"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 533 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысы 49-тармағының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының "Электро-ХСБМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен бірге "Орта Азия – Орталық-4" магистральдық газ құбырын / "Орта Азия – Орталық-5" магистральдық газ құбырын / "Орта Азия – Орталық-4" лупингін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады