Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;

      2) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі;

      3) алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі;

      4) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 521 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) арнаулы әлеуметтік төлем – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;

      2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;

      4) біржолғы зейнетақы төлемі – Әлеуметтік кодексте және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы;

      5) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Әлеуметтік кодекске, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұлды және өзге де түсімдерді қамтитын ақшасы;

      6) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыруға қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;

      7) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) БЖЗҚ-дан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері тағайындалған жеке тұлға;

      8) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" АЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айрылу, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      10) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтініш бермей көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      11) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында сол шоттарға БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыратын БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар);

      12) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2024 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Зейнетақы төлемдері:

      1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген график бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Егер БЖЗҚ-дан төлеу жүзеге асырылатын күні зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, алушыға БЖЗҚ-дан бір мәрте төленеді.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен және (немесе) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының кемінде отыз еселенген, бірақ алушының жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

      Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құрайтын болса, бұл қалдық Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленеді;

      2) Әлеуметтік кодекстің 1-тармағының 3) тармақшасында, 220-бабының 4-тармағында, 1-тармағының 3) тармақшасында, 221-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда бір мәрте;

      3) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көзделген шарттардың бірі болған кезде жүргізіледі.

      Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері:

      1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алынған күнге зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;

      2) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдарға уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарлама алынған күнге алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

      3) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген адамдарға алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемін есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын:

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, олар тағайындалған күнге белгіленген жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері туралы;

      еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санатына тиесілігі туралы мәліметтер пайдаланылады.

      5. Зейнетақы жинақтарын айырбастау және алушылардың шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарына есепке жазу бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, оларды аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерінің аударымдарына байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжат көшірмесінің түпнұсқамен дұрыстығын, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда оларды заңдастыру қажет.

2-тарау. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайларда

      7. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты бар адам (бұдан әрі – өтініш беруші):

      1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді;

      2) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде:

      БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);

      өтініш берушінің банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгіну тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітіледі.

      8. Егер өтініш берушілер Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар болған жағдайда БЖЗҚ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның "МОДБ" АЖ-да өтініш берушіге мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтерді сұратады.

      "МОДБ" АЖ-да өтініш берушінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің мерзімсіз болып белгіленгендігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтініш беруші өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы бас тарту себебін көрсетілген қолхат тапсырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардан мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алып тасталған жағдайда БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері "МОДБ" АЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері БЖЗҚ және уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.

      10. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушілер ұсынған өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған, Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ға соның шеңберінде берілетін тиісті келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің графигіне сәйкес аударады.

      Мемлекеттік корпорация алушылардың банктік шоттарына БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің графигіне сәйкес, бірақ ерте дегенде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні аударады.

      Алушы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорация алушыға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат тапсырып, өтініш жасалған күні не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

      Өтініш берушіде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не егер ол БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген графигі бойынша алушы болып табылса, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаған кезде өтініш берушіні осы фактілер туралы хабардар етеді.

      11. Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдардың тізімін қалыптастырады;

      электрондық өтінімдер мен хабарламалар журналында әрбір алушыға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған жеке өтінімді қалыптастырады;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорация тіркеген электрондық өтінімдер бойынша БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық өтінімдер тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық хабарламалар жібереді.

      БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері графигіне сәйкес аударады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде алушылар бұған дейін Мемлекеттік корпорацияға ұсынған алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Бұл ретте алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

      12. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемін алуға өтініш берілген күн былайша есептеледі:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтініші Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн, бұл ретте егер өтініш:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттар басталғаннан кейін тіркелген болса, өтінішті тіркеген күн өтініш берілген күн болып есептеледі;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттар басталғанға дейін тіркелген болса, осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттар басталған күн өтініш берілген күн болып есептеледі;

      2) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – БЖЗҚ-да құжаттардың қабылданған не келіп түскен күні болып есептеледі.

      БЖЗҚ жыл сайын осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, белгіленген график бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

1.1-параграф. Елу бес жасқа толған және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жағдайда

      Ескерту. 2-тарау 1.1-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет көрсету арқылы не Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 521 бұйрығымен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік корпорацияға жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынған кезде тағайындалады.

      Егер Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса және Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келсе, бұл адамға міндетті зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері оны алуға келісімі болған кезде тағайындалуы мүмкін.

      12-2. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетке кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде тіркелген электрондық өтінімдер бойынша не міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар ұсынып, тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген электрондық өтінімдер, өтініштер туралы мәліметтер, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алуға келісімі беріледі.

      БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдері сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің графигіне сәйкес аударады.

      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері өтініште көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары салымшысының оларды алуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың өтініште көрсетілген банктік шоттарына аударады.

      Зейнетақы төлемін алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

      12-3. Зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемін алушының электрондық өтінімі не өтініші тіркелген күн зейнетақы төлемі тағайындалған күн болып есептеледі.

      БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын қайта есептеуді өзі жүргізеді.

      12-4. Зейнетақы төлемі:

      1) зейнетақы төлемін алушының қайтыс болғаны туралы;

      2) зейнетақы төлемін алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы;

      3) зейнетақы төлемін алушының пайдасына жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде олар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

2-параграф. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда

      13. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасаған кезде мыналарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) шетелдік паспорттың түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін).

      Бұл ретте азаматтығы жоқ адам шетелдік паспорт ретінде азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын, шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның банктік шоты туралы мәліметтер.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылуына не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ зейнетақы төлемін осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және жарамдылығы туралы мәліметтерді алған жағдайларда БЖЗҚ осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан не орындаудан бас тартады.

      14. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақы төлемдері бір мәрте жүзеге асырылады.

3-параграф. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда

      15. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражатынан аспайтын шекте қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен жерлеуге арналған бір мәрте төлем жүргізеді.

      Егер қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы жерлеуге бір мәрте төлем жүзеге асырылғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

      16. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жерлеуге арналған бір мәрте төлемді алуы үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде мынадай құжаттар ұсынады:

      1) өтініш;

      2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      5) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Қағидалардың осы тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы мәліметтер болған жағдайда қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға өтінішті БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы электрондық нысанда БЖЗҚ-ның ішкі құжатында көзделген тәртіппен бере алады.

      Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қайтыс болған адамың қайтыс болуы туралы куәлік беру шет мемлекетте жүзеге асырылған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңдастыру қажет.

      17. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін оның мұрагері (мұрагерлері) мынадай құжаттарды:

      1) өтініш;

      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);

      3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға қалдырылған мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не заңды күшіне енген сот шешімін;

      5) мұрагердің банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      18. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдар БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

      1) заңды күшіне енген сот актісі;

      2) банктік шот туралы мәліметтерді ұсынады.

4-параграф. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің тәртібіне қатысты жалпы ережелер

      19. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда үшінші тұлға (сенім білдірілген адам, заңды өкіл) осы Қағидалардың 7, 13 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша:

      1) сенімхаттың нотариат куәландырған түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін).

      Бұл ретте өтініш берушінің, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (нотариатта куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілетін жағдайда) нотариат куәландырады;

      3) заңды өкіл өтініш жасаған жағдайда заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      20. Өтініш пошта байланысы құралдары арқылы берілген кезде өтініш берушінің, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында, 13 және 17-тармақтарында көрсетілген мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, мұрагердің өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілетін жағдайда).

      21. Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.

      22. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен қабылданған құжаттар мен мәліметтер негізінде БЖЗҚ істің электрондық макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысында белгіленген тәртіп пен мерзімдерде сақтайды.

      Бұл ретте алушылардың банктік шоты туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер электрондық түрде сақталуы мүмкін.

      23. БЖЗҚ-ға төлемдер үшін жүгінген, осы Қағидаларда көрсетілген адамдарға БЖЗҚ-ға құжаттар пакетін пошта байланысының құралдары арқылы жіберген адамды қоспағанда, БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.

      Өтінішті және осы Қағидалардың ережелерінде көзделген құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты БЖЗҚ өтініште көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы жібере алады.

      24. Өтініш беруші, шетелдік, азаматтығы жоқ адам, мұрагер, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі не үшінші тұлға осы Қағидалардың немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда БЖЗҚ өтініш берілген күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат тапсырып, БЖЗҚ-ның ішкі құжатында айқындалатын нысан бойынша өтінішті қабылдаудан не бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.

      25. Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ қайтыс болғаны туралы мәліметтерді алған айдан кейінгі айдан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері тоқтатылады.

      26. Зейнетақы төлемдері осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында, 13, 17 және 20-тармақтарында көрсетілген адамдарға осы Қағидаларда көзделген құжаттар қабылданған не БЖЗҚ-ға түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген адамға осы Қағидаларда көзделген құжаттар қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      27. Зейнетақы төлемдерін, жерлеуге арналған біржолғы төлемді БЖЗҚ деректемелері өтініште көрсетілетін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шотына аударады.

      27-1. Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы ұсынған банктік деректемелер өзгерген жағдайда алушы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды.

      Осы Қағидаларға сәйкес БЖЗҚ-ға берілген өтініштер бойынша зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ға жеке басын куәландыратын құжатпен және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша өтінішпен не электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса, банктік деректемелерге өзгерістер енгізу үшін БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінеді.

      Ескерту. 4-параграф 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды БЖЗҚ-ға қайтару тәртібі

      28. БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу мақсатында БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адам немесе оның заңды өкілі Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көзделген шарттар болған кезде уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы біржолғы зейнетақы төлеміне өтінішпен (бұдан әрі – төлеуге өтініш) уәкілетті операторға жүгінеді.

      Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

      Емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

      29. БЖЗҚ-ның уәкілетті оператормен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі БЖЗҚ мен уәкілетті оператор арасында жасалған тиісті келісімде белгіленеді, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар берген уәкілетті операторда тіркелген төлемге өтініштер туралы электрондық хабарламалар, сондай-ақ жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштер жіберіледі.

      Алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар немесе олардың заңды өкілдері уәкілетті операторға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді өз бетінше, көрсетілген мәліметтерді БЖЗҚ-дан алу арқылы, оның ішінде БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілдері арқылы өз бетінше ұсынады.

      31. БЖЗҚ осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның біржолғы зейнетақы төлемінің оның өзі немесе заңды өкілі төлемге арналған өтініште көрсеткен, бірақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелген сомадан аспайтын сомасын кейіннен Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан адамның арнайы шотына аударады.

      32. БЖЗҚ осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға мынадай жағдайларда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді, онда бас тарту себебі көрсетіледі,:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы және (немесе) қайтыс болуы туралы мәліметтердің болуы;

      Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының болмауы;

      Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамда осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген шарттардың болмауы;

      Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сомасының уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен аспауы;

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығының алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесіне сәйкес алушының орташа айлық табысын 40 пайыздан төмен болмайтын деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етпеуі.

      33. Уәкілетті оператордың қызметтеріне, оның ішінде Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      34. Уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

      Уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тиісті келісімде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатсыз пайдаланылғанын анықтаған жағдайда уәкілетті оператор осы Қағидалардың 28-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көзделген қағидаларға сәйкес оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.

      Қайтару:

      1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның уәкілетті операторға Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның арнаулы шотына есепке жазылған біржолғы зейнетақы төлемінің барлық сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген;

      2) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адам немесе оның заңды өкілі уәкілетті операторға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдаланылғанын және (немесе) емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған;

      3) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері мақсатсыз пайдаланылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамға немесе оның заңды өкіліне біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адам осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге өзі алған біржолғы зейнетақы төлемі сомасының бүкіл сомасын немесе бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған өзінің арнайы шотына қайтарады.

      Уәкілетті оператор Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамға қайтарылатын сома түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті оператор Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамнан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтаруды жүзеге асырады.

      Уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларын БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдардың жеке зейнетақы шотына БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіп пен мерзімдерде есепке жазады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 521 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі

      1. Осы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібін белгілейді.

      2. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі (%);

      2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі (%);

      3) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері.

      3. Осы әдістеменің 2-тармағында көрсетілген параметрлер осы әдістемеге қосымшаға сәйкес қабылданады.

      4. Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы, егер жеке тұлға төмендегі шарттардың бірін қанағаттандыратын болса, осы әдістемеге қосымшада көрсетілген түзету коэффициентіне көбейтіледі:

      1) мерзімсіз белгіленген бірінші топтағы мүгедектігінің болуы;

      2) мерзімсіз белгіленген екінші топтағы мүгедектігінің болуы;

      3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткер жасының басталуы және жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттардың біреуден артығын қанағаттандыратын адамдарға мәні ең үлкен түзету коэффициенті қолданылады.

      Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген, зейнетақы төлемін алуға Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмай тұрып өтініш білдірген адамдарға осы әдістеменің 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген түзету коэффициенті қолданылмайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің осы әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын кейінгі жылдары Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған және Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен зейнетақы төлемдерін алушыларға мүгедектікті алып тастау туралы "МОДБ" АЖ-дан мәліметтерді алған жағдайда БЖЗҚ зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін есепке алмай, осы әдістеменің 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді жүзеге асырады.

      Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу "МОДБ" АЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейін жүзеге асырылады.

  Зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін есептеуді
жүзеге асыру әдістемесіне
қосымша

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыруға арналған параметрлердің мөлшерлері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5 %;

      2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде алпыс ай төленген зейнетақы төлемдерін алушылар үшін түзету коэффициенті – 1,45;

      4) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

Жасы

Түзету коэффициенті


18

0,74


19

0,75


20

0,77


21

0,78


22

0,79


23

0,81


24

0,82


25

0,84


26

0,86


27

0,87


28

0,90


29

0,91


30

0,94


31

0,96


32

0,98


33

1,01


34

1,03


35

1,06


36

1,09


37

1,12


38

1,15


39

1,18


40

1,21


41

1,24


42

1,28


43

1,31


44

1,34


45

1,38


46

1,42


47

1,45


48

1,48


49

1,51


50

1,54


51

1,56


52

1,58


53

1,58


54

1,58


55

1,56


56

1,54


57

1,49


58

1,42


59

1,40


60

1,37


61

1,87


62

1,79


63

1,69

;

      5) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

Жасы

Түзету коэффициенті


18

0,59


19

0,59


20

0,60


21

0,61


22

0,62


23

0,63


24

0,64


25

0,65


26

0,66


27

0,68


28

0,69


29

0,70


30

0,72


31

0,73


32

0,75


33

0,76


34

0,78


35

0,79


36

0,81


37

0,83


38

0,85


39

0,87


40

0,89


41

0,91


42

0,93


43

0,95


44

0,98


45

1,00


46

1,03


47

1,05


48

1,08


49

1,10


50

1,12


51

1,15


52

1,17


53

1,19


54

1,21


55

1,23


56

1,24


57

1,24


58

1,24


59

1,25


60

1,26


61

1,32


62

1,30


63

1,27

.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 521 қаулысымен
бекітілген

Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі

      1. Осы алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін есептеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ жүзеге асырады.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ай сайынғы зейнетақы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, оларды тағайындау күніне айқындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін қоса алғанда, зейнетақы төлемдерін алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

      2) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) БЖЗҚ-дан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері;

      3) орташа айлық кірісті алмастыру коэффициенті – ай сайынғы зейнетақы мөлшерінің алушының орташа айлық кірісіне қатынасы ретінде айқындалатын коэффициент;

      4) алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеу жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Зейнетақы тағайындалған кездегі алушының орташа айлық кірісін есептеу үшін тиісті кезең үшін инфляция деңгейі ескеріліп, алушының іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы пайдаланылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Sn – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдында қатарынан күнтізбелік 60 айдағы инфляция деңгейі ескеріліп, алушының іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

      Pi – міндетті зейнетақы жарналарының i айында түсуі;

      Pn – міндетті зейнетақы жарналарының n айында түсуі;

      Ij+1 – алдыңғы j айына қатысты j+1 айындағы тұтыну бағалары индексінің қатынасы, пайызбен;

      n – 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны;

      i – 1-ден n-1-ге дейінгі мәнді қабылдайтын ай бойынша айнымалы;

      j – i-ден n-1-ге дейінгі мәнді қабылдайтын ай бойынша айнымалы.



      m – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы тағайындалған күн мен зейнеткерлік жас басталған күн арасындағы қатарынан күнтізбелік айлардың саны;

      Il+n – алдыңғы айға қатысты, айына тұтыну бағалары индексінің қатынасы пайызбен;

      L – 1-ден m-ге дейінгі мәнді қабылдайтын ай бойынша айнымалы.

      Бұл ретте тиісті кезең үшін тұтыну бағалары индексінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректерге сәйкес қабылданады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Алушының орташа айлық кірісі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      АОК – зейнетақы тағайындау күніне алушының айлық орташа кірісі, бірақ "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес және республика бойынша орташа айлық кірістен артық емес;

      ОАЖ – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған, өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін орташа жалақының мөлшері ретінде қабылданатын республика бойынша орташа айлық кіріс (толық күнтізбелік жыл үшін жалақының орташа мөлшері туралы деректер болмаған кезде есептеу үшін өтініш берілген күннің алдындағы жылдың іс жүзіндегі соңғы деректері қабылданады);

      Sn – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік айлар үшін инфляция деңгейі ескеріліп, алушының іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

      N – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік айлардың ішінде алушының нөлдік емес міндетті зейнетақы жарналары бар айлардың саны;

      МЗЖМ – Әлеуметтік кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

      n – 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны.

      Егер n мәні нөлге тең болса, онда АОК мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген мөлшердегі ең төмен жалақыға тең деп қабылданады.

      5. Алушының орташа айлық кірісін ай сайынғы зейнетақымен алмастыру коэффициенті мынадай формулаға сәйкес есептеледі:



      мұндағы:

      КАК – алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті, %-бен;

      АОК – зейнетақы тағайындау күніне алушының орташа айлық кірісі.

      6. Алушының орташа айлық кірісін ай сайынғы зейнетақымен алмастыру коэффициентін есептеуді осы әдістемеге сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының және алушының орташа айлық кірісінің сомаларын есептеген кезде соңғы аударылған, бірақ 60 айдан аспайтын міндетті зейнетақы жарналары қабылданады.

      "Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағының ережелеріне сәйкес өмір бойы ай сайынғы қамтылым төленетін отставкадағы судьялар үшін алушының орташа айлық кірісін ай сайынғы зейнетақымен алмастыру коэффициенті 40 пайызға тең деп қабылданады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1183 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 521 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі

      1. Осы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – осы әдістемеге сәйкес айқындалатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз етуге қажетті міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.

      3. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

      1) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ 9 %-дан аспайтын кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі (%-бен);

      2) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеудің осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ 5 %-дан кем болмайтын жылдық мөлшерлемесі (%-бен);

      3) ең төмен зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі, бірақ кемінде 5 %;

      4) ең төмен жалақы мөлшерін индекстеудің осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ кемінде 5 %-дан кем болмайтын жылдық мөлшерлемесі (%-бен);

      5) осы әдістеменің 5-тармағына сәйкес белгіленетін міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

      6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы (бұл ретте зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес әйелдердің толық зейнетақы жасы деңгейінде белгіленеді; зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленеді, бірақ 82 (сексен екі) жастан төмен болмайды);

      7) ай сайынғы зейнетақы мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтындай етіп айқындалады, ол екі құрамдас бөліктен тұрады:

      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген, Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен барлық адамдарға (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды және өмір бойғы қамтылымда болатын отставкадағы судьяларды қоспағанда) кепілді түрде төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (бұдан әрі – ең төмен мөлшердегі базалық зейнетақы) ең төмен мөлшері;

      ең төмен жалақы мен ең төмен мөлшердегі базалық зейнетақы арасындағы айырма ретінде айқындалатын зейнетақы жинақтары есебінен (міндетті зейнетақы жарналары есебінен болашақ зейнетақы жарналарының келтірілген құнын негізге ала отырып төленетін төлем).

      4. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу кезінде осы әдістеменің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген параметрлер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынуы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісу бойынша жыл сайынғы негізде осы әдістемеге қосымшаға сәйкес қабылданады.

      5. Міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі алдағы күнтізбелік жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік соңғы толық 5 (бес) жылдағы салымшылар бойынша міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің жылдық көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде жылжымалы негізде жыл сайын айқындалады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің 2020 жылға дейінгі (қоса алғанда) жылдық көрсеткіштері 12-ге (он екі) тең болып қабылданады.

      6. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны және міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны пайдаланылады.

      7. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЗТАҚх1 – жасы келген алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

      БТ – максимум {ЕТЖМ; ЕТЗ} және ЕТБЗ-ның айырмасы ретіндегі БЖЗҚ-дан төленетін бастапқы зейнетақы төлемінің мөлшерін бағалау;

      ЕТЖМ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен жалақы мөлшері;

      ЕТЗ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшері;

      ЕТБЗ – ең төмен мөлшердегі базалық зейнетақы;

      i – жылдық пайыздық мөлшерлеме;

      j – БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      t – 0-ден x2-x1-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы;

      x1 – зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы;

      x2 – зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы.

      8. Міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      МЗЖАҚхо – жасы келген салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

      МЗЖЖ – міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

      ЕТЖМ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен жалақы мөлшері;

      МЗЖМ – Әлеуметтік кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

      i – кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі (%-бен);

      k – ең төмен жалақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      t – 0-ден x1-x0-1-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы;

      x0 – салымшының жасы, мұндағы х0<х1;

      x1 – зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

      9. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЕТЖШхо – Xо жасы келген салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі;

      ЗТАҚх1 – X1 жасындағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

      МЗЖАҚхо – Xо жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

      i – кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

      l – ең төмен зейнетақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      Xo – салымшының жасы, мұндағы Xo1;

      X1 – зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес X1 және одан жоғары жастағы, бірақ зейнеткерлік жасқа жетпеген салымшылар үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі ЕТЖШх1-1-ге, яғни зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасынан бір жылға төмен жас шегіне теңестіріледі.

      Осы тармаққа сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      10. Ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағылар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегі мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

  Зейнетақы жинақтарының
ең төмен жеткіліктілік
шегін айқындау
әдістемесіне
қосымша

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеуге арналған параметрлердің мөлшерлері

      1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6,5 %;

      2) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      3) ең төмен зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      4) ең төмен жалақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      5) міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі – 12;

      6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы – тиісінше 60 және 82.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады