бүкіл мерзіміне немесе қоғамнан оқшаулауды білдіреді.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдерге, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды және жазаны ауыстыру тәртібімен қолданылмайды.";
9) 48-бапта:
бірінші бөліктегі "сотталған адамның меншігіндегі," деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 5) тармағындағы "сотталған адам" деген сөздер алып тасталсын;
10) 50-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Азаптау жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салудан тұрады.";
11) 53-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кінәлінің жас баласының болуы, сонымен қатар тәрбиесінде;"
12) 55-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделсе, осы бөлімнің ережелері қолданылмайды.";
13) 63-баптың алтыншы бөлігі "сыбайлас жемқорлық қылмыс," деген сөздерден кейін "азаптау," деген сөзбен толықтырылсын;
14) 67-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"67-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан және жазаны өтеуден босату
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босатылады.";
15) 68-баптың екінші бөлігінде "балалары бар әйелдер, жас балаларын" деген сөздер "баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдерге, жас баласын" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 72-бапта:
бірінші бөлікте:
"жас балалары бар" деген сөздер "жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздер "жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде сот осы Кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылауды белгілейді.
Өмір бойы бас бостандығынан айырылған адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде пробациялық бақылау он жыл мерзіміне тағайындалады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде пробациялық бақылау қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде белгіленбейді.";
үшінші бөліктің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттің бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.";
төртінші бөлікте:
"жас балалары бар" деген сөздер "жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздер "жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздер "бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде бестен бірін, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.";
жетінші бөлікте:
2) тармақта:
"жас балалары бар" деген сөздер "жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздер "жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақ "осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот" деген сөздерден кейін "шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануын жоя отыра" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлікте:
3) тармақта:
"жас балалары бар" деген сөздер "жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздер "жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5)-8) тармақтармен толықтырылсын:
"5) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеумен аустырылған сотталғанына;
6) бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде босатылғандар;
7) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар
8) азаптау үшін сотталғандар.";
17) 73-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот жазаның өтелмеген қалған бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырған жағдайда, жазаның жаңа түрін есептеудің басталу мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен регламенттеледі.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн – жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан азаптау, террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды. Адамдардың қаза болуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға осы бөліктің бірінші абзацында көрсетілген мерзімдерді нақты өтегеннен кейін жазаның қалған өтелмеген бөлігін, егер ол алдын алуға, ашуға немесе террористік немесе экстремистік қылмыстарды тергеу, террористік немесе экстремистік топ мүшелерін әшкерелеуге белсенді жәрдем көрсетсе, жазаның неғұрлым жеңіл түрімен сот ауыстыруы мүмкін.";
18) 74-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған сотталған әйелдер мен жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы ұсынады. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.";
19) 77-баптың бесінші бөлігіндегі ", экономикалық қызмет саласында" деген сөздер алып тасталсын;
20) 78-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Рақымшылықты қолдану шарты мен тәртібі рақымшылық жасау туралы актiмен бекітіледі.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен сотталғандығы алып тасталуы мүмкiн.
Кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.";
21) 93-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы "химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу" деген сөздер "химиялық кастрацияны" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 138-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бала асырап алу (қыз бала асырап алу) фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасаған, бала асырап алу (қыз бала асырап алу) құпиясын бала асырап алушының (қыз бала асырап алушының) еркiне қайшы жария етуi –";
23) 144-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға, таратуға, жарналамауға және сатуға тарту";
"Кәмелетке" деген сөзден кейін "1. Кәмелетке" деген сөзбен толықтырылсын;
24) 156-бапта:
екінші бөлігінің екінші абзацындағы "үш жылға" деген сөздер "екі жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз," деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы "үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз" деген сөздер "төрт жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 161, 179 және 180-баптарға мемлекеттік тілде редакциялық түзету, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
161-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақырулар
1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақырулар, –";
179-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақырулар, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақырулар, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату, –";
180-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақырулар, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату,–";
26) 189-бапта:
үшінші бөлікте "мүлкi тәркiленіп," деген сөздерден кейін "ұрланған мүліктің екі еседен үш есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл салынады немесе";
төртінші бөлік "немесе онсыз," деген сөздерден кейін "ұрланған мүліктің екі еседен үш есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл салынады немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 190-бапта:
екінші бөліктің 4) тармағы "теріс пайдалану жолымен" деген сөздерден кейін "немесе интернет желілерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "мүлкi тәркiленіп," деген сөздерден кейін "ұрланған мүліктің екі еседен үш есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл салынады немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік "немесе онсыз," деген сөздерден кейін "ұрланған мүліктің үш еседен бес есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл салынады немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 197-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы "шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз" деген сөздерден кейін "айтарлықтай мөлшерде жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлігіндегі "3)" деген цифр "2)" деген цифрмен ауыстырылсын;
29) 205-бапта:
тақырыптағы "ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктегі бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Электрондық жеткізгіштегі немесе ақпараттандыру объектісінде заңмен қорғалатын ақпаратқа, елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу –";
30) 206-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Электрондық жеткізгіште, ақпараттандыру объектісінде қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер елеулі зиянға әкеп соқса, –";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінде қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты оған көрінеу жалған ақпаратты енгізу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
31) 207-бапта:
тақырыптағы "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің" деген сөздер "Ақпараттандыру объектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің" деген сөздер "Ақпараттандыру объектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
32) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
1. Заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз ақпараттандыру объектісінде ұсталатын немесе электрондық тасығышта сақталатын, көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл елеулі зиянға әкеп соқса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінде сақталатын, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана заңсыз көшіру немесе өзге де заңсыз иемдену, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған іс-әрекеттер, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
33) 209-баптың бірінші бөлігіндегі "электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін" деген сөздер "ақпараттандыру объектісінде немесе электрондық тасығышта қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 210-бабының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Электрондық жеткізгіште немесе ақпараттандыру объектісінде қамтылған ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату –";
35) 223-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға" деген сөздер "елеулі зиян келтірсе" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 234-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы "сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына" деген сөздерден кейін "өткізілген тауарлар құнының екі еседен үш есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің жетінші абзацында "үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына" деген сөздер "айыппұл мөлшерінде жазаланады өткізілген тауарлар құнының үш еседен бес есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы "мүлкi тәркiленiп" деген сөздерден кейін "өткізілген тауарлар құнының бес еседен он есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 236-бапта:
бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не" деген сөздер "төленбеген кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары құнының екі еседен үш есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінің екінші абзацындағы "бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына" деген сөздер "төленбеген кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары құнының үш еседен бес есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"төленбеген кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары құнының бес еседен он есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
38) 245-бапта:
бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына" деген сөздер "бюджетке түспеген төлемдердің екі еседен үш есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінің екінші абзацындағы "төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына" деген сөздер "бюджетке түспеген төлемдердің үш еседен бес есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 251-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"251-бап. Жеке нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, коллекторлық агенттіктердің қызметкерлерінің, аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін медиаторлар мен аудиторлардың өкілеттіктерін теріс пайдалануы
1. Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен, медиатормен, аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор немесе аудиторлық ұйымның басшысымен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануы немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру не басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, –";
40) 252-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"252-бап. Жекеше күзет қызметтері, коллекторлық агенттіктері жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы
1. Жекеше күзет қызметі басшысының немесе жұмыскерінің оларға лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін асыра пайдалануы, сол сияқты борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен әрекеттесетін коллекторлық агенттік жұмыскерлерінің, коллекторлық қызмет туралы заңнамада көзделген өкілеттіктерін өз қызметінің мiндеттерiне қайшы асыра пайдалануы, егер бұл іс-әрекет күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, мүліктің жою немесе бүлдіру қаупімен, жалған құжаттарпен, бопсалау арқылы жасалса, –";
41) 253-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында "бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздер "он еседен жиырма есеге дейінгі сомасы немесе берілген мүліктің құны мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 256-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырулар
1. 1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырулар, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –";
43) 307-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы "жасаған дәл сол іс-әрекеттер" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
"5) бірнеше рет жасаған дәл сол іс-әрекеттер, –";
44) 318-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "Лауазымды адам жасаған не" деген сөздерден кейін "абайсызда" деген сөзбен толықтырылсын;
45) 323-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "егер бұл" деген сөздерден кейін "абайсызда" деген сөзбен толықтырылсын;
46) 324-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы "ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздерден кейін "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет, - ";
47) 325-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, –";
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер, –";
326-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер, –";
49) 328-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер, –";
50) 329-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірс" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, –";
51) 330-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, –";
52) 332-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы "көзделген" деген сөзден кейін "абайсызда" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
"аумақтарда" деген сөзден кейін "абайсызда" деген сөзбен толықтырылсын;
"зардаптардың басталуына алып келген" деген сөздер "зардаптарға әкеп соққан" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 333-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе" деген сөздер "абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залалға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет,-";
54) 370-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса" деген сөздер "елеулі зиян келтірсе" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 385-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы "не сол мерзiмге" деген сөздерден кейін ", бас бостандығынан айыруға жазаланады жылдар немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы "не сол мерзiмге" деген сөздерден кейін ", бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады төрт жыл немесе онсыз." деген сөздермен толықтырылсын;
56) 387-бабының тақырыбындағы "Әскери қызметтен босатуға" деген сөздер "Осы қызметтен босату үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 392-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
"бір мың" деген сөздер "екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бір жылға" деген сөздер "үш жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бес жыл мерзімге" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Мынадай:
1) адамдар тобымен, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
2) бірнеше рет;
3) өзіне қатысты өзіне көрінеу белгілі Қазақстан Республикасына кіруге не Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу (уақытша шектеу) белгіленген тұлға сол әрекеттер жасалған, –
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жібере отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөлікте:
бірінші абзацындағы "Қылмыстық топ" деген сөздер "Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бес жыл мерзімге" деген сөздер алып тасталсын;
394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
1. Көлік құралдарын не жалған құжаттарды не тұрғын немесе өзге де үй-жайларды ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіру, шығу, өткізу үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру –
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жібере отырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып адам немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол әрекет, –
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жібере отырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет, –
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жібере отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
59) 405-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жыл мерзімге" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жыл мерзімге" деген сөздер алып тасталсын;
60) 406-баптағы "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына" деген сөздер "елеулі зиян келтірсе" деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 408-бапта:
тақырып келісі редакцияда жазылсын:
"408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық соты судьясының, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты адамның өміріне қол сұғу";
бірінші абзацы "сарапшының," деген сөзден кейін "маманның," деген сөзбен толықтырылсын;
62) 409-бапта:
тақырып келісі редакцияда жазылсын:
"409-бап. Сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуға байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері";
екінші бөліктің бірінші абзацы "сарапшының," деген сөзден кейін "маманның," деген сөзбен толықтырылсын;
63) 428-бапта:
тақырып келісі редакцияда жазылсын:
"428-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларының заңды талаптарына бағынбау";
бірінші бөліктің бірінші абзацы келісі редакцияда жазылсын:
"1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбауы, –";
үшінші бөліктің бірінші абзацы келісі редакцияда жазылсын:
"3. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларының заңды талаптарына топтық бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты зорлық-зомбылық қолданумен ұштасқан немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтық бағынбауға қатысу, –";
64) 435-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "егер бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сол сияқты адвокатқа немесе оның жақындарына қатысты зорлық-зомбылық немесе оны қолдану қатерін қолдана отырып не олардың мүлкін бүлдіре немесе жоя отырып жасаған дәл сол іс-әрекет,-";
65) 438-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірумен жасалған дәл осындай әрекет, –
төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай:";
3) тармақтағы "немесе ауырлығы орташа" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы "бірінші" деген сөзден кейін ", 1-1" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші немесе екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 439-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірумен жасалған дәл осындай әрекет, –
төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші немесе 1-1 бөліктерінде көзделген мынадай:
1) адамдар тобымен немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
2) қаруды қолдану арқылы;
3) денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер,";
үшінші бөліктің бірінші абзацы "бірінші және екінші" деген сөздерден кейін ", 1-1" деген цифрмен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші немесе екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 440-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер, –
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
үшінші бөлікте:
"немесе екінші" деген сөздер ", екінші немесе 2-1" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақтағы "немесе ауырлығы орташа" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы "екінші" деген сөзден кейін ", 2-1" деген цифрмен толықтырылсын;
68) 443-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы "төтенше жағдайда" деген сөздерден кейін "Жауынгерлік жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
69) 445-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
70) 450-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса" деген сөздер "елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырса" деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 451-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы" деген сөздер "елеулі зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 452-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса" деген сөздер "елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырса" деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 459-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi," деген сөздер "Қару-жарақты, жүріп-тұру құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі" деген сөздер "төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"не сол мерзімге" деген сөздер "не төрт жылға дейінгі мерзімге бас" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жылға дейін" деген сөздер "үш жылдан сегіз жылға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 460-бапта:
бірінші абзацтағы "Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi," деген сөздер "қару-жарақты" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
75) 461-баптың бірінші абзацындағы "қару-жарақты, оқ-дәрілерді" деген сөздер "қару-жарақты" деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 462-бапта:
тақырыптағы "қару-жарақпен" деген сөздер "қару-жарақпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен" деген сөздер "қару-жарақпен," деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 464-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "жауынгерлік техниканың істен шығуына" деген сөздерден кейін "әскери немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
3. 2014 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 42-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуге құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Бұл ретте қылмыстық процестің тараптарына қылмыстық істің материалдарына электрондық форматта қолжетімділік беріледі.
Қылмыстық процеске қатысушының қылмыстық істі қағаз түрінде жүргізу туралы дәлелді өтінішхаты келіп түскен жағдайда не қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процесті электрондық форматта жүргізу туралы қаулыға қылмыстық процеске қатысушылар осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.";
2) 43-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Бір іс жүргізуде пара беру, пара алу немесе коммерциялық пара беру туралы өзара байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер де біріктірілуі мүмкін.";
бесінші бөлік алып тасталсын;
3) 62-баптың бірінші бөлігі "бөлімінің" деген сөзден кейін "(бөлімшесінің)" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 65-бапта:
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы 6-1) тармақпен толықтырылсын:
"6-1) қорғау актісіне қол қою.";
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
"4-1) қорғау актісіне қол қою;";
5) 70-баптың 2-бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:
адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арызбен, хабармен;
осындай арызда, хабарда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, оларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы баянатпен танысуға құқылы.
Қорғаудағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларының;
бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдындағы өтінішхатының;
өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:
бұлтартпау шарасын қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;
тергеу, жедел-тергеу тобын құру;
қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;
азаматтық талапкер деп тану;
күдікті деп тану;
күдіктінің іс-әрекетін саралау;
бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;
қорытынды беру үшін маманды тарту;
сот сараптамасын тағайындау;
мүлікке тыйым салуды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;
тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;
қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;
тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;
тергеу экспериментін жүргізу;
сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу
туралы қаулыларының көшірмелерін ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан алуға құқылы.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:
маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.
Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;";
6) 76-баптың екінші бөлігіндегі "қорғаушы" деген сөздер "жәбірленушінің өкілі ретінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 105-баптың бірінші бөлігіндегі "прокурорға немесе сотқа" деген сөздер "прокурорға, сотқа"деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 106-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, сонымен қатар оның қорғаушысы (қорғаушылары) қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар осы Кодекстің 105-бабында көзделген тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа беріледі.
Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.";
9) 107-баптың төртінші бөлігі "әрекеттері" деген сөзден кейін "(әрекетсіздігі)" деген сөзбен толықтырылсын;
10) 112-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерiнiң хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық iс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негiзiне жатқызуға болмайды. Күдіктінің, сонымен қатар қорғалуға құқығы бар куәнің, одан куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ оны айыптау негiзiне жатқызуға болмайды.";
11) 122-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік іс-әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізу туралы талаптар прокурормен келісілуге тиіс. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.";
12) 129-баптың үшінші бөлігі "жеткізілгендігі туралы дереу анықтама" деген сөздерден кейін "адамға жеткізу негізі мен уақыты көрсетіле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
13) 145-баптың үшінші бөлігі "мөлшерде" деген сөзден кейін ",бірақ қылмыстардың тиісті санатындағы кепілдің ең төменгі мөлшерінің жартысынан төмен емес," деген сөздермен толықтырылсын;
14) 148-бапта:
сегізінші бөліктегі "санкциялау туралы қаулы шығарған кезде," деген сөздер ",148 баптың тоғызыншы бөлігіндегі 2) тармағындағы көзделгеннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөліктегі 3) және 4)-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-бөлікпен толықтырылсын:
"9-1. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде кепіл:
1) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі келтіреді немесе тергеу мен соттан жасырылады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;
2) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қызметті жалғастыруы туралы деректердің болған жағдайларда белгіленбеуі мүмкін.";
15) 158-баптың жетінші бөлігі "ең төмен бір жалақы мөлшерiнен," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен," деген сөздермен толықтырылсын;
16) 161-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленген мерзім өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар ете отырып, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы қаулы шығаруға не белгіленген уақытша шектеуді алып тастауға міндетті.";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, он тәуліктен аспайтын мерзімге мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруға не мүлікті алып қоюға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру не оны алып қою мерзімі өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар етіп, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жоюға және (немесе) оны қайтаруға міндетті.";
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
"10. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленген, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасау тоқтатыла тұрған мерзім өткен және тергеу сотының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялауы туралы қаулы келіп түспеген жағдайларда, қаржы ұйымдары және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды дереу хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге уақытша шектеуді, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруды өз бетінше алып тастауға міндетті.";
17) 179-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады.
Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделгенбұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы;
3) егер олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылса, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі маманының кәсіпкерлік субъекті алған залалдың, елеулі зиянның немесе заңсыз кірістің расталмаған белгілері бар қорытындысы негізінде;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын азаматтық-құқықтық дау бар;
5) салықтық тексеру актісін, қорытындыларында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігін көрсететін жеткілікті деректер бар салық қызметі органдары маманының қорытындысын (анықтамасын) қоса бермей:
жоғары тұрған органның шешімі күшіне енгенге дейін салық қызметі органдарының актілеріне сотқа дейінгі және сотқа шағымданған кездегі;
жұмыстарды нақты орындаусыз, қызметтер көрсетусіз, тауарларды тиеп-жөнелтусіз мәмілелер бойынша есептеулер жүргізілген не декларацияны тапсыру міндетті болып табылатын декларацияны ұсынбаған не басқа салық салу объектілерін жасыру жолымен кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді декларацияға енгізген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын толық ерікті түрде өтеу кезіндегі салық заңнамасы саласындағы бұзушылықтар туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақтарында көрсетiлген талаптар шарттық мiндеттемелердi жосықсыз орындау үшiн ұжымдық, көптеген өтiнiштер беру жағдайларына қолданылмайды.";
18) 187-бапта:
бірінші бөлікте:
"208 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "208 (2-1 және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"352," деген цифрлардан кейін "352-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздерден кейін "438 (1-1, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (1-1, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі "443 (үшiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
19) 188-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерденемесеақпараттық жүйе немесе Интернет арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда жәбірленушініңтұратын жерінде жүргiзiлуi мүмкiн.";
20) 190-бапта:
4-2-бөліктегі "бірінші және 1-1" деген сөздер "бірінші, 1-1 және 1-2" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік "жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді" деген сөздерден кейін "айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы шығарады" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 191-бапта:
екінші бөліктегі "207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі "440 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "440 (2-1, үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөліктегі "бірiншi бөлiгінде" деген сөздер "бірiншi, 1-1 бөлiгінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 192-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Бірнеше іс біріктірілген іс бойынша іс жүргізу мерзімі бірінші қылмыстық іс басталған күннен бастап есептеледі. Егер Біріккен істердің бірі бойынша бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау не үй қамағына алу қолданылса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледі.";
23) 193-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақтағы "не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
"11-1) сотқа дейінгі тергеп тексеруді толық көлемде немесе нақты тұлғаларға қатысты қысқартады;";
24) 197-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"7. Кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекетін жүргізу кезінде оның заңды өкілдері, сонымен қатар педагогы пен (немесе) психологы қатысуға құқылы.";
25) 201-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi, жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.
Қорғаушы прокурордың рұқсатымен және қорғаушының келісімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпей, қылмыстық қудалау органдарын жариялауға теріске шығаруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.";
26) 213-бапта:
тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың, беттестірудің (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері
1. Жәбірленушіден, куәдан, қорғауға құқығы бар куәдан, күдіктіден, оның ішінде қорғаушының қатысуымен жауап алу, оны олар аумағында болған не тұратын ауданның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан тікелей қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алу:
1) адамның денсаулық жағдайы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру (қарау) жеріндегі қылмыстық процесті жүргізетін органға тікелей келуі мүмкін болмайтын;
2) адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын;
3) жас немесе кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу жүргізілген;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің сақталуын, істің сотта қаралуын қамтамасыз ету үшін қажет болған;
5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын
"3. Байланыс бейнесін дыбыстық және бейнежазба режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу, күндізгі ставка хаттамасында олардың көмегімен тергеу әрекеті жүргізілетін дыбыстық және бейнежазбаның ғылыми-техникалық құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді";
27) 215-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алу ерекшелiктерi
1. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері, сондай-ақ педагог және (немесе) психолог қатысуға құқылы.";
28) 220-баптың он үшінші бөлігіндегі "ауыр" деген сөз "ауыр" деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 232-баптың сегізінші бөлігіндегі "Кәсіби көмекті жүзеге асыратын" деген сөздер "Құқықтық көмекті жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 254-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Санкцияланған тінту және алу он тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.".
31) 255-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке басын тiнтудi тiнтілетін адаммен жынысы бiр адам ғана және (немесе) сондай жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргiзедi.";
32) 257-бапта:
алтыншы бөліктегі "айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде маман қатысуға құқылы." деген сөздер "айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде маманның қатысуымен өткізіледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі "Хаттамада айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылаудың жағдайлары, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi көрсетіледі." деген сөздер алып тасталсын;
33) 258-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тергеу эксперименті барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментіне қатысуға маман, сарапшы тартылады. Күдіктіні, жәбірленушіні, куәгерді және тәжірибелік әрекеттерді жүргізетін адамдарды тарту олардың келісімімен жүзеге асырылады. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаттары мен тәртібі түсіндіріледі";
34) 260-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары және лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген талабы бойынша өз құзыреті шегінде жоспардан тыс тексеру, құжаттамалық ревизия немесе өзге де қызметтік тексеру жүргізуге және ревизия немесе тексеру актісін барлық қосымшаларымен бірге белгіленген мерзімде ұсынуға міндетті.";
үшінші бөліктегі "қателердің" деген сөз "кемшіліктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 272-бапта:
бірінші бөліктегі "тергеу судьясы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "тергеу судьясының" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
"4–1. Қылмыстық процесті жүргізетін Орган сараптама тағайындап, сот сараптамасы органына жіберілгенге дейін қорғаушыны барлық сараптама объектілерімен, оның ішінде арнайы жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-әрекеттерінің материалдарымен таныстырады.";
алтыншы бөліктің үшінші абзацындағы "тергеу судьясы" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды оларды тіркеуден және сарапшыға жіберуден бас тартуға құқығы жоқ.";
36) 272-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сұрау салуда: адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптама түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; ол сот сараптамасын жүргізуді тапсыруға ниет білдірген сот сараптамасы органының, ұйымының атауы және (немесе) адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Сұрау салуға сондай-ақ қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама қоса беріледі.";
37) 274-бапта;
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің (оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәнің), қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары
1. Сараптама тағайындау және жүргізу кезінде жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының, қорғалуға құқығы бар куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің:
1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға, сараптамаға жолданған объектілердің тізімімен танысуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады;
2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) сараптама тағайындау туралы қаулымен танысқан сәттен бастап үш күн ішінде тергеушіге тергеуші дереу сарапшыға жіберетін қосымша сұрақтар жолдауға немесе қойылған мәселелерді нақтылауға;
5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға;
5-1) сарапшының өтінішін қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулымен танысуға;
6) сарапшының қорытындысымен не осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар.";
екінші бөліктегі "оның ішінде қорғалуға құқығы бар," деген сөздер алып тасталсын;
38) 276-бапта:
бірінші бөліктегі "тергеу судьясы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
39) 277-баптың екінші бөлігіндегі "тергеу судьясы" деген сөздер алып тасталсын;
40) 281-баптың бесінші бөлігіндегі "тергеу судьясының" деген сөздер алып тасталсын;
41) мынадай мазмұндағы 305-1-баппен толықтырылсын:
"305-1-бап. Қорғау актісі
1. Айыптау актісінің көшірмесін алғаннан кейін қорғаушы қорғаушының келісімімен сотқа қорғау актісін ұсынуға құқылы.
Бұл ретте қорғау актісінің көшірмесі прокурорға жіберіледі.
2. Қорғау актісінде қорғау тарапының дәлелдері және (немесе) өтінішхаттары көрсетіледі.
3. Қорғау актісіне сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі (қорғау тізімі), заттай дәлелдемелер қоса берілуі мүмкін. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның іс жүргізу жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі. 4. Қорғау актісіне қорғаушы мен оның қорғаушысы қол қояды.
Сот талқылауы барысында қорғау актісін өзгертуге және толықтыруға қорғаушының келісімімен жол беріледі.";
42) 323-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі
Бас сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ оларды басты сот талқылауында анықталған кезде, сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады.
Қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтарын жою сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толық еместігін толтырумен байланысты бола алмайды.
Прокурордың тергеу олқылықтарының орнын толтыру үшін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу органына қайтаруға құқығы жоқ.";
43) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Судья сот отырысын дайындау үшiн шаралар қолданады.
2. Қорғау куәлары мен айыптау куәларының сот отырысына келуін қамтамасыз ету тиісті тараптарға жүктеледі. Судья тараптардың өтініші бойынша олар көрсеткен адамдарды сотқа шақыру туралы шақыру қағазын ұсынуға тиіс.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда судья осы Кодекстің 157-бабына сәйкес күштеп әкелу туралы қаулы шығарады. Қысқартылған тәртіппен сот талқылауы тағайындалған кезде сот отырысына куәлар шақырылмайды.";
44) 336-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Қорғаушының келісімімен ол сотқа қорғаудың ұстанымын негіздей отырып, жаңа қорғау актісін ұсынуға, сондай-ақ ол өзi iске кiрiскенге дейiнгі сот талқылауында жасалған кез келген әрекеттi қайталау туралы өтiнiшхат жасауға құқылы";
45) 351-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"351-бап. Басты сот талқылауына келген тұлғаларды тексеру
Сот отырысының хатшысы сотқа негізгі сот талқылауына қатысу үшін айыптау және қорғау тараптары шақырған адамдардың келуі туралы баяндайды.";
46) 363-баптағы "және келмеген тұлғаларды келесi сот отырысына шақырту" деген сөздер "келмеген адамдардың келесі сот отырысына келуі немесе оларды тараптардың өтініші бойынша алып келуі туралы міндеттерді тараптарға жүктей отырып талқылауды кейiнге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 364-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және мемлекеттік айыптаушының – сотталушыға таққан айыбының мәнiн баяндауынан, ал жекеше айыптау iстерi бойынша – шағым берген тұлғаның немесе оның өкiлiнiң шағымды баяндауынан басталады. Айыптаушы тарап азаматтық талап қойған жағдайда талап қою талаптарының мәнін баяндайды.";
48) 365-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Сотталушының ұстанымын негізге ала отырып, осы Кодекстің 382-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде сот істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы мәселені қарайды.";
49) 367-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ қояды.
4. Сотталушыдан басқа сотталушының қатысуынсыз жауап алуға тараптардың өтiнiшхаты бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгiзiлген айғақтар оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi";
50) 368-баптың бірінші бөлігі "жол берiлед" деген сөздерден кейін "өтінішхаты бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
51) 370-бапта:
екінші бөлік "міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады" деген сөздерден кейін ",ал куәдан жауап алу онлайн режимінде жүргізілген жағдайда сот отырысының хаттамасында тіркеледі." деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі "оның қаулысы" деген сөздер "тараптардың өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 371-баптың үшінші бөлігіндегі "өтiнiшхаты немесе соттың бастамасы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
53) 380-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қорғау және айыптау тараптары айыптау дәлелдемелерiнің зерттелуін көрсетілген өтiнiшхат қозғалған кезге қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтiнiшхат беруге құқылы.";
54) 383-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды және сот жарыссөзiне қатысушыларға олардың өз сөздерiнде сот отырысында ұсынылмаған және зерттелмеген материалдарға сiлтеме жасауға құқылы еместігін түсіндіреді. Сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болған ретте, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiшхат бере алады.";
55) 384-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Соңғы сөзбен сөйлеу – сотталушының құқығы.Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi.";
56) 385-баптағы "немесе өз бастамасы" деген сөздер алып тасталсын;
57) 398-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағындағы "мен режимін" деген сөздер алып тасталсын;
58) 402-баптың үшінші бөлігі "процестiң басқа қатысушыларына үкiмге" деген сөздерден кейін "қабылданған шешімнің мәнін," деген сөздермен толықтырылсын;
59) 423-баптың бесінші бөлігі "Мұндай жағдайларда судья шағымды, өтінішті хатпен қайтарады." деген сөздермен толықтырылсын;
60) 424-баптың бірінші бөлігіндегі "апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша" деген сөздер "апелляциялық сатыдағы сотта тараптар қосымша ұсынған материалдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 425-баптағы "Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару" деген сөздер "Тараптар ұсынған жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу қажет болған жағдайда," деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 427-бап алып тасталсын;
63) 428-бапта:
бірінші бөлік "туралы тараптарға хабарлайды" деген сөздерден кейін ",ол туралы сотталушыға немесе сотталғанға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, сайлау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешетін қаулы шығарады." деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі "Сот бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде" деген сөздер "сот тергеуін апелляциялық сатыдағы сот жүргізген кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі "не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеуі" деген сөздер "не апелляциялық сатыдағы соттың сот тергеуін жүргізуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 429-бапта:
екінші бөлік "медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу" деген сөздерден кейін "ҚК-нің 68-бабында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сотқа қосымша материалдарды ұсынған тарап олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.
Тараптар өздерінің апелляциялық шағымдарына, бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелерге, егер олар дәлелдемелерді сотқа ұсынған болса, бірақ оларды сот қабылдамаған жағдайда немесе олар өздеріне тәуелді емес дәлелді себептермен бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда ғана өтінішхаттарға негізделуі мүмкін.
4. Тараптар іске өздері ұсынған жаңа материалдарды қосып тігу және оларды зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхаттарды мәлімдеген жағдайда, сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Егер апелляциялық саты сот тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, онда тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатады. Егер өтінішхаттарды қанағаттандыруға байланысты процестік келісім немесе ҚК-нің 68-бабында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу немесе басқа да әрекеттерді орындау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
Егер тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін уақыт талап етілсе, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар ұсынған қосымша материалдарды, сарапшылық қорытындыларды зерттейді, тараптармен отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.
Егер бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе ҚК-нің 68-бабында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған болса, сот көрсетілген келісімдер шегінде заңдылықты тексереді. Істі апелляциялық сатыдағы сот отырысында қараған кезде бірінші сатыдағы сот үкімінің күші заңмен көзделген негіздер бойынша жойылғаннан кейін тараптар бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша процестік келісім немесе ҚК-нің 68-бабында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасай алады.";
65) 430-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері
1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қараған кезде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:
1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысатын басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасылық жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды, басқа құжаттарды қосып тігуге және зерттеуге;
2) сот-психиатриялық сараптаманы тағайындауға;
3) тараптар мәлімдеген қосымша куәгерлерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу, тараптар ұсынған жазбаша, заттай және өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;
4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды жарамсыз дәлелдемелер деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;
5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды жол берілетін дәлелдемелер деп тануға және оларды зерттеуге;
6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға құқылы.
2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында жазылған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың айғақтарында түрліше түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот тараптардың өтінішхаты бойынша сот отырысында осы мән-жайлар жөнінде жауап алу арқылы олардың айғақтарын нақтылауға құқылы.
3. Бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе ҚК-нің 68-бабында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде апелляциялық сатыдағы сот оларды жасасудың мән-жайларын тексереді.";
66) 433-баптың 1) бөлігіндегі "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
67) 434-баптың тақырыбы және бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"434-бап. Істің мән-жайларын зерттеудің біржақтылығы немесе толық еместігі
1. Сот тараптардың істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етпеген және анықталуы істі дұрыс шешу үшін елеулі мәнге ие болуы мүмкін мән-жайларды түсініксіз қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық жүргізілмеген деп танылады.
2. Іс бойынша Тараптар мәлімдеген өтінішхаттар бойынша айғақтары іс үшін елеулі маңызы бар адамдардан жауап алынбаған немесе осы кодекстің 373-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргізілмеген, сол сияқты тараптар ұсынған елеулі маңызы бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер зерттелмеген кез келген жағдайда сот тергеуі толық емес деп танылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтар жойылғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.";
68) 435-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) соттың түйіндері тараптармен ұсынылған сот отырысында зерттелген дәлелдемелермен расталмаса;";
екінші бөліктегі "және алынған" деген сөздер алып тасталсын;
69) 436-баптың екінші бөлігіндегі "міндетті түрде зерттелуге жататын" және "не жарамсыз дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі" деген сөздер алып тасталсын;
70) 438-баптың екінші бөлігіндегі "сотталушыға тағылған және" деген сөздер алып тасталсын;
71) 471-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 476-бабының 3) және 7) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулысы заңды күшiне енедi және дереу орындалады.";
72) 476-баптың 11) тармағындағы "(Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабы)" деген сөздер ",ынтымақтастық туралы процестік келісімінің талаптарын орындау туралы;" деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 478-бапта:
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) және 23) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы Кодекстiң 476-бабының 5) және 11) тармақтарында көзделген мәселелердi, егер олар ынтымақтастық туралы процестік келiсiмнiң талаптарын орындауға байланысты болса, сот жабық сот отырысында қарайды.
5. Сот осы Кодекстің 476-бабының 5) және 11) тармақтарында көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхаты бойынша, ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде қарауы мүмкін.";
74) 480-баптың екінші бөлігіндегі "немесе оның орынбасарының" деген сөздер "немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
75) 485-баптың 3) тармағындағы "түзеу режимін" деген сөздер алып тасталсын;
76) 490-баптың 3-2-бөлігінде "екінші" деген сөз "бірінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
77) 492-баптағы екінші бөлік алып тасталсын;
78) 494-бапта:
жетінші бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралған болса, үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;";
он екінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде, сотталған адам сотқа берілген айыптаудың шегінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға;";
он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық саты апелляциялық алқаның екінші бір қаулысын қалдыра отырып, сотталушының жағдайын нашарлататын қаулыларының күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.";
79) 608-бапта:
екінші бөліктің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жазаның (негiзгi және қосымша) түрi мен мерзiмi, сотталған адам Қазақстан Республикасында өтеуге тиiс жазаның басталу және аяқталу мерзiмi; қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң түрi, талап қою бойынша залалды өтеудiң тәртiбi; мәжбүрлеп емделіп жатқан адамға қатысты қолданылуға жататын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрі көрсетiлуге тиiс.";
сегізінші бөлік "наразылық білдіруге болады." деген сөздерден кейін "аппеляциялық" деген сөзбен толықтырылсын;
80) 612-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр не адам өлімімен байланысты емес аса ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;";
81) 618-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталғанмен ынтымақтастық туралы процестік келісімді тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары бекітеді.";
82) 619-баптың алтыншы бөлігіндегі ",ал сотталған адаммен келісім – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның орынбасарына" деген сөздер алып тасталсын;
83) 620-баптың бірінші абзацындағы "ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары:" деген сөздер "сотталғанға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 621-баптың бірінші бөлігіндегі ",ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары" деген сөздер алып тасталсын;
85) 623-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармағындағы "егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен, жазаның түрімен және (немесе) мөлшерімен келіспесе," деген сөздер "егер осы Кодекстің 612 және 613-баптарының талаптары орындалмаса," деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптар соттың қаулысына сәйкес кінәні мойындау туралы жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор қылмыстық істі жаңа процестік келісіммен бірге оны келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жібереді.";
86) 625-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Прокурор сөзінен кейін төрағалық етуші оның процестік келісімнің мәнін түсінгенін-түсінбегенін және онымен келісетінін-келіспейтінін сұрайды.
Қажет болған жағдайда төрағалық етуші прокурорға сотталушыға процестік келісімнің мәнін түсіндіруді ұсынады. Төрағалық етуші сотталушыға жасалған іс жүргізу келісімінен бас тартуға және айыптаушы Тараптан оның кінәсін дәлелдеуді талап етуге құқылы екенін түсіндіреді. Осыдан кейін сотталушыға келісім жасасудың мән-жайын сотқа хабарлауды ұсынады және іс жүргізу келісімі оның ерік-жігеріне сәйкес келетінін және оны қолдайтынын және осы іс бойынша сотқа бірдеңе хабарлағысы келетін-келмейтінін анықтайды.";
87) 626-бапта:
бірінші бөлікте:
2) және 3) тармақтар алып тасталсын;
88) 628-баптың екінші бөлігінің 3) тармағындағы "егер сот қылмыстың саралануына, азаматтық талап қоюдың мөлшеріне, жазаның түріне және (немесе) мөлшеріне келіспесе," деген сөздер "егер процестік келісімі осы Кодекстің 612, 613-баптарының талаптарын бұза отырып жасалса," деген сөздермен ауыстырылсын;
89) 636-баптағы төртінші бөлік алып тасталсын;
90) 650-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Алқабилердің қатысуымен сотталушының және жәбірленушінің бұрынғы сотталуына байланысты, оларды созылмалы маскүнемдер немесе нашақорлар деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ сотталушыға да, жәбірленушіге де қатысты алқабилердің алалаушылығын туғызуға қабілетті өзге де мән-жайлар зерттеуге жатпайды";
91) 667-баптың бірінші бөлігінде:
"осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 11) тармақтары" деген сөздер "осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары, 36-бабының 1-бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде:
1) 12-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"9. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көрсетiлген қауiп болмаған немесе жойылған жағдайда мекеменiң немесе жазаны атқарушы органның әкiмшiлiгi сотталғанды қауiпсiз жерде ұстауды тоқтатады. Сотталғанды қауiпсiз жерде ұстауды тоқтату прокурормен келiсiм бойынша мекеме (орган) басшысының шешiмiмен ресiмделедi.";
2) 16-бабының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 21) тармақпен толықтырылсын:
"21) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өткізу режимінің ережесін.";
3) 17-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармағындағы "бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге бөлуді" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға сотталғандардың есебін және мекемелерге бөлуді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 1) тармағындағы "бас бостандығынан айыруға сотталғандарды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге бөлуді жүзеге асырады" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға сотталғандарды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес есеп жүргізуін және қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге бөлуді жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Мекеме жазасын өтеуге келген бас бостандығынан айыруға сотталғандардың есебін жүргізеді.";
4) 26-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі жазаны өтеу мерзімі өткенге дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін сотқа психикалық ауытқулар және жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділік болуы (болмауы) туралы мәселені шешу сот-психиатриялық сараптаманың үшін материалдарды жібереді. Осы бөлімнің ережелері сот шешімі бойынша Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға олардың ақыл-есінің есін жоққа шығармайтын, анықталған психикалық бұзылуына байланысты қолданылмайды.";
5) 35-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
"6) мекемеде ұсталатын немесе түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары бола алмайды.";
6) 59-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
"2-1) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кеудеше киюге;";
7) 61-бапта:
3), 4) және 5)-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сот үкiмiн, сот бұйрығын және әкiмдiктiң қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi өкiмiн алғаны туралы хабарламамен сотталғанды қол қойғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде таныстырады;
4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылауды:
сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына, оның ішінде олардың орындалуын ішінара бекіту арқылы техникалық мүмкіндік болған жағдайда кетуі;
қоғамдық жұмыстар объектілерінде тікелей жұмыс істейтін адамдармен әңгімелесу;
қоғамдық жұмыс объектілерінің орналасқан жерлерінде бар болған жағдайда бейнематериалдарды зерделеу арқылы жүзеге асырады;
5) әкімдіктен жұмыс уақытының кестесін және орындалған жұмыс актісін, сондай-ақ сотталғанның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотталғанмен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталушыға қатысты алғашқы іздестіру шараларын жүргізуге және оны іздеуге беру туралы сотқа өтінішхат береді;
7) қоғамдық жұмыстарды орындау туралы бұқаралық ақпараттарында жария етеді.";
8) 62-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"62-бап. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) үкім немесе қаулы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін қоғамдық пайдалы тегін жұмыстардың түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындауға арналған объектілерді айқындауға;
сотталған адамның дербес деректерін, ақы төленбейтін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, уақыты күніне төрт сағаттан аспайтын өтеу ұзақтығын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан артық емес, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығаруға;
пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім жіберуге;
2) сотталған адамды кеудешемен және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға;
3) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жіберуге;
4) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлауға міндетті.";
9) 83-баптың бірінші бөлігіндегі ", тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелерінде" деген сөздер алып тасталсын;
10) 85-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
"камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында" деген сөздер "арнайы қабылдау камераларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне" деген сөздер "денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарының медициналық" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 88-баптың 4-1-бөлігінде:
бірінші абзац "бөліктер" деген сөзден кейін "екінші," деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзац "а сотталған үшін" деген сөздерден кейін "жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында жіберілген, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 90-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап:
1) үкім заңды күшіне енген сәтте тоқтатылғанға дейін бактерия бөлінуі жалғасатын, зертханалық расталған туберкулезбен ауыратын;
2) одан әрі стационарлық емдеу талап етілмеген кезде адам сауыққанға дейін басқа да қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын;
3) жеке басын куәландыратын құжат ресімделеп жатқан;
4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын мерзім қалған сотталғандарды қоспағанда он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі.
Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның:
1) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
2) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге;
3) өзінің жеке қаражатынан не өзге адамдардың қаражатынан ақысы төленетін, ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.";
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, сотталғандар сот шешімін күткен кезеңде оларға сот тағайындаған түрді құру үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.";
13) 92-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
"5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез немесе басқа да қауіпті жұқпалы ауру анықталған сотталған адам зертханалық расталған бактерия бөлінуі тоқтатылғанға не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін аралас қауіпсіздік мекемесінде қалдырылады.
Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған түрдегі мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.";
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) және 5)-тармақтармен толықтырылсын:
"4) жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
5) мемлекет басшысы мынадай жағдайларда: қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы жұбайының (зайыбының), жақын туысының, науқастың өміріне қауіп төндіретін табиғи апат, айтарлықтай материалдық залал келтірген, оның отбасына немесе өзге де ерекше жеке мән-жайларда пайдалануға кұқылы.
Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.";
14) 95-баптың төртінші бөлігінің 1)-3) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;
2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы кемінде бір көтермелеуі бар және жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы кемінде бір көтермелеуі бар және жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;";
15) 96-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "мінез-құлқының үшінші теріс дәрежесі бар және жасаған" деген сөздер "жол берген" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 97-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) мекемелерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салу. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.";
17) 98-баптың бесінші бөлігінің үшінші абзацындағы "жергілікті" деген сөз "оқшауланған" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 99-баптың бірінші бөлігі "ақпарат алу үшiн" деген сөздерден кейін ", ұшқышсыз ұшу аппараттарының (құралдарының) немесе экипажсыз және жолаушыларсыз қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын және басқарылмайтын өзге де ұшу аппараттарының (құралдарының) мекемелер аумағының үстінен және оған іргелес аумақтарда ұшып өтуінің жолын кесу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 101-бапта:
бірінші бөлік "Дүлей зілзала болған," деген сөздерден кейін "эпидемия, эпизоотия, ауқымды өрттің кең ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің ірі авариялары," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы "отыз тәулікке" деген сөздерден кейін "отыз тәулікке дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 104-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бекітілген кестеге сәйкес карантин бөлімшелерінде, тәртіптік изоляторларда, жасақтарда, жеке камераларда, жазаны өтеудің қатаң шарттарында, уақытша оқшаулау үй-жайларында камералар, бөлмелер және жалпы пайдаланылатын үй-жайлар бойынша кезекшілік атқаруға және үй-жайларды санитарлық тазалауды жүргізуге міндетті;";
21) 109-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "әрқайсысының" деген сөз "күніне" деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 113-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұзақ мерзімге – қауіпсіздігі барынша төмен мекемедегі жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында тұрғылықты жері бойынша жылына бір рет шығуға құқығы бар.";
23) 121-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын адамдар тәртіптік изолятордың, жалғыз адамдық камераның және уақытша оқшаулау үй-жайларының аумағын абаттандыру және жалпы пайдаланымдағы камераларда және орындарда тұрудың санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын ақы төленбейтін жұмыстарға тартылады.";
24) 122-бапта:
бірінші абзацта:
"Ұстап қалудан қалған сома," деген сөздерден кейін "мөлшеріне қарамастан," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Бұл ретте соманың қалған бөлігі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аз болуы мүмкін.
Атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша ұстап қалу сотталғандардың туыстарынан немесе басқа адамдардан алатын ақша аударымдарынан да жүргізіледі, бұл ретте ұстап қалуға айына бір рет жиырма айлық есептік көрсеткіштен асатын сома жатады.";
25) 126-баптың үшінші бөлігіндегі "мінез-құлық дәрежесін айқындау және" деген сөздер алып тасталсын;
26) 129-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған мақтаулар жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісімен жойылады.";
27) 130-баптың екінші бөлігі:
6), 7)-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің, медициналық денсаулық сақтау ұйымының және жұмыс объектісінің аумақтарын өз бетінше қалдыруға;
7) осы кодекстің 113-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның шегінен тыс қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығуға рұқсат етілген, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға, шаштаразға бару үшін, олардың оқуына және атқаратын жұмысына байланысты шығуға рұқсат етілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде оралмауы";
мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16)-тармақтармен толықтырылсын:
"14) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз мекеменің ішкі тыйым салынған аймағының қоршауынан өту;";
15) психоактивті затты пайдалану фактісін және масаң күйді анықтау үшін белгіленген ережелерге сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;";
16) бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің қажетті көрінісіне кедергі жасау";
28) 132-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"11. Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған тәртіптік жазалар жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.";
29) 136-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеңілдік жағдайында жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) азық-түлік өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты ай сайын он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сәлемдеме немесе сауқат және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде он екі қысқа мерзімді және он екі ұзақ мерзімді кездесуге құқылы.";
30) 137-баптың бесінші бөлігіндегі "кемінде тоғыз ай" деген сөздер "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 138-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) Азық-түлік өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражатты он екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ай сайын жұмсауға;
2) жыл ішінде алты сәлемдеме немесе сауқат және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ кездесулерге ие болуға құқылы";
32) 143-бапта:
сегізінші бөлік "қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне" деген сөздерден кейін "(мекеме, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы, -қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы)," деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы бөліктің 3) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде қалдырылуы мүмкін.";
33) 146-баптың төртінші бөлігінде:
алтыншы абзацта:
"жеңілдетілген" деген сөзден кейін "қарапайым," деген сөзбен толықтырылсын;
"жергілікті" деген сөз "оқшауланған" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "Дағдылы" деген сөз алып тасталсын;
34) 149-баптың төртінші бөлігіндегі "жергілікті" деген сөз "оқшауланған" деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 152-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған мақтаулар жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісімен жойылады.";
36) 154-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"7. Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған тәртіптік жазалар жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.";
37) 162-баптың оныншы бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан кезде, өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін орын алуы мүмкін.";
38) 169-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Электрондық бақылау құралдарын қолдану жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыруға міндетті болып табылады.";
үшінші бөлік "шартты түрде-мерзімінен бұрын босату," деген сөздерден кейін "қылмыс жасаған қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайтадан қылмыс жасаса, егер сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды бабы бірінші бөлігінің негізінде 65, бірінші және үшінші бөліктерінің 68-бабының, бөлшектер екінші және төртінші 78-бабының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің" деген сөздермен толықтырылсын;
39) қосымшаның 8) тармағы "қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған" деген сөздерден кейін "немесе ол қылмыстық құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған " деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңында:
1) 12-баптың 4-тармағындағы 1) тармақшасында:
"197 (үшінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "206 (екінші бөлігі және 2-1)," деген сөздермен толықтырылсын;
"207 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін " 208 (екінші бөлігі және 2-1)," деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында:
1) 50-баптың 6-тармағының а) тармақшасындағы "мөрмен расталған және" деген сөздер алып тасталсын.
7. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 1) тармақшасы "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-1-баптың 1-тармағы "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы "сезіктілер мен айыпталушылардың" деген сөздер "күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-баптағы "Үкіметі белгілеген" деген сөздер "қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 46-бапта:
1-тармақта:
"тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері" деген сөздерден кейін "төтенше, ерекше немесе әскери жағдай мекемесінің орналасқан ауданындағы енгізу," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына көрсетілген мерзімдерде қол жеткізілмеген жағдайда оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде:
1) күзетпен ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды күзету, өткізу режимі және қадағалау күшейтіледі;
2) мынадай:
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың қатысуымен өткізілетін барлық іс-шаралар;
сәлемдемелер мен хабарларды қабылдау;
қорғаушымен танысу;
осы Заңның 17-бабында аталған туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу;
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысу үшін кетуі;
күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстыру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін;
3)мынадай:
күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жеке қаражатынан төленетін жазбаша рұқсаты негізінде телефон арқылы сөйлесу;
күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен осы Заңның 17-бабында көзделген тәртіппен мекемеде бар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып танысу ұйымдастырылуы мүмкін.";
6) 3-2-тараудың тақырыбы "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 46-6-бапта:
"әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Арнайы қабылдағышта әкімшілік қамауға алынған және қамауға алуға сотталған адамдар орналастырылған кезде бөлек ұсталады.";
8) 46-7-бап "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 46-8-бап "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 46-9-бап "әкімшілік қамауға алынған" деген сөздерден кейін "және қамауға сотталған" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-1-баптың 1 және 2-тарқмақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін олардың аумақтары шегінде ішкі істер органдарымен, аумақ шегінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органымен күзетуді қамтамасыз ету мақсатында:
1) радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды рұқсатсыз пайдалануды анықтауға және (немесе) жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдық қолданылады;
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұру және қайта бастау жүзеге асырылады.
2. Байланыс операторлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.";
2) 41-1-бап мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
"1-4. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.".
9. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 95-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақ бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдарға қолданылмайды.";
2) 148-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) адвокаттың сұрау салуы бойынша заң көмегін көрсетуге байланысты қажетті мәліметтерді беру;".
10. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 4-тармақтың 1) тармақшасындағы "мөрмен расталған және" деген сөздер алып тасталсын.
11. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының 39-1) тармақшасындағы "мемлекеттік психиатриялық мекеменің" деген сөздер "мемлекеттік психиатриялық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақ "әкімшілік полиция" деген сөздерден кейін "және пробация қызметі" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақ "байланыс қызметтері" деген сөздерден кейін "пробация қызметтері және" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақ "полиция инспекторларының" деген сөздерден кейін "және пробация қызметтерінің" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 34-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) осы Заңның 8-бабының 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық қатынастарды реттейтін кодекстерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобаларын әзірлеу басқаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері.
Осы тармақта көзделген кодекстерге өзара байланысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларда осындай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бір заңмен енгізуге жол беріледі.
Өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу немесе енгізу бөлігіндегі талап жылына бір реттен артық қолданылмайды:
- осы Заңның 17-1-бабының 15-тармағында белгіленген жағдайларда кодекстер мен заңдардың жобаларына;
- жауапкершілікті алып тастаған немесе жеңілдеткен жағдайда.
Заңның осындай жобасын әзірлеу кезінде осы Заңның 8-бабының 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген кодекстерге өзгерістер енгізу жөніндегі Әдістеменің талаптары, сондай-ақ заңды жауапкершілікке тарту жөніндегі талдау талаптары ескеріледі".
13. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 3-тармағының 1)-тармақшасынан "мөрмен расталған және" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларынан басқа, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |