Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 283 қаулысы.

      "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 283 қаулысымен
бекітілген

Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;

      2) уәкілетті орган – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Уәкілетті органның мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат берген кезде тәуекелдерге бағалау жүргізу;

      2) экспортқа, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат тоқтатып қойылған жағдайда тәуекелдерге қайта бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібі

      4. Уәкілетті органның мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы уәкілетті органның мемлекеттік органдарға сұрату жіберуі және ол бойынша тиісті ақпарат алуы жолымен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген жағдайда ақпарат уәкілетті орган сұрату жібермей-ақ ұсынылады.

      5. Уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдарға өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың түрлері бойынша, қаралып отырған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, эксаумақтық кері экспорт, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету бойынша сұрау салуды рұқсат алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды қоса бере отырып жібереді.

      6. Жіберілген сұрату бойынша мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ақпарат жинауды жүзеге асырады және уәкілетті орган сұрату жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жібереді.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаралып отырған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, эксаумақтық кері экспорт, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету бойынша ақпарат бар болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны уәкілетті органға жібереді.

      8. Қажет болған жағдайда ақпарат уәкілетті органға осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында белгіленген мерзімдерде құпиялылық грифімен немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгілермен берілуі мүмкін.

  Уәкілетті органның өзіндік
ерекшелігі бар тауарларды
бақылау жүйесінің мемлекеттік
органдарымен ақпараттық
өзара іс-қимылын жүзеге
асыру қағидаларына
қосымша

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары

Р/с

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың түрлері

Экспортқа, эксаумақтық экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге лицензияланатын немесе рұқсат алынатын тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары

1

2

3

4

1.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: әскери (мақсаттағы) мақсатта қолданылатын тауарлар мен технологиялар


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

2.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: 0-санат бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарлар, 200-299 ("Ядролық жеткізушілер тобы") сілтемесі бар, 1-9-санаттар бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарлар


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

3.

Радионуклидті көздер, радиоактивті заттар, изотоптар және олардың қосылыстары немесе жоғарыда аталғандардың бірін қамтитын, гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген алу деңгейлерінен асатын радиациялық сипаттамалары бар кез келген басқа материал*

2844 2845

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

4.

Ядролық емес азаматтық:
1) қорғау;
2) орау;
3) балласттар;
4) қарсы салмақтар мақсаттары үшін арнайы дайындалған "азайтылған уран"

2844 30

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

5.

Қорғаныш ретінде құрамында "азайтылған уран" бар радиоактивті материалдарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған радиацияға қарсы қорғасынмен апталған контейнерлер

7806 0010 00

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

6.

"Азайтылған уран" түріндегі қорғанышы бар радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдықтар (стационарлық және жылжымалы медициналық және медициналық емес мақсаттағы жабдық)

9022

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

7.

Радионуклидті көздерді, радиоактивті заттарды, изотоптарды және олардың қосылыстарын қамтитын радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдық (стационарлық және жылжымалы, медициналық және медициналық емес мақсаттағы) немесе жоғарыда көрсетілгендердің бірін қамтитын, радиациялық сипаттамалары гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген алу деңгейінен асатын кез келген басқа материал

9022, радионуклидті көздерді, радиоактивті заттарды, изотоптарды және олардың қосылыстарын немесе кез келген басқа материалды қамтымайтын радиоизотопты аспаптарды, қоңдырғыларды немесе жабдықты (стационарлық және жылжымалы) қоспағанда

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

8.

Иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар (стационарлық және жылжымалы): медициналық және медициналық емес мақсаттағы рентген жабдықтары, циклотрондарды қоса алғанда, жылдамдатқыштар және иондаушы сәуле шығаратын басқа да генераторлар

8543 10 000 0
8705 90 900 0 (тек рентгендік қондырғылары бар автомобильдер);
9022,
рентген жабдығына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың (жоғары кернеулі генераторлар, рентген түтікшелері, басқару қалқандары және пульттері, экрандар, үстелдер, орындықтар және тексеру немесе емдеуге арналған осыған ұқсас бұйымдар, сондай-ақ шығыс материалдары) импортын қоспағанда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

9.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: "Материалдар, химикаттар, "микроорганизмдер" мен "уыттар" – 1-санаты бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарлар


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi

10.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: "Қозғалтқыш қондырғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар" – 9-санат бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарлар


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

11.

Азаматтық мақсаттағы пиротехника

3604 10 000 0

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (кері экспортты қоспағанда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады