"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1183 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнаулы әлеуметтік төлем – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Зейнетақы төлемдері:

      1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген график бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Егер БЖЗҚ-дан төлеу жүзеге асырылатын күні зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, алушыға БЖЗҚ-дан бір мәрте төленеді.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен және (немесе) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының кемінде отыз еселенген, бірақ алушының жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

      Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құрайтын болса, бұл қалдық Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленеді;

      2) Әлеуметтік кодекстің 1-тармағының 3) тармақшасында, 220-бабының 4-тармағында, 1-тармағының 3) тармақшасында, 221-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда бір мәрте;

      3) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 1.1-параграфпен толықтырылсын:

      "1.1-параграф. Елу бес жасқа толған және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жағдайда

      12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет көрсету арқылы не Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 521 бұйрығымен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік корпорацияға жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынған кезде тағайындалады.

      Егер Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса және Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келсе, бұл адамға міндетті зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері оны алуға келісімі болған кезде тағайындалуы мүмкін.

      12-2. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетке кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде тіркелген электрондық өтінімдер бойынша не міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар ұсынып, тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген электрондық өтінімдер, өтініштер туралы мәліметтер, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алуға келісімі беріледі.

      БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдері сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің графигіне сәйкес аударады.

      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері өтініште көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары салымшысының оларды алуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың өтініште көрсетілген банктік шоттарына аударады.

      Зейнетақы төлемін алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

      12-3. Зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемін алушының электрондық өтінімі не өтініші тіркелген күн зейнетақы төлемі тағайындалған күн болып есептеледі.

      БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын қайта есептеуді өзі жүргізеді.

      12-4. Зейнетақы төлемі:

      1) зейнетақы төлемін алушының қайтыс болғаны туралы;

      2) зейнетақы төлемін алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы;

      3) зейнетақы төлемін алушының пайдасына жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде олар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.";

      4-параграф мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы ұсынған банктік деректемелер өзгерген жағдайда алушы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды.

      Осы Қағидаларға сәйкес БЖЗҚ-ға берілген өтініштер бойынша зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ға жеке басын куәландыратын құжатпен және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша өтінішпен не электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса, банктік деректемелерге өзгерістер енгізу үшін БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінеді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген, зейнетақы төлемін алуға Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмай тұрып өтініш білдірген адамдарға осы әдістеменің 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген түзету коэффициенті қолданылмайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің осы әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын кейінгі жылдары Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен айқындалады.";

      зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымшада 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде алпыс ай төленген зейнетақы төлемдерін алушылар үшін түзету коэффициенті – 1,45;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесінде:

      3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Sn – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдында қатарынан күнтізбелік 60 айдағы инфляция деңгейі ескеріліп, алушының іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының және алушының орташа айлық кірісінің сомаларын есептеген кезде соңғы аударылған, бірақ 60 айдан аспайтын міндетті зейнетақы жарналары қабылданады.

      "Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағының ережелеріне сәйкес өмір бойы ай сайынғы қамтылым төленетін отставкадағы судьялар үшін алушының орташа айлық кірісін ай сайынғы зейнетақымен алмастыру коэффициенті 40 пайызға тең деп қабылданады.".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады