Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 623 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 623 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      "58-1. Материалдық құндылықтар броньнан шығару тәртібімен шығарылғаннан кейін олардың сақтауда қалған көлемі номенклатурада көзделген деңгейдің кемінде елу пайызын құрайды.

      Осы тармақтың ережелері төтенше жағдайлардың мен алдын алуға және олардың салдарын жоюға, нарыққа реттеушiлiк ықпал етуге арналған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлеміне қолданылмайды.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару, кәдеге жарату және (немесе) жою тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін шығарылатын материалдық құндылықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпиясыздандырылуға жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларында:

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Жабық тендерге қатысуға өтінімдерді сатушы қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын, жабық тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себебі көрсетіліп, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сай келмейтін қатысушылардың тізімі;

      2) жабық тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын тізілімнің веб-порталы автоматты түрде салыстыратын, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сай келетін қатысушылардың тізімі;

      3) сату объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз көрсетіледі.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманы тізілімнің веб-порталы қалыптастырады, оған жабық тендер өткізілген күні сатушы мен жабық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.".

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орны бір сақтау пунктінен/ведомстволық бағынысты ұйымнан басқа сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға ауыстырылған кезде материалдық құндылықтар есептен шығарылмайды. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы есептік деректерге материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәліметтер бастапқы құжаттардың негізінде енгізіледі.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орны ауыстырылған кезде ауыстырылатын материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу актісі жасалады.

      Түгендеуді ведомствоның, сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның қабылдаушы/беруші тарапының өкілі жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының саны сәйкес келмейтіні анықталған кезде материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру сәйкессіздік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес беруші тараптың есебінен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Орны ауыстырылған материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының саны мен сапасының жай-күйі айқындалғанға дейін сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға уақытша сақтауға қабылданады, оны айқындау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік резервтің орны ауыстырылған материалдық құндылықтарын қарап-тексеру актісі жасалады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің орны ауыстырылған материалдық құндылықтары осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісі жасалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3 және 8-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      Сақтау пункті ________________________________________________________

      (атауы)

      Министрлік (ведомство) _______________________________________________

      Сақтау пунктінің мекенжайы ___________________________________________

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с №

Шығындардың атауы

Шығыстардың есеп-қисабы

Шығыстардың бірлігі

Саны

Шығыстардың сомасы

Негіздеме

Растайтын құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жалақы

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

2.

Әлеуметтік салық

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

3.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




бұйрық, аванстық есеп

4.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы (жекелеген өлшеу аспаптары болмаған жағдайда шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)

5.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасылмалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




шарт, қабылдау-тапсыру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы (шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны (бар болса)

      Сақтау пунктінің басшысы _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке
алу қағидаларына
3-қосымша

      _________________________________________

      _________________________________________

      (жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)

      Қойма № _______

№ ___ заттаңба

      Материалдың атауы ___________________________________________________

      Сұрпы ______________________________________________________________

      Таңбасы _____________________________________________________________

      Мөлшері ____________________________________________________________

      Партия (қорытпа) № __________________________________________________

      Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері ____________________________

      Тіркелген жылы және нөмірі ___________________________________________

      Салынған күні _______________________________________________________

      Жаңарту мерзімі _____________________________________________________

      Сертификат № _______________________________________________________

      Саны _______________________________________________________________

      Жасылған күні _______________________________________________________

      Сақтау мерзімі _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заттаңбаны жазып берушінің қолы)

      20___ж. "___" _____________

      Аталған номенклатура бойынша әрбір салуға жеке-жеке бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке
алу қағидаларына
8-қосымша

Мемлекеттік резервтің орны ауыстырылған материалдық құндылықтарын қарап-тексеру АКТІСІ

      20___ жылғы "__" ________

      _____ жылғы "__" _____ № __ бұйрықпен мынадай құрамда құрылған комиссия:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің атауы)

      мемлекеттік резервтің орны ауыстырылған келесі материалдық құндылықтарын қарап-тексерді:

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы, талдау

Өлшем бірлігі

Саны

Жасалған күні

Салынған күні

Жарамдылық мерзімі

Сақтау мерзімі

Бірлік үшін бағасы

Құны (теңгемен)

Техникалық жағдайы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Қарап-тексеру барысында комиссия мыналарды анықтады:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қарап-тексеру нәтижелері бойынша комиссияның қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады