"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 442 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 147-1), 147-2), 147-3) және 147-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "147-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекітеді;

      147-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекітеді;

      147-3) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;

      147-4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады