"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 шiлдедегi № 593 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) әскери жоспарлау жүйесін әзірлейді;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша уәкілетті органдардың пилотсыз әуе кемелерінің шекаралық белдеу үстінен ұшуды жүзеге асыруына рұқсат береді;";

      116) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "116) Қарулы Күштердiң мəдениет жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде ұсынылатын көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 116-1), 116-2), 116-3), 116-4), 116-5), 116-6) және 116-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "116-1) Қарулы Күштердің әскери, арнайы оқу орны бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде ұсынылатын әскери, арнайы оқу орнының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаны бекітеді;

      116-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежай қызметі саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;

      116-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;

      116-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;

      116-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;

      116-6) әскери, арнайы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "117-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетонды беру, пайдалану және олардың сипаттамасы қағидаларын бекітеді;";

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;";

      120) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "120) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 120-1), 120-2), 120-3), 120-4), 120-5), 120-6), 120-7), 120-8) және 120-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "120-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекітеді;

      120-2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      120-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекітеді;

      120-4) Қазақстан Республика Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарындағы қызметке алғаш кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекітеді;

      120-5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары арнаулы құралдарының тізбесін бекітеді;

      120-6) Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісу бойынша әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      120-7) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";

      243) және 244) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады