ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |