Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі мен полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 509 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Ішкі істер министрлігінің заңды тұлғалар болып табылатын арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне шартты атаулар береді;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдында есеп беруін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекітеді;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекітеді;";

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) жеке басты куәландыратын құжаттардың: Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнің, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнің және жол жүру құжатының үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекітеді;

      мынадай мазмұндағы 83-1), 83-2), 83-3), 83-4), 83-5) және 83-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "83-1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекiтеді;

      83-2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгiн растау қағидаларын бекiтеді;

      83-3) жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      83-4) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды және сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу қағидаларын бекітеді;

      83-5) халықты құжаттандыру және тіркеу қағидаларын бекітеді;

      83-6) Әділет министрлігімен бірлесіп, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;";

      101) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 223-1), 223-2), 223-3), 223-4), 223-5) және 223-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "223-1) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекітеді;

      223-2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік және техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін бекітеді;

      223-3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

      223-4) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті органмен және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн бекiтеді;

      223-5) байланыс операторларының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;

      223-6) сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекітеді;";

      2) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі мен полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне және 172-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі мен полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Полиция қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ тиісті әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға қатысты жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады