"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 448 қаулысымен бекітілген |
Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі
Р/с № | ЭҚЖЖ коды | Атауы |
1 | 2 | 3 |
---|---|---|
Басқалары | ||
1. | 82.30.0 | Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру |
Зергерлік іс | ||
2. | 32.12.0 | Зергерлік және соған ұқсас бұйымдар өндірісі |
3. | 32.13.0 | Бижутерия мен соған ұқсас бұйымдар өндірісі |
Кино және анимация | ||
4. | 59.11.0 | Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар шығару қызметі |
5. | 59.12.0 | Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды жасауды аяқтау қызметі |
Кітапханалар, музейлер | ||
6. | 91.02.0 | Музейлер қызметі |
7. | 91.01.2 | Оқу залдарының, дәрісханалардың, демонстрациялық залдардың қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі |
Мәдениет-бос уақыт өткізу мекемелері | ||
8. | 90.01.2 | Концерттік қызмет |
9. | 90.04.0 | Концерт және театр залдарының қызметі |
10. | 90.03.0 | Көркем және әдеби шығармашылық |
11. | 93.29.3 | Қуыршақ театрларының қызметі |
12. | 90.02.0 | Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет |
13. | 90.01.1 | Театр қызметі |
14. | 90.01.3 | Цирк қызметі |
Мәдени мұра | ||
15. | 91.03.0 | Тарихи орындар мен ғимараттардың және осыған ұқсас туристік көрікті жерлердің қызметі |
Музыка | ||
16. | 59.20.0 | Дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет |
17. | 32.20.0 | Музыкалық аспаптар өндірісі |
Сәулет және сән | ||
18. | 71.11.2 | Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, сәулет саласындағы қызмет |
19. | 74.10.0 | Мамандандырылған дизайнерлік қызмет |
Телевизиялық бағдарламалар | ||
20. | 60.20.0 | Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату жөніндегі қызмет |
Фотография | ||
21. | 74.20.0 | Фотография саласындағы қызмет |
Халық кәсіпшілігі | ||
22. | 16.29.2 | Ағаштан декоративтік бұйымдар жасау |
23. | 16.24.0 | Ағаш ыдыс өндірісі |
24. | 16.29.1 | Әртүрлі ағаш бұйымдары өндірісі |
25. | 23.19.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген шыны бұйымдар өндірісі |
26. | 14.19.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген киім мен аксессуарлардың өзге түрлерінің өндірісі |
27. | 32.99.3 | Кәдесый бұйымдарының өндірісі |
28. | 13.99.2 | Киізден жасалған бұйымдар өндірісі |
29. | 13.95.0 | Киімнен басқа, мата емес текстиль бұйымдарының өндірісі |
30. | 13.93.0 | Кілем және кілем бұйымдарының өндірісі |
31. | 13.92.0 | Киімнен басқа, дайын текстиль бұйымдарының өндірісі |
32. | 15.12.2 | Ер-тоқым бұйымдарының өндірісі |
33. | 32.40.0 | Ойындар мен ойыншықтар өндірісі |
34. | 14.39.0 | Өзге де тоқылған және трикотаж киімдер өндірісі |
35. | 23.49.0 | Өзге де керамикалық бұйымдар өндірісі |
36. | 25.71.0 | Пышақ бұйымдарының өндірісі |
37. | 26.52.1 | Сағаттардың барлық түрлерінің өндірісі |
38. | 25.50.1 | Соғу, престеу, штамптау және профильдеу арқылы дайын металл бұйымдар немесе жартылай фабрикаттар өндірісі |
39. | 23.70.0 | Тасты кесу, өңдеу және әрлеу |
40. | 23.41.1 | Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық-шаруашылық бұйымдар өндірісі |
41. | 23.41.2 | Шаруашылық-тұрмыстық қыш бұйымдар өндірісі |
IT және геймдевелопмент | ||
42. | 62.01.1 | Бағдарламалық қамтылым әзірлеу |
43. | 58.21.0 | Компьютерлік ойындар шығару |