"Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 601 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 886 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2024 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Кодекстің 24-бабында көрсетілген өлшемшарттарға және олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісін есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің мынадай түрлері бойынша лицензиялар туралы ақпарат алу үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:

      есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

      акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;

      астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет;

      лотереялар өткізу;

      ойын бизнесі саласындағы қызмет;

      радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;

      банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

      аудиторлық қызмет;

      бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

      кредиттік бюролардың қызметі;

      күзет қызметі;

      азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;

      I кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;";

      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дара кәсіпкерлер туралы:

      ЖСН;

      дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы;

      бірлескен кәсіпкерлік мәртебесінің болуы немесе болмауы;

      санаты (ірі, орта, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік);

      осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызмет түрі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тізілімде кәсіпкерлік субъектілерін іздеу:

      1) БСН немесе ЖСН;

      2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады