ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 208-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі;
2) жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 524 қаулысымен бекітілген |
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
1. Мыналарды:
1) патологоанатом дәрігерлер мәйіттерді патологиялық-анатомиялық ашуды және мәйіт материалын, операция мен биопсиялар кезінде алынған органдар мен тіндерді гистологиялық зерттеуді;
2) орта және кiшi медицина персоналы патологиялық-анатомиялық ашуды жүргізуге, мәйіт материалын, операциялық және биопсиялық материалды өңдеуге қатысуды жүзеге асыратын республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюролардағы, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелердегі және денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелеріндегі жұмыс.
2. Мыналарды:
1) дәрігерлер және мамандар, сот-медициналық сарапшылар мәйіттерге және мәйіт материалына сот-медициналық сараптамалар жүргізуді;
2) орта және кіші медицина персоналы мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізуге, мәйіт материалын өңдеуге қатысуды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындағы, аумақтық филиалдарда, аудандық және ауданаралық бөлімшелердегі жұмыс.
Ескертпе:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 524 қаулысымен бекітілген |
Жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімі
1. Ағаш дайындау және ағаш ағызу.
2. Ет және сүт өнеркәсібі.
3. Балық өнеркәсібі.
4. Өнеркәсіптің қант және консерв салалары.
Ескертпе:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ескеріледі.