"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 384 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

      32-2) ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) тауарларды таңбалау және қадағалап отыру мәселелері бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу, техникалық реттеу, өлшем бірлігін, тауар биржаларының қызметін қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) стандарттау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-1) сауда қызметi саласында үшінші тараппен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "45-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу шарттары мен тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 64-1) және 64-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-1) сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту;

      64-2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 91-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "91-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тауарлар санатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін сыртқы электрондық сауда саласындағы экспериментті іске асыру аймағын және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарлама жасау тәртібін қолдануды келісу;";

      мынадай мазмұндағы 190-1), 190-2) және 190-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "190-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында бекітілген ұлттық стандарттарға және олардың бейнелеріне сәйкес келетін эталондарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      190-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      190-3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 192-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "192-1) саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындау;";

      197) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "197) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыру;";

      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "199) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 199-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "199-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 222-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "222-1) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады