Полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне және 172-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 46-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-8-бабына, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-8-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-17-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-8-бабына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес әзірленді.";

      2) "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 95, 196-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, "Халықтық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-1-бабына, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді.".

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 889-құжат);

      2) "Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1061 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 945-құжат).

      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 1180 қаулысымен
бекітілген

Полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Полиция қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ тиісті әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға қатысты жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Дербес бақылау құралдары:

      1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

      2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

      3) стационарлық бақылау құрылғысы (үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік дабылын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін есепте тұрған адамдарға арналған электрондық құрылғы);

      4) мобильді бақылау құрылғысы (есепте тұрған адамдарға белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);

      5) трансляцияның стационарлық құрылғысы (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналынсыз үй-жайда радиосигнал шығаруға және дербес трекердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған электрондық құрылғы);

      6) дыбыс-бейнебақылаудың стационарлық құрылғысы (есепте тұрған адамды автоматты түрде көзбен шолуға және дауысымен сәйкестендіруге арналған электрондық құрылғы);

      7) фото электр-химиялық бақылаудың стационарлық құрылғысы (автоматты түрде көзбен шолып бақылауға және сәйкестендірілетін есепте тұрған адамның ауаға дем шығаруы арқылы қанындағы алкогольдің көлемін анықтауға арналған электрондық құрылғы).

      3. Мониторингтің техникалық құралдары мен құрылғылары:

      1) мониторинг сервері (қашықтықтан сәйкестендіру, ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      2) дыбыс-бейнебақылау сервері (көзбен шолу және дауысты сәйкестендіру, ақпаратты жазу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      3) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      4) мониторингтің мобильдік пульті (радиоэлектрондық білезіктердің және дербес трекерлердің сигналдарын қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін тасымалданатын портативті құрылғылар кешені).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады