Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 292 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі 212-бабының 1-1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 292 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1-1 тармағына сәйкес әзірленді және орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – орталық) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекаралары бар Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      2) бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін орталық алаңында айналыс түсетін орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      3) бағалы қағаздар шығарылымы – эмитенттің азаматтық құқықтары объектісі ретінде эмиссиялық бағалы қағаздардың пайда болуына немесе орналастырылуы, айналысқа түсуі және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығына бағыттталған іс-әрекеттер.

      4) депозитарий қағидалары – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады;

      5) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар.

      6) қор биржасының депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, депозитарлық есеп айырысу қызметін және орталық аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) қор биржасының қағидалары – орталық қор биржасының ішкі құжаты оның негізінде эмитент бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;

      8) Орталықтың қор биржасы (бұдан әрі – қор биржасы) – орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) Орталық актісі – орталық органы қабылдаған, орталыққа қатысушылар және (немесе) орталық органдары және (немесе) олардың қызметкерлері арасында туындайтын қатынастарды реттейтін ресми құжат;

      10) орналастыру жөніндегі агент – орталықтың қолданыстағы құқығына, қор биржасының қағидаларына сәйкес брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналықа түсіру бойынша эмитентке қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      11) тіркеуші – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, тіркеушінің қағидаларына, сондай-ақ эмитентпен жасалған келісімнің талаптарына сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) тіркеушінің қағидалары – тіркеушінің ішкі құжаты, оған сәйкес тіркеуші эмитенттің бағалы қағаздарын және олар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асырады;

      13) эмитент – Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі

      3. Эмитент бағалы қағаздарды құжатсыз нысанда шығарады. Тіркеуші бағалы қағаздарды есепке алуды және сақтауды тіркеуші қағидалары және тіркеушінің қызметтерін көрсету туралы эмитентпен жасалған келісімнің негізінде жүзеге асырады. Егер депозитарийдің қызметтерді көрсетуі шығарылым шарттарында көзделсе, депозитарий бағалы қағаздарға қатысты эмитентке кастодиандық және депозитарлық-есеп айырысу қызметтерін көрсетуді депозитарий қағидаларына сәйкес жүзеге асыра алады.

      4. Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының орталық депозитарийі беретін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN) болады.

      5. Эмитент бағалы қағаздарды аукцион өткізу, қосымша орналастыру, жазылым жүргізу және Орталықтың актілерінде және қор биржасының қағидаларында белгіленген басқа да тәсілдермен орналастырады.

      6. Эмитент бағалы қағаздар шығарылымның жүзеге асыру кезінде орналастыру жөніндегі агентті тарта алады.

      7. Бағалы қағаздар шығарылымының нысаналы мақсаты орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру болып табылады.

      8. Бағалы қағаздарды орналастыру, есепке алу, оларға қызмет көрсету, айналысқа түсіру және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері бағалы қағаздарды шығару шарттарымен, қор биржасының қағидаларымен, тіркеушінің қағидаларымен, депозитарийдің қағидаларымен, сондай-ақ Орталықтың актілерімен белгіленеді.

      9. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу бағалы қағаздарды шығару шарттарымен белгіленген күндері жүргізіледі. Сыйақының соңғы төлемі, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздарды өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келетін болса, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      10. Бағалы қағаздарды өтеу номиналды құны бойынша өтеу күнінде жүргізіледі. Егер бағалы қағаздардың номиналды құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      11. Эмитент бағалы қағаздарды ішінара мерзімінен бұрын немесе толық мерзімінен бұрын өтей алады, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес кері сатып алуды жүзеге асыра алады.

      12. Бағалы қағаздарды өтеу және оларға қызмет көрсету тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Эмитент бағалы қағаздарды өтегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бағалы қағаздарды өтеу туралы депозитарий мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      14. Бағалы қағаздар борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, егер бағалы қағаздар шығару шарттарымен өзгеше құн айқындалмаса, олардың әрқайсысының номиналды құны 1 000 (бір мың) теңгені құрайды.

      15. Бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы есеп айырысу айында 30 (отыз) күн, есеп айырысу жылында 360 (үш жүз) алпыс күн.

      16. Егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздар айналыс мерзімі бір жылдан асатын мерзімге шығарылады.

      17. Бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде купон деп аталатын белгілі бір сыйақы төленеді.

      18. Егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында ктөлемнің өзгеше шарттары өзделмесе, бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу, , эмитент белгілеген күндері бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына бір рет жүзеге асырылады.

      19. Егер шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздар купонының сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      S=N*C

      мұндағы:

      S, теңге – кезекті төлеуге жататын бағалы қағаздар купонының сомасы;

      N, теңге – сыйақысы кезекті төленуге жататын бағалы қағаздардың тиісті санының номиналды құнының сомасы;

      С, % – купон мөлшерлемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады