"Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 631 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 631 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 171 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері

Кедендік төлемнің атауы

АЕК-дегі (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш) мөлшерлемелер

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым:


тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;

6 АЕК

транзиттік декларацияны пайдаланумен;

6 АЕК

тауарларға арналған декларация ретінде мәлімдемені пайдаланумен;

0 АЕК

тауарларға арналған декларация ретінде тізбені пайдаланумен;

0 АЕК

экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;

0 АЕК

халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін

0 АЕК

Кедендік алып жүру үшін кедендік алым

50 километрге дейінгі қашықтыққа 1 АЕК,
50-ден 100 километрге дейінгі қашықтыққа 2 АЕК,
100-ден 200 километрге дейінгі қашықтыққа 3 АЕК,
200-ден 400 километрге дейінгі қашықтыққа 13 АЕК,
400-ден 600 километрге дейінгі қашықтыққа 22 АЕК,
600-ден 800 километрге дейінгі қашықтыққа 34 АЕК,
800-ден 1000 километрге дейінгі қашықтыққа 35 АЕК,
1000-нан 1500 километрге дейінгі қашықтыққа 58 АЕК,
1500-ден 2000 километрге дейінгі қашықтыққа 79 АЕК,
2000-нан 2500 километрге дейінгі қашықтыққа 93 АЕК

Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым

9 АЕК

      _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады