"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 75552,0 гектар Сауран ауданының жерлерін қосу арқылы Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13-VIІІ бірлескен шешіміне және "Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 80 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 579 қаулысына қосымша |
Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы
Р/с № | Ауданның атауы | Жалпы жер ауданы (гектар) | оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар) | елді мекендер жерлері (гектар) | өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар) | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар) | орман қорының жерлері (гектар) | су қорының жерлері (гектар) | босалқы жерлер (гектар) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Кентау қаласының шекарасына (шегіне) берілетін Сауран ауданы жерінің жалпы ауданы | 75552,0 | 39693,09 | 607,4 | 335,43 | 34424,1 | - | 491,98 | - |