Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 18 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қырғызстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі арасындағы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 10-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қырғыз Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |