"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 498 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "67) ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "161-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындау;";

      415) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "415) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;";

      502) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "502) одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды тану тәртібін айқындау;";

      591) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "591) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;";

      608) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "608) мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 758-32), 758-33), 758-34), 758-35), 758-36), 758-37), 758-38), 758-39), 758-40), 758-41), 758-42), 758-43), 758-44), 758-45), 758-46), 758-47), 758-48), 758-49), 758-50), 758-51), 758-52), 758-53), 758-54), 758-55), 758-56), 758-57) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-32) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау;

      758-33) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алудың бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау;

      758-34) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асыру;

      758-35) мыналарды:

      кедендік декларациялаудың ерекшелігін;

      сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлар санатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірді және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдануды айқындау;

      758-36) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту;

      758-37) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша әкелудің және уақытша әкетудің кедендік рәсімі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін айқындау;

      758-38) заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындау;

      758-39) бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын белгілеу;

      758-40) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауды келісу;

      758-41) республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздар шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесін бекіту;

      758-42) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджеттік кредитті қайта құрылымдауды жүзеге асыру;

      758-43) кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша бюджеттік кредит бойынша борышты аудару жөнінде шешім қабылдау;

      758-44) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін бекіту;

      758-45) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару тәртібін белгілеу;

      758-46) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер мен қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      758-47) меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік беру тәртібін белгілеу;

      758-48) дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде физикалық немесе моральдық тозу салдарынан жарамсыз болып қалған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және жоюды ресімдеу тәртібін бекіту;

      758-49) жою және кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;

      758-50) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;

      758-51) нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібін келісу;

      758-52) нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібін келісу;

      758-53) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;

      758-54) цифрлық трансформациялауды жүргізу;

      758-55) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін келісу;

      758-56) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ тауарлар сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн келісу;

      758-57) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін келісу;".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады