"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 334 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын енгізу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) орталық мемлекеттік органдар әкелетін жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын құзыреті шегінде келісу;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6), 35-7) және 35-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-1) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекіту;

      35-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;

      35-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу;

      35-4) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту;

      35-5) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту;

      35-6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасы сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларды белгілеу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35-8) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2) және 49-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "49-1) тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны мен тәртібін анықтау;

      49-2) орталық мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде айқындалатын "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағында белгіленген шараларға сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде экспорт және (немесе) импорт жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін келісу;

      49-3) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тұтынушылардың жолданымдарын қабылдауы мен қарауын мониторинглеу;";

      55-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-5) шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды тарта отырып, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды мыналар арқылы жүзеге асыру:

      олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;

      сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;

      отандық өндірушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;

      өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;

      өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар;";

      224) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "224) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен техникалық реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда қызметін реттеу салаларында хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолдану;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады