Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 610 қаулысы

      Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар мен Ақмола облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 26 шілдедегі
№ 610 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Степногорск қаласы – Ақмола облысының индустриялық орталығы.

      Қаланың әкімшілік бағынысында 1 ауылдық округ және 9 елді мекен бар – 4 кент, 5 ауыл. Степногорск қаласының және оған іргелес аумақтардың аумағы 290 мың гектардан асады, халық саны – 68,5 мың адам.

      Өнеркәсіп саласының қала экономикасы үшін маңызы ерекше зор. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауар өнімінің көлемі 413,6 миллиард теңгені құрады, өңірдің өнеркәсіптік өндірістегі үлесі – 27,9 %. Өнеркәсіп құрылымында өңдеу саласының үлес салмағы ең жоғары – 75,3 %, оған мынадай кәсіпорындар кіреді: "Степногорск тау-кен-химия комбинаты" ЖШС, Степногорск қаласындағы "Степногорский подшипниковый завод" АҚ, "ASTANA-NAN CHEMICALS"-тың "АСТАНА НАН" ЖШС Степногорск қаласындағы филиалы, "SSAP" ЖШС, "ALFA ORGANIC" уыт спирт зауыты" ЖШС, "Sareco" ЖШС, "Степногорск машина жасау зауыты" ЖШС, "Целингормаш" ЖШС, "Промзащита" ЖШС. Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде 2021 жылы "Ақсу Technology" ЖШС қуаты жылына 6 тонна Доре қорытпасындағы алтын өндіру фабрикасын пайдалануға берді.

      Тау-кен өндіру саласының жетекші кәсіпорындары "Алтыналмас АК" АҚ, "Қазақалтын" ЖШС болып табылады, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрамында алтыны бар кен өндіру 7 361,4 мың тоннаны құрады.

      Энергетика саласында "Степногорск ЖЭО" ЖШС жұмыс істейді, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда электр энергиясын өндіру 642,3 миллион кВТ/сағатты, жылу 918 мың Гкал-ды құрады.

      Ауыл шаруашылығы саласында көкөніс ("Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС) пен гүл өсіретін жылыжай кешендері ("МАЭС" Жылыжай кешені" ЖШС филиалы) жұмыс істейді, мал шаруашылығы дамуда.

      Степногорск ЖЭО жылу және электр энергиясының бірден-бір көзі болып табылады. Қаланың электр желілерінің жалпы ұзындығы 466,3 километрді құрайды, электр желілері жеке меншік иелігінде ("Степногорк-Энерготранзит" ЖШС). Қаланың жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 247,5 километр, жылу желілері де жеке меншікте ("Степногорск-Теплотранзит" ЖШС).

      Жұмыспен қамтылған халық саны – 36 мың адам, жұмыссыздар саны – 1,4 мың адам, 2022 жылы жұмыссыздық деңгейі – 3,8 %, жастар жұмыссыздығы – 1,5 % құрады. 2022 жылы 1,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2022 жылы жұмыспен қамтудың әртүрлі нысандарында 558 адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылғы 1 қаңтардағы орташа жалақы 272 413 теңгені құрады.

      Білім беру жүйесінде: мектептер – 21, мектепке дейінгі балалар ұйымдары – 13, оның ішінде 9 мемлекеттік, 4 жекеменшік, 4 қосымша білім беру ұйымдары. Орта білім беру мекемелерінде 10 219 оқушы бар. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілер саны – 2485, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 100 %, 1 жастан 6 жасқа дейін – 81,2 % құрайды.

      Мәдениет мекемелерінде 24 әуесқой бірлестік, 64 халық шығармашылығы ұжымы жұмыс істейді, олардың 11-і "Халықтық" және "Үлгілі" атағына ие.

      Халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту көрсеткіші 39,3 % құрады.

      2022 жылы бала туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 13,6, жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 11,9 құрады.

      Степногорск қаласының тұрғын үй қорында 288 көппәтерлі тұрғын үй бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 2 мың адам тұр.

      Бұл ретте жақын арадағы бесжылдықта шешілуге тиісті мынадай проблемалар бар:

      1) елді мекендерді одан әрі дамыту үшін даму және құрылыс салу схемаларының болмауы;

      2) өндіріс көлемі мен инвестициялар тарту әлеуетінің толық көлемде пайдаланылмауы;

      3) шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілерінің өнім шығаруын ұлғайту;

      4) тұтыну нарығын жергілікті өндіріс өнімдерімен қамтамасыз ету;

      5) білікті мамандардың жетіспеушілігі;

      6) білім беру объектілерінің аумақтарын жөндеу жұмыстарын жүргізу және абаттандыру қажеттілігі;

      7) дәрігер кадрлардың тапшылығы және орталық қалалық аурухананың шамадан тыс тозуы;

      8) халықтың дене шынықтыруға және спортқа қажеттілігін толықтай қанағаттандыру үшін спорттық инфрақұрылымның тапшы болуы;

      9) инженерлік желілердің шамадан тыс тозуы, оның ішінде су құбырлары – 40 %, кәріз желілері – 65 %, жылу желілері – 81,6 %, электрмен жабдықтау– 60 %;

      10) қаланың автомобиль жолдарын реконструкциялау және орташа жөндеу жүргізу қажет;

      11) жергілікті полиция және өрт сөндіру қызметінің жеткілікті түрде жарақтандырылмауы;

      12) өңірдің өнеркәсіптік бағытына байланысты экологиялық проблемалар.

      Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарда өңірдің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуы көзделген, республикалық, жергілікті бюджеттер шеңберінде және басқа да көздерді тарту есебінен қаржыландырылатын, ұйымдастыру және іске асыру мақсатындағы 83 іс-шарадан тұрады.

Р/с

Атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі, миллион теңге*

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1) Степногорск қаласы мен әкімшілік бағынысына кіретін елді мекендерді дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу есебінен елді мекендерді аумақтық дамыту және олардың шекараларын кеңейту;

2) өнеркәсіп өндірісінің көлемін 550 млрд теңге, оның ішінде өңдеу өндірісінде кемінде 70 % деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда;

3) өнім шығаруды 71-ден 90 млрд теңгеге дейін өсіру, жұмыспен қамтылғандар санын 11,1-ден 12 мың адамға дейін ұлғайту және жұмыс істеп тұрған субъектілер санын 3,5-тен 3,8 мың бірлікке дейін ұлғайту;

4) ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемін 10 %-ға ұлғайту (2022 жылы – 7,9 млрд теңге);

5) қала кәсіпорындарын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету жылына – 100 адам, жастарды жұмысқа орналастыру жылына – 60 адам;

6) 3,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құру;

7) 15 аула аумағын абаттандыру арқылы балаларға қолайлы жағдай жасау;

8) медициналық колледж ашу арқылы кадр әлеуетін арттыру және орталық қалалық аурухананы күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерді жақсарту;

9) жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту, 68,5 мың адамды үздіксіз сумен қамтамасыз ету;

10) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 74 %-дан 90 %-ға дейін жеткізіледі, жолдардағы қауіпсіздікті жақсарту;

11) жергілікті полиция қызметі жұмысының жеделдігін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайды жою кезінде жедел ден қоюды күшейту;

12) 10 бірлік қызметтік автомашина сатып алу, бейнекамера орнату (жыл сайын 6 дана) есебінен жергілікті полиция қызметі жұмысының жеделдігін арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау инфрақұрылымын кеңейту, қосалқы басқару пункттерін салу арқылы төтенше жағдайларды жою кезінде жедел ден қоюды арттыру;

13) атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын 9,8 мың тоннаға дейін азайту (2022 жылы – 14,8 мың тонна), қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша өнеркәсіп орындарын жауапкершілігін арттыру.

1. Қалалық ортаны жоспарлау

1

Бөгенбай ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу

мәслихат шешімі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

15

ЖБ

2

Изобильное ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу

мәслихат шешімі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

15

ЖБ

3

Қырық құдық ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу

мәслихат шешімі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

18

ЖБ

4

Байқоныс ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу

мәслихат шешімі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

18

ЖБ

5

Шаңтөбе кентін дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу

мәслихат шешімі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

21

ЖБ

6

Степногорск қаласының бас жоспарын әзірлеу

мәслихат шешімі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

99,4

ЖБ

7

Новокронштадка ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу
 

мәслихат шешімі

2026 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

18

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

204,4

ЖБ

2. Экономиканың нақты секторы

2.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

8

Ақсу кентінің алтын өндіру фабрикасын бейімдеу (реконструкциялау)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Қазақалтын Technology" ЖШС (келісу бойынша)

2 420

БК

2024 жылғы
IV тоқсан

7 340

2025 жылғы
IV тоқсан

14 668

9

Жылына 6 мың тонна кепілдендірілген өңдеуді қамтамасыз ету үшін
резервтік қуаттар құруды ескере отырып, уран өндірісінің өнімділігін жылына құрамында ураны бар материалдардың 7 мың тоннасына дейін ұлғайту үшін гидрометаллургиялық зауыттың экстракция және топтап шаймалау цехын реконструкциялау (кеңейту)
 
 
 

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "СТКХК" ЖШС (келісу бойынша)

100

БК

2024 жылғы
IV тоқсан

100

2025 жылғы
IV тоқсан

200

2026 жылғы
IV тоқсан

100

10

Көлемі 5, 10 литр полиэтилен канистрлерін өндіру желісін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Astana-Nan Chemicals" ЖШС (келісу бойынша)

300

БК

11

Суспензия концентраттарының өндірістік желісін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Astana-Nan Chemicals" ЖШС (келісу бойынша)

300

БК

12

Аммоний сульфатын өндіру зауытын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "SSAP" ЖШС (келісу бойынша)

5 214,1

БК

Бөлім бойынша жиыны:

30 742,1

БК

2.2. Кәсіпкерлік

13

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бағдарламасы аясында электр беру желісін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ, "Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС (келісу бойынша)

2325,5

РБ

232,5

ЖБ

14

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру

ҰЭМ-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

8

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

8

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

8

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

8

ЖБ

15

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру

ҰЭМ-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (келісу бойынша)

100

БК

2024 жылғы
IV тоқсан

100

БК

2025 жылғы
IV тоқсан

100

БК

2026 жылғы
IV тоқсан

100

БК

2027 жылғы
IV тоқсан

100

БК

Бөлім бойынша жиыны:

2 325,5

РБ

272,5

ЖБ






500

БК

2.3. Агроөнеркәсіптік кешен

16

Бұрын пайдаланылмаған жерлерді картоптың егістік алқаптарына айналдыру

АШМ-ға ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, Bioprom Technology ЖШС (келісу бойынша)

147

БК

17

Көкөніс қоймасының үй-жайын жаңарту (желдету және тоңазыту жабдықтарын орнату)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, Bioprom Technology ЖШС (келісу бойынша)

57

БК

18

Жеміс дақылдарын (баялды, құлпынай) өсіруге арналған бөлімшелер салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС (келісу бойынша)

680

БК

2025 жылғы
IV тоқсан

1 580

19

500 гектар алаңда суару жүйесін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Азат Агро" ЖШС (келісу бойынша)

500

БК

2026 жылғы
IV тоқсан

500

Бөлім бойынша жиыны:

3 464

БК

3. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу
 

20

Кәсіптік оқыту (жыл сайын 20 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

5,8

2025 жылғы
IV тоқсан

5,6

2026 жылғы
IV тоқсан

5,8

2027 жылғы
IV тоқсан

6,1

21

Жастар практикасын ұйымдастыру (жыл сайын кемінде 40 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

23

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

24,1

2025 жылғы
IV тоқсан

25,3

2026 жылғы
IV тоқсан

26,6

2027 жылғы
IV тоқсан
 

27,9

22

"Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберінде мамандарды тарту (жыл сайын кемінде 2 адам)

ҰЭМ-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ

20

РБ

2024 жылғы
IV тоқсан

10,4

2025 жылғы
IV тоқсан

10,8

2026 жылғы
IV тоқсан

11,3

2027 жылғы
IV тоқсан

11,9

2023 жылғы
IV тоқсан

0,6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

0,6

2025 жылғы
IV тоқсан

0,7

2026 жылғы
IV тоқсан

0,7

2027 жылғы
IV тоқсан
 

0,7

Бөлім бойынша жиыны:

64,4

РБ

158,5

ЖБ

4. Степногорск қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау

4.1. Білім беру

23

Шаңтөбе кентіндегі
В. Комаров атындағы мектеп қоршауын орнату жұмыстары

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

34

ЖБ

24

Степногорск қаласы № 1 "Айгөлек" балабақшасының ас блогын ағымдағы жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

9

ЖБ

25

Степногорск қаласы № 1 "Айгөлек" балабақшасының аумағын абаттандыру (қоршау)

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

17

ЖБ

26

Бестөбе кенті № 2 мектебінің қоршауын ағымдағы жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

20

ЖБ

27

Степногорск қаласы "Нұршуақ" бөбекжай-бақшасының шатырын ағымдағы жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

6

ЖБ

28

Байқоныс ауылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

30

ЖБ

29

Изобильное ауылындағы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

қабылдау тапсыру актісі
 

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

30

ЖБ

30

Заводское кентінде Арай балабақшасының аумағын абаттандыру (үш күркені реконструкциялау және шағын нысандарды орнату)

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

21

ЖБ

31

Бұрынғы балабақша ғимаратын Степногорск қаласының Балалар мен жасөспірімдерді дамыту және шығармашылық орталығы ретінде реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

300

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

400

32

Степногорск қаласы
Ю.А. Гагарин атындағы № 7 мектепті ағымдағы жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2027 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

60

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

927

ЖБ

4.2. Денсаулық сақтау

33

"Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК ғимаратын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

400

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

400

34

"Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК № 3 ғимаратын (жұқпалы аурулар бөлімі) күрделі жөндеу
 

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

10

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

100

ЖБ

35

"Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК материалдық-техникалық базасын нығайту

қабылдау тапсыру актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

265,6

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

245,2

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

1 420,8

ЖБ

4.3. Мәдениет және спорт, жастардың бос уақыты

36

Степногорск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

733

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

367

37

Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

310

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

690

ЖБ

38

Степногорск қаласындағы Ақсу стадионын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

33

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

350

2025 жылғы
IV тоқсан

350

39

Қырық-құдық ауылында воркаут элементтері бар спорт алаңын орнату

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

30

ЖБ

40

Степногорск қаласының "Горняк" ОМҮ ғимаратын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

61

ЖБ

41

Степногорск қаласының "Горняк" ОМҮ жанындағы "Эстрада театрын" күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

100

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

3 024

ЖБ

4.4. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту

Жылумен жабдықтау

42

Шаңтөбе кентінің жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі,
ИИДМ

30

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан
 
 

75

ЖБ

675

РБ

43

Степногорск қаласының ЖЭО күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "Степногорск ЖЭО" ЖШС (келісу бойынша)

1 054

БК

2024 жылғы
IV тоқсан

1 265,7

2025 жылғы
IV тоқсан

1 526,6

2026 жылғы
IV тоқсан

14 040,1

Бөлім бойынша жиыны:

675

РБ

105

ЖБ

17 886,4

БК

4.5. Сумен жабдықтау және су бұру

44

Жылу-су сорғы станциясынан Степногорск қаласына дейінгі магистральдық су құбырларын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ

440

ЖБ

3 960

РБ

2025 жылғы
IV тоқсан

490

ЖБ

4 410

РБ
 
 

45

Степногорск қаласындағы
1-ші көтергіш № 1 және № 2 "Гидроузел"
сорғы станцияларын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ

80

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

181

ЖБ

1 669

РБ

2025 жылғы
IV тоқсан

181

ЖБ

1 669

РБ

46

Изобильное ауылында сумен жабдықтау жүйесін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ

42,6

ЖБ

383,5

РБ

47

Шаңтөбе кентінің сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ

170

ЖБ

2023 жылғы
IV тоқсан

500

РБ

2024 жылғы
IV тоқсан

1 024,7

48

Степногорск қаласы Пригородный шағын ауданының 2-ші кезектегі сумен жабдықтау жүйесін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ

45

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

80

ЖБ

720

РБ

49

Ақсу және Заводской кенттерінің сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

181

ЖБ

50

Степногорск қаласының нөсер кәрізін реконструкциялауға құжаттама әзірлеу

сараптама алу

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

80

ЖБ

51

Степногорск қаласының кәріз құрылыстарын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "ТКШ дамытуды жаңғыртудың қазақстандық орталығы" АҚ, Су арнасы (келісу бойынша)

80

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

2 800

БК

2025 жылғы
IV тоқсан

2 800

БК

2026 жылғы
IV тоқсан
 

2 700

БК

Бөлім бойынша жиыны:

14 336,2

РБ

2 050,6

ЖБ

8 300

БК

4.6. Жолдар және абаттандыру

52

Степногорск қаласының 15 ауыл аумағын абаттандыру (жыл сайын 3 аула, аумақты асфальттау, балалар алаңдарын орнату, жарықтандыру және т. б.)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

200

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

200

2025 жылғы
IV тоқсан

200

2026 жылғы
IV тоқсан

200

2027 жылғы
IV тоқсан

200

53

Қарабұлақ ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

10

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

10

2025 жылғы
IV тоқсан

210

54

Азат-Степногорск автомобиль жолын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі,
ИИДМ

40

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

138

ЖБ

1 242

РБ

2025 жылғы
IV тоқсан

300

ЖБ

2 700

РБ

2026 жылғы
IV тоқсан
 
 

300

ЖБ

2 700

РБ

55

Степногорск қаласындағы Бейбітшілік көшесінен 20-шағын ауданға дейінгі Новосибирск көшесінің автомобиль жолын реконструкциялау (2-кезек)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ

10

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

29,7

ЖБ

267,3

РБ

2026 жыл
IV тоқсан

68,5

ЖБ

616,5

РБ

56

Степногорск қаласының автомобиль жолдарын орташа жөндеу (жыл сайын кемінде 3 км)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

150

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

150

2025 жылғы
IV тоқсан

150

2026 жылғы
IV тоқсан

150

2027 жылғы
IV тоқсан

150

57

Степногорск қаласының Бейбітшілік көшесіндегі автомобиль жолын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ

35

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

10

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

675

РБ

75

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан
 

174

ЖБ

1 566

РБ

58

Степногорск қаласы Республика даңғылындағы автомобиль жолын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ҰЭМ

25

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

10

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

90

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

810

РБ

59

Бестөбе кентінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

50

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

50

2025 жылғы
IV тоқсан

50

2026 жылғы
IV тоқсан

50

2027 жылғы
IV тоқсан
 

50

60

Ақсу кентінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

45

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

45

2025 жылғы
IV тоқсан

45

2026 жылғы
IV тоқсан

45

2027 жылғы
IV тоқсан

45

61

Заводской кентінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

40

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

40

2025 жылғы
IV тоқсан

40

2026 жылғы
IV тоқсан

40

2027 жылғы
IV тоқсан
 

40

62

Шаңтөбе кентінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

32

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

32

2025 жылғы
IV тоқсан

32

2026 жылғы
IV тоқсан

32

2027 жылғы
IV тоқсан

32

63

Изобильное ауылының автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

20

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

20

2025 жылғы
IV тоқсан

20

2026 жылғы
IV тоқсан

20

2027 жылғы
IV тоқсан
 
 

20

64

Байқоныс ауылының автомобиль жолдарын орташа жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

20

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

20

2025 жылғы
IV тоқсан

20

2026 жылғы
IV тоқсан

20

2027 жылғы
IV тоқсан

20

Бөлім бойынша жиыны:

10 576,8

РБ

4 320,2

ЖБ

5. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

65

Степногорск қаласының полиция бөлімін радиостанциялармен және радиостанцияларға арналған батареялармен жарақтандыру (51 радиостанция)
 

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

8,9

ЖБ

66

Степногорск қаласы полиция басқармасының әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу (ғимарат, оның ішінде қызметтік автокөлікке арналған бокстар (гараждар), жылуды ауыстыру, шатырларды жөндеу)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

50

ЖБ

67

Степногорск қаласы полиция басқармасы үшін 6 дана "Автоураган" аудио-бейне тіркеу құрылғысын сатып алу

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

234

ЖБ

68

Степногорск қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция инспекторлары, саптық құралымдары үшін 10 бірлік қызметтік автомашина сатып алу

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

лизинг


69

Степногорск қаласы Бестөбе кентінің полиция пунктіне ғимарат және жабдық сатып алу
 

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

65

ЖБ

70

Бестөбе кентінде бейнебақылау жүйесін орнату (шағын жедел басқару орталығы)

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

35

ЖБ

71

Степногорск қаласында бейнебақылау камераларын орнату (жыл сайын 6 камерадан)

қабылдау тапсыру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

4,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

4,5

2025 жылғы
IV тоқсан

4,5

2026 жылғы
IV тоқсан

4,5

2027 жылғы
IV тоқсан

4,5

72

Степногорск қаласында 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, ТЖМ

20

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

270

РБ

30

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан
 

270

РБ

30

ЖБ

73

Азаматтық қорғаныс бойынша соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын санатқа жатқызылған ұйымдардың пана беру орындарын құруы

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, азаматтық қорғаныс жөніндегі санатқа жатқызылған ұйымдар

1 000

БК

74

Степногорск қаласында қалалық хабарлау жүйесін басқару пультін енгізу

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

6,7

ЖБ

75

Степногорск қаласында дабылды-сөйлеу құрылғыларын енгізу

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

41,3

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

41,3

76

Степногорск қаласы әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі,
ТЖМ есеп

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

900

ЖБ

77

Степногорск қаласы әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі,
ТЖМ есеп
 

2026 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

900

ЖБ

78

Азаматтық қорғау басқармасының жылжымалы пунктін сатып алу

қабылдау тапсыру актісі,
ТЖМ есеп

2025 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

800,0

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

540

РБ

3 184,7

ЖБ

1 000

БК

6. Экологиялық проблемаларды шешу

79

Мыс-молибден өндірісінің радиоактивті емес қалдықтарын гидрожуу әдісімен ГМЗ қалдық қоймасының булану картасын қалпына келтіру

орындалған жұмыстар актісі,
ЭТРМ-ге есеп

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі,
"СТКХК" ЖШС (келісу бойынша)

70,0

БК

80

№ 1 картадағы сорғы станциясынан № 2 картадағы қабылдау құдығына дейін айналма сумен жабдықтау су тартқышын монтаждау

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі, "СТКХК" ЖШС (келісу бойынша)

86,4

БК

81

Қалдық қоймасының № 1 картасының бөлу пульт құбырын монтаждау

орындалған жұмыстар актісі,
ЭТРМ-ге есеп

2023 жыл
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі,
"СТКХК" ЖШС (келісу бойынша)
 

199

БК

82

Степногорск қаласының қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын жаңғырту

орындалған жұмыстар актісі,
ЭТРМ-ге есеп

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

130

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

400

83

Ақсу өзенінің су қорғау аймағын белгілеу

су қорғау аймағының жобасы,
ЭТРМ-ге есеп

2023 жылғы
IV тоқсан

Ақмола облысының әкімдігі

3,6

ЖБ

Бөлім бойынша жиыны:

533,6

ЖБ

355,4

БК


      Ескертпелер:

      * республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қалыптастырылып, нақтыланған кезде нақтыланатын болады.


Қаржыландыру көзі

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Жиыны

РБ

520,0

7 906,1

10 115,6

7 318,3

2 657,9

28 517,9

ЖБ

1 450,6

4 335,6

5 750,3

3 306,6

1 358,2

16 201,3

БК

4 233,4

12 585,7

27 588,7

17 740,1

100,0

62 247,9

Жиыны:

6 204,0

24 827,4

43 454,6

28 365,0

4 116,1

106 967,1


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ – акционерлік қоғам;

      БК – басқа көздер;

      Гкал – гигакалория;

      ГМЗ – гидрометаллургиялық зауыт;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      ЖЭО – жылу электр орталығы;

      ҚР ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      МАЭС – мемлекеттік аудандық электр станциясы;

      МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

      ОМҮ – орталық мәдениет үйі;

      ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҚР ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      "СТКХК" ЖШС – "Степногорск тау-кен химия кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

      ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады