Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 522 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 522 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;

      3) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) біржолғы зейнетақы төлемі – Әлеуметтік кодексте белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) жеке зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;

      8) зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      9) инвестициялық портфельді басқарушы – Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңдарына сәйкес лицензия негізінде өз атынан және клиенттің мүдделері мен есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      10) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу (бұдан әрі – айырманы төлеу) – инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен құқық туындаған күнге міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;

      11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      12) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      15) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2024 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға:

      1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

      2) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;

      3) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударылған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге қолданылады.

      Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырманы төлеу сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте айырманы төлеу зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына соңғы аударылған күннен бастап инфляция деңгейін және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.

      Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күнге дейін қайтарылған жағдайда қайтарылған сатып алу сомалары зейнетақы жарналары ретінде қаралады және қайтару сәтінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма есебіне енгізіледі.

      Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;

      4) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға – БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;

      5) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнаулы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған күннен басталатын кезеңге Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күнге қолданылады.

      Біржолғы зейнетақы төлемдері алынғаннан және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа дейін уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтарған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған жағдайда айырманы төлеу зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға соңғы аударылған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүргізіледі.

      Уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған зейнетақы жинақтарының сомалары зейнетақы жарналары ретінде қаралады және қайтару сәтінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебіне енгізіледі.

      Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы тұлғалар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда айырманы төлеу 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы соңғы рет қайтарылған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін зейнетақы жинақтары қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген кезден бұрын зейнетақы жинақтарын алып қойған, мемлекет кепілдігі төлеміне құқығы бар адам жүгінген жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма есебі зейнетақы жинақтары алғаш алынған күнге жүргізіледі.

2-тарау. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын тұлғаларға мемлекеттік кепілдікті төлеу бойынша айырма "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берілмей-ақ проактивті нысанда тағайындалады. Осы тармақтың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.

      Базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күні проактивті қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы проактивті қызмет көрсету және тілді таңдау үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін өтініш берушінің порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс құрылғысының телефон нөміріне sms-хабар жібереді.

      Өтініш берушіден бірінші sms-хабар жіберілген сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсету процесі аяқталады, бұл ретте осы санаттағы тұлғалардың Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру арқылы қызмет көрсетуге жүгіну құқығы сақталады.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалмайтын, өмір бойғы ай сайынғы қамтылым алатын отставкадағы судьяларға, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы төлеудің есеп-қисабы мемлекеттік корпорацияға өтінішпен өзі жүгінген жағдайда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан басқа айырма төлеміне құқығы бар тұлға айырма төлемін тағайындау үшін мемлекеттік корпорацияның тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін қандас куәлігі) қоса беріледі.

      Айырма төлемін тағайындау мерзімі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келісім болған жағдайда Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат бар болса, базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен, бірақ Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде басталады.

      6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:

      алушы өзі жүгінген кезде:

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт;

      екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар сенім білдірген тұлға арқылы өтініш берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда құжаттардың көшірмесін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.

      7. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа:

      1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт).

      Шет тілінде жасалған құжаттар үшін қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын нотариус жүзеге асырған куәландыру қоса беріледі;

      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.

      Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі сенім білдірілген өкілдің өзі келген кезде жүзеге асырылады.

      8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мұрагерге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте мұрагер:

      1) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);

      3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда ол адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырған көшірмесін;

      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;

      5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.

      9. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж тұлғаларға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);

      3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжатты;

      4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

3-тарау. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі

      10. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар санаты үшін айырма төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну туралы хабарлама жібереді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар үшін келісім болған кезде Мемлекеттік корпорация базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бірақ ол тағайындалғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну туралы хабарлама жібереді.

      11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген форматқа сәйкес ЭЦҚ қойып, алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсынады.

      12. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      13. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан аз болған жағдайда Мемлекеттік корпорация 1 (бір) жұмыс күні ішінде айырма төлемінің сомасын есептеуді мына формулаға сәйкес жүргізеді:

      осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін айырма төлемі сомасын есептеу мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn= Sn-1 *In +Pn,

      S1 = P1, мұнда:

      n – есепті ай;

      Sr – айырма төлемінің сомасы;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар және әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы тұлғалар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалар үшін айырма төлемі сомасын есептеу мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn = Sn-1 *In +Pn,

      S1 = Sv-Sp, мұнда:

      n – есепті ай;

      S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдығының немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейінгі қалдығының және (немесе) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емге ақы төлеу мақсатында алғаннан кейінгі қалдығының не зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі қалдығының сомасы, теңгемен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;

      Sv – сақтандыру ұйымына аударылған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының және (немесе) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емге ақы төлеу мақсатында алғаннан кейінгі қалдығының не зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі қалдығының сомасы, теңгемен;

      Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.

      Бұл ретте тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.

      14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі айырма төлемнің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасын;

      2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметті қамтитын алушының электрондық (қағаз) іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ) қалыптастырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде айырма төлемді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

      16. Мемлекеттік корпорация 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтініште көрсетілген мобильді телефонына sms-хабарлау арқылы айырма төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтініш берушінің деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабарлау жіберілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) қамтитын sms-хабарлау журналында тіркейді.

      17. Уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімдерінің негізінде Мемлекеттік корпорация 5 (бес) жұмыс күні ішінде ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 25-күніне уәкілетті органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттігіне тағайындалған айырма сомасын енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      19. Уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      20. Төлем жүргізілетін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған айырма сомалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.

      21. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады.

      Бұл ретте айырманы төлеу банк шоттарына аудару немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады